СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жапоннын "Кабуки" театры

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Театр туралы мағлұмат беру.Жапон халқынын "кабуки"театры туралы тусиник беру.

Просмотр содержимого документа
«Жапоннын "Кабуки" театры»

Пән: Музыка

Сынып:5а,ә,б

Күні:

Сағат саны: 1

Сабақтың тақырыбы: Жапонның «Кабуки» театры

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әр елдің өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, музыка мәдениетімен таныстыру, ерекшекліктерін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, музыкаға қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру, қандай ұлттың музыкасы болмасын, өзіндік түсінік қалыптастыруға үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: Әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Үнтаспа, бейнеролик

Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі:

2Үй жұмысын тексеру:

3Жаңа сабақ

Жапон театрының өнері жайлы сөз басталғанда жапондықтар Амэно-Удзумэ Құдай туралы ежелгі аңызды естеріне түсіреді. Ғасырлар бойы гүлденіп келе жатқан жапондық дәстүрлі театрдың қалыптасуын, осы Құдайдың есімімен байланыстырады. Аңызда Күн Құдайы Аматэрасу ағасы — Жел Құдайы Сусаномен ренжісіп калып, Әлемді Күн нұрынан айырып, аспан үңгіріне тығылып қалады. Кеңеске жиналған Құдайлар Аматэрасуды үңгірден қалай шығаруды білмей бастарын қатырып тұрғанда, өзінің көріксіз, жаман түрімен атақты Амэно-Удзумэ Құдайы үңгір алдында билей бастайды. Оның кисынсыз биін көрген Құдайлар қарқылдап күледі. Күлкіні естіген Аматэрасу қызығып, үңгірден шыға келгенде, жер беті кайта Күн нұрына бөленеді. Осы үңгір алдында билеген Амэно-Удзумэнің биімен Жапонияның ұлттық театрының дүниеге келуін байланыстырады. Географиялық жағдайына байланысты жапон мәдениеті, оның ішінде театр өнері көп жылдар бойы баскалардан оқшау жағдайда дамыды. Жапон театрының негізі ертедегі әдет-ғұрып пен діни мерекелерде қалана бастады. VII—VIII ғасырларда жапон театры біртіндеп Корея, Қытай және Үндістанның театр түрлеріне жақындай түсті. Олардың кейбіреулері жапон театр тарихынан гигаку (VII ғ.) дегеи атпен орын алды. Гигаку сауығы қарабайыр би пьесаларынан құралды. Оған қатысушылар маска киіп, ойын көрсетіп отырды. XI ғасырдан кейін гигакуді музыкалык театр өнерінің басқа түрлері ығыстырып шығара бастады. Оның кейбір элементтері бугаку мен сингакуге қосылды. Бугаку деп аталатын музыкалы би сауығын дін мен сарай зиялылары діни мерекелерде, мінәжат ету кезінде өткізілетін салтқа айналдырды.Сингаку XI ғасырда комедиялық пантомима, ән-би, акробатика, қуыршақ ойындары төрізді халық өнерінің түрлерін қамтитын сарагакуге ұласты.XII ғасырдың басында бугаку өнері қүлдырап, оның орнын әскери қауымға кең таралған энгаку мен сарагаку басты. Бугакудың кейбір элементтері Жапонияның классикалық музыкасы мен би өнерінің негізін құрады. Сарагаку сауығы діни мерекелер кезінде орындалып, көпшілік арасында кең таралды Сарагаку актерлері ойлап тапқан жаңа пьесалар "Но" деген атпен белгілі болды. Соның негізінде XIV ғасырда театрдың жаңа бір түрі — Но театры дүниеге келді. "Но" сөзі "шеберлік" дегенді білдіреді және бұл әбден театрдың атына сай келеді. Но спектакльдері музыкалық болып келеді, мәтіннің көп бөлігін солист және хор орындайды. Би мен музыкаға құрылған Но сауығын ерлер хоры, флейта мен барабан оркестрі сүйемелдеді Атақты теоретик, актер және драматургтер — Киецугу Каньами (1333—1384) мен Мотокие Дзэами (1363—1443) әскери адамдар мен ақсүйектерге арналған. Жетекші драматургі — Кабуки театрына да жазған Мондзаэмон Тикамацу (1653—1724). Кабуки театры XVII ғасырда пайда болып, XVIII ғасырда шырқау биікке көтерілді. Кабуки театрында музыка, би және драмалық элементтері біртұтас болып келді. Оның қалыптасқан дәстүрлері Жапонияның қазіргі театрында да сақталған. Кабуки театры Но театрының биін, кёгеннің көркем сөз өнерін және дзёруридің драмалық формалары мен музыкалық негізін пайдаланды. Бірақ мұнда оқиғаны жырау — гидаю емес, актерлер айтатын болған. Кабуки театрында қалыптасқан көркемдік әдістер канонға айналды.

Жаңа сабақты бекіту:

«Кабуки » қай елдің театры?

Қандай аңызға байланыстырылады?

Жапонның алғашқы театры.

«Кабуки» театры қай ғасырда дамыды?


Бағалау:

Үй тапсырмасы: