СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жарақат алудан сақтану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сынып сағаты жарақат алудан сақтану туралы

Просмотр содержимого документа
«Жарақат алудан сақтану»

Қыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз: - Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз: - Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз. - Егер мұзды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз: - Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;  - Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз;  - Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады.  - Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз.  - Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз.  - Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз.  - Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.    ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!  Әсіресе арқамен құлау, шалқасынан  құлау ең қауіпті болып табылады, себебі, осы кезде мидың шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.                                          


Естеріңізде болсын: әдетте мұз сүңгілері су жиналған жерде пайда болады, сол себепті үйлердің фасадын айналып өту керек. Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар және мүмкіндігінше ғимараттардың қабырғаларына жақын жүрмеңіз. Егер тротуарда жүрген кезде жоғарыдан күмәнді дыбыстар шықса, жоғары қарап, не екенін тексерудің қажеті жоқ. Ол жылжыған қар немесе мұз кесегі болуы мүмкін. Ғимараттан алыс қашуға да болмайды. Қабырғаға тезірек сүйеніп, шатырдың шетін қалқа ретінде қолдану керек. Үнемі қоршалған жер телімдеріне мән беріп, қауіпті жерлерге кіруден бас тартыңыз.

Көктайғақ апаттарынан өз өзіңді қорғаудың ең бір дұрыс тәсілі көшелерде жол жүру ережесін сақтау болып табылады, соның ішінде: автобустың артынан айналып өту; балаларды өз жаныңнан жібермеу; бағдар шамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолдан өтпеу; жолдан өтер кезде ең алдымен солға, содан соң оңға қарау; жолдан өтуге дайындалып тұрған уақытта  жол шетінде тұрмау; автобус аялдамасында жүріп жатқан көлікке артыңмен бұрылмау; көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.


- Мұздың үстімен топтасып жүргенде, бір-біріңнен 5-6 метр алшақ жүрген жөн. Бірінші жаяу жүргенге бейімдеп, құтқаратын заттарды кигізіп,( мысалы құтқару кеудешесі) ең жеңіл адамды жіберу керек - Тыйым салынған жерлерден, су қоймаларындағы мұздан өтеуге болмайды. - Мұзды аяғыңызбен жармаңыз. - Мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақын келмеңіз. - Мұздың бөлек бөлігінде топталып тұрма. - Шанамен, шаңғымен тік жар жағадан жұқа мұзға қарай сырғанамаңыз.. Мұзда өзін-өзі ұстау қағидасы:

Тақырыбы: «Жарақат алудан сақтануға бола ма?»

Мақсаты: - қоршаған ортадағы қолайсыздықтан, жарақат қаупін туғызатын жағдайлардан сақтану, оларды болдырмау;

- балаларды қауіпті жағдайлар пайда болу кезінде олардан сақтанудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету.

Жарақаттану түріне қарай тұрмыстық, спорттық, көліктік жарақаттану деп бөлінеді.

Тұрмыстық жарақаттану жағдайлары мектеп жасына дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Қауіпті жағдайларды болдырмас үшін, сыртқы және ішкі өрттен сақтануға арналған баспалдақтар бала бойынан биік ағаш шарбақтармен қоршалуы тиіс. Ал балабақшадағы баспалдақ қанаттары үлкендердің бойынан төмен дайындалғаны дұрыс.

Топ бөлмелерінің есіктері әйнек болмауы керек, өйткені балалар қозғалыс кезінде әйнекті оңай сындырып, жарақат алуы мүмкін. Немесе, олар сынбайтын қалың әйнектен жасалауы керек. Жылыту батареяларын ағаш тіректермен қоршаған дұрыс. Кей жағадайларда балалар шкафтың, ілінетін сөрелердің, вазаның, шыны ыдыстың т.б. нәрселердің құлауы салдарынан жарақат алуы мүмкін. Жиһаздар құламайтындай мықты бекітілуі және оның үстінде тұрған заттар дұрыс орналастырулары тиіс. Аквариум, құстары бар торлар, ілулі кашподағы гүлдер, оларды баптап күтуге лайықты болу үшін, бала бойының деңгейінде орналасуы тиіс.

Тамақтану кезінде балаларды үстел басына дұрыс отырғызбау, олардың ыстық тамақтан күйіп қалуына әкеледі. Сондай-ақ тәрбиеші мен ата-аналар баланы пышақ пне шанышқаны дұрыс қолдана білуге үйретуі тиіс. Кезекші балаларға ыстық тамақ тасуға қатаң тиым салынады. Топқа ыстық тамақ әкелетін тәрбиешінің көмекшісі өте сақ болуы тиіс. Бала үнемі тәрбиешінің қатаң қарауында болуы керек. Ауылдық жерлерде топқа ыстық су әкелінетін жағдайларда қауіпсіздік қатаң сақталуы тиіс.

Осылармен қатар дәрі-дәрмектермен улану жағдайлары да кездеседі, баланы әдемі қораптар қызықтырады, дәріні кәмпит екен жеп қоюы мүмкін.

Балалар арам шөптермен уланып қалмас үшін, ойын алаңдарында улы жемістер өсетін бұталарды, арам шөпті жұлып отыру керек.



Еңбек сабақтарында балалар кесетін, өткір, сүйір заттарды қолданбаулары тиіс. Балалардың ұсақ заттарды (ілгек, шеге және т.б.) ауыздарына салмауын қадағалау керек. Еңбек сабағына қажетті ине, қайшыны арнайы металл қорапшада ұстау керек. Ойын алаңдарында үлкен адамдарға арналған құралдарды балаларға пайдалануға болмайды. Жапырақ өртеу сияқты қауіпті жұмыстарға балаларды араластыруға болмайды, өйткені бұл балалар денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Электр тогының соғуы салдарынан алынған жарақаттар тұрмыстық жарақаттануға жатады. Себепсіз электр заттарын пайдалануға болмайды. Тоққа қосу розеткалары балалардың бойынан биікте орналастырылуы тиіс.

Балабақшада жыртқыш құстарды, жануарларды ұстауға, тікенекті гүлдер мен өсімдіктерді өсіруге тиым салынады.

Спорттық жарақаттану көбінесе балабақшадағы ересек топтарда кездеседі. Бұндай жарақаттарға спорттық құралдардың тиісті деңгейде бекітілмеуі, сырғанақ еден, қауіпсіздік ережелерін сақтамау, шанамен сырғанау кезінде жолда бөгде заттардың болуы, бассейнде шомылу кезінде оның тереңдігін білмеу, күн астында ұзақ болу кезінде күн тиюден қорғайтын бас киімнің болмауы және т.б. жағдайлар себеп болады. Қолданылатын спорт құралдарының сапасы, тазалығы, санитариялық жағдайы да назардан тыс қалмауы керек.

Ең ауыр жағдайларға әкелетін жарақаттану – көліктік, жол жарақаттары, көшелердегі жазатайым оқиғалар. Баланы жастайынан жол қауіпсіздігін сақтау дағдыларына үйрету керек. Бұндағы басты мақсат – баланы өзін-өзі көшеде ұстау ережесіне үйрету.

Жарақаттанудың алдын алуды балабақшадан бастау крек: қажетті кітаптар оқу, бейнефильмдер көру, әңгімелесулер, арнайы сабақтар өткізу, тиісті ұйымдармен кездесулер ұйымдастыру жұмыстарын өткізген дұрыс.

Жолдан өту кезінде баланың қолынан ұстап өту керек. Бала көшеге шыққан кезде, оған жан-жағына қарауды, жолдан өту ережелерін сақтауды жиі ескерту, бағдаршам туралы білімін үнемі бекітіп отыру керек.

Серуендеу кезінде балалармен ең кемінде екі ересек адам бірге болуы тиіс. Біреуі саптың басында, екіншісі соңында жүреді. Серуенге шығар алдында «Көше қозғалысы ережесі» тақырыбына әңгіме өткізіледі.

Арнайы сабақтарда балалар жол ережесі белгілерімен, әуе және жер үсті көліктерінің түрлерімен танысады.

Төменде көрсетілген жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету:

Сызат жара немесе кесіп алу. Бұндай жағдайларда жарақаттанған жерді сабынды суға салынған мақталы тампонмен немесе таза дәкемен жуып тазалайды. Сондай-ақ жараны сутек тотығымен шайып таңып тастау керек.

Жәндіктер мен жануарлардан келген залалдар. Жәндіктер шағып немесе жануарлар тістеп алған жағдайда жедел жәрдем келгенше жарақаттанған жерді сабынды суға салынған мақталы тампонмен немесе таза дәкемен жуып тазалайды. Микробтар түспес үшін жараны тағы да сутек тотығымен тазалап, таңғышпен орап таңу керек.

Қан кету. Тамырлардан қан кеткен жағдайда, баланы тегіс орынға жатқызып, қолының немесе аяғының астына жастық қойып, жоғары көтеру қажет. Егер кесіп алғанда қан кеткен жағдайда, тек жарақаттың жан-жағын ғана сутек тотығына матырылған мақталы тампонмен сүрту керек, дәкеден бірнеше қабатты салфетка жасау және лейкопластырьмен бекіту қажет.

Қан көп кеткенде жарақаттанған жерді сәл көтеріп, таза дәкеден бірнеше қабатты салфетка жасап, қан тоқтағанша саусақпен қатты басып ұстау керек. Егер бұл шаралардан көмек болмаса және қан тоқтамаса, жара орнын резеңке бұраумен қатты таңып тастау керек.

Мұрыннан қан кеткенде алдымен баланы тыныштандырып, бірнеше минут орындыққа отырғызу қажет. Содан кейін басын бір жағына қарай бұрып, сәл көтеру керек. Мұрынға қол тигізуге болмайды. Бастың кез келген жеріне алдын ала сүлгіге оралған мұз басу керек.

Күйіп қалу. Егер күйік орны кішкентай болған жағдайда жарақат орнына вазелин немесе левомеколь майын жағу керек, ал ол үлкен және тері күлдіреген болса, күйікке арналған аэрольді шашып, левомеколь майы жағылған бірнеше қабатталған стерильденген дәкені күйік орнына қою керек. Жедел жәрдем келгенше күлдірген жараны ине немесе үшкір затпен тесуге болмайды. Ал күн сәулесінен күюден үнемі алдын ала сақтанып жүру керек. Ол үшін балаларға ақ түсті панамалар кигізу керек. Баланың денесіне крем немесе вазелин жаққан дұрыс. Балаға әлсін-әлсін қайнаған су беріп тұру керек.

Сіңір созылған жағдайда ауырған жерге мұз немесе суық су басып, дәкемен мықты етіп байлау керек, бұл ретте баланың тыныштығын сақтау керек.

Сүйектің сынуы. Сынған жерді қимылдамайтындай етіп таңып тастау керек, бұл ретте сынған жерді ғана емес, сонымен бірге оның айналасындағы дене бөліктерін де таңу керек.

Буынның шығуы. Шыққан буынды мүлдем қимылдатпай қолда бар құралдары: тақтайша, картон, және т.б. пайдалана отырып таңып тастау керек.

Бала бөгде заттарды жұтып қойған кезде, тамақты зат әрі қарай өтіп кетпес үшін, оған нан бермеген жөн. Тез арада жедел жәрдем шақыру керек.

Тамаққа қақалған кезде баланың басын төмен қаратып, арқасынан қағу керек.

Мұрынға, құлаққа бөгде зат тұрып қалған кезде, оны қозғамау керек. Зат мұрнына кетсе баланы қатты сіңбіту керек. Құлаққа кетсе сілкілеу керек.

Шашалған кезде баланы ішпен жатқызып басын 30 сантиметрге 10 секундқа жоғары көтеру немесе жасанды тыныс алдыру керек.

Уланған кезде баланы керуетке ішпен, басын төмен қаратып жатқызу және оны құстыруға тырысу керек. Егер ол мүмкін болмаса, сұқ саусақты ауызға салып құстыру керек.

Осындай жарақаттарға байланысты шұғыл жағдайларда ересектердің де өздерін дұрыс ұстағаны жөн. Үлкендердің мінез-құлқы балалар үшін үлгі екенін ұмытпаңыздар!