Оқу іс-әрекеті: Жапсыру
Білім беру саласы: Шығармашылық Сабақтың тақырыбы: Менің машиналарым. Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға геометриялық фигуралардың көмегімен аппликацияны орындауды үйрету; тік төртбұрыш, дөңгелек, сопақша фигураларды дұрыс қию дағдыларын жетілдіру; аппликациялық жұмысқа қажетті пішінді таңдай білу дағдыларын арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
тәрбиеші үшін: әртүрлі машиналардың суреті, ойыншық машиналар, дайын жұмыстың үлгісі, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қолорамал.
балалар үшін: түрлі түсті қағаздар, қатырмақағаз, қайшы, желім, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі неше айдан құралады?
Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
Бүгін аптаның қай күні? Бір аптада неше күн бар? Ал, балалар бүгін біз көліктер туралы әңгімелейміз. Ой қозғау: Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?


Алдар көсе бізге қонаққа келіпті.Алдар көсенің тапсырмасын орындайық.Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу. Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.
Балалар айтыңдаршы біздер алыс жерлерге баруымыз үшін нелерге мінеміз?
Тәрбиеші шынайы көліктерді балаларға таныстырады.
- Мынау жеңіл машиналар. Онымен адамдар алыс жақтарға, жақын жерлерге, жете алады.
- Мысалы: Жақын жер - больницаға, дүкенге, туысқандарының үйіне. Алыс қалаға, ауылға да бара алады.
- Жүк машиналар жүк тасиды
Тіпті алыс, машина жетпейтін жерге ұшақпен ұшып бара алады.
- Ауыр заттарды, жүктерді үлкен жүк машиналармен тасымалдайды? Балалар, машина бізді баратын жерімізге тез жеткізеді. Бірақ оның жағымсыз жері де бар, көшеде абай болмасақ, ол басып кетуі мүмкін. Балалар қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда көлік түрлері өте көп.
Көліктер әуе, су және жер көліктері болып үшке бөлінеді. Байдың тапсырмасы бар екен,соны орындайық.(Топтастыру)



Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ, зымыран жатады.



Су көліктеріне кеме, қайық, желкенді қайық жатады. Кемемен де жүк тасуға болады.


Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т. б жатады.



Кемпірдің тапсырмасы орындайық:
Дидактикалық ойын: «Не қайда жүреді?».

Логоритмикалық жаттығу:
«Машина: бип!, бип! - дейді,
Жолдан былай кет!- дейді»
Күшікті басуға, Болмайды машина.
1. Балаларға ойыншықтар туралы өлеңдер оқып беріп, балалардан қандай ойыншықтарды жақсы көретіндіктерін сұрап, әңгімеге тарту.
Тәрбиеші балаларға жапсыру жұмысы үшін үстел үстін қалай дайындау керектігін көрсетіп, түсіндіреді. Қатырма қағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қол орамал жұмыс орнында қайда тұру керектігін көрсетіп береді. Үстел үстін, киімді бүлдірмей таза және ұқыпты жұмыс істеу туралы әңгіме жүргізеді. Тәрбиеші қайшымен, желіммен жұмыс істеген кезде сақтау керек техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырады.
2. Бүгін біз сендермен бірге ойыншық машинаны жапсыру арқылы дайындаймыз. Машинаны геометриялық фигураларды қиып алып, оларды құрастырып жапсыру арқылы орындаймыз. Бізге қандай геометриялық фигуралар керек болады ? Машинаның құрылысын, түсін анықтап алғаннан кейін, тәрбиеші жұмыстың орындалу ретімен таныстырады
3. Өзіндік жұмыс: Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алу. Түрлі түсті қағаздан машинаның бөлшектерін контур сызығы бойымен қиып аламыз.Қара түсті қағаз жолағын қабаттап бүктеп, белгі бойынша 4 дөңгелегін қиып алу.Көгілдір түсті қағаз жолағын қабаттап бүктеп, белгі бойынша машинаның терезесін қиып алу.Негізгі бетке аппликацияның бөлшектерін дұрыстап орналастыру.Аппликацияның барлық бөлшектерін негізгі бетке ретімен жапсыру.Балаларға тапсырманы дұрыс орындауға көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отыру.
Қыздың тапсырмасын орындайық: Ойын: «Ұшты - ұшты».

Оқу іс-әрекетін қорыту: Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, балалар өздері кімнің машинасының жақсы жасалғанын, дұрыс жапсырылып орындалғанын атап айтады. Өздерінің жіберген кемшіліктерін өздері анықтайды.Өте жақсы жасалған машиналарға бесжұлдыз беру, мадақтау. Алдар көсемен қоштасу.

Сабақ аяқталды.Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!