Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану пәні бойынша оқушының портфолиосы»
1-тапсырма
Адамдар қоршаған ортадағы құбылыстарды, өзгерістерді қалай таниды? Суреттерді пайдалана отырып түсіндіріңіз.

Зерттеу не үшін қажет?
2-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Бала қолын суға неліктен салды деп ойлайсыз?

Әр суреттегі судың температурасын сипаттаңыз.
Температураны білу не үшін қажет?
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Не көріп тұрсыз? Суреттерді сөздермен сәйкестендіріңіз.

2-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Күз мезгіліне тән белгілерді сипаттап айтыңыз.
1-тапсырма
Сыныптасыңыздың бойын әр түрлі заттармен өлшеңіз және нәтижесін түсіндіріңіз.
Ол үшін:
Бойды өлшейтін екі зат (мысалы: таяқша, қарындаш, дәптер т.б.) таңдап алыңыз.
Таңдап алған заттың біреуімен жұптағы оқушының бойын өлшеңіз.
Нәтижесін кестеге жазыңыз.
Жұптасыңыздың бойын екінші затпен тағы өлшеп көріңіз және нәтижесін кестеге жазыңыз.
Өлшеулердің нәтижесін салыстырыңыз. Не байқадыңыз?
Сыныптағы басқа оқушымен жұптасыңыз. Оған тәжірибені қалай жасағаныңыз туралы айтып беріңіз. Тәжірибе нәтижесінің әр түрлі болуы неге байланысты екенін түсіндіріңіз.
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Ағаштарды жасыл, бұталарды қызыл, шөптекті өсімдіктерді көк түсті қарындашпен қоршап сызыңыз.

1-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Өсімдіктің негізгі мүшелерін атаңыз. Өсімдіктің негізгі мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен жазып көрсетіңіз: тамыр – Т, сабақ –С, жапырақ –Ж, гүл –г, Жеміс –Ж.

2-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Мәдени өсімдіктерді тауып, бояңыз.

Тағы қандай мәдени өсімдіктерді білесіз? Бос орынға суретін салыңыз.
2-тапсырма
Суреттерді өсімдік түрлерінің атауларымен сәйкестендіріп сызыңыз.

1-тапсырма
Өсу үшін өсімдікке не қажет? Тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызыңыз.

СУ ЖАПЫРАҚ АУА ҚОРЕК ЖЫЛУ КӨЛЕҢКЕ ЖАРЫҚ ТОПЫРАҚ
2-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Қай өсімдіктердің қандай жағдайда өскенін анықтап, сәйкес сөздермен байланыстырып сызыңыз және түсіндіріңіз.

ЖАРЫҚ ЖЕРДЕ СУСЫЗ ЖЕРДЕ ҚАРАҢҒЫ ЖЕРДЕ
1-тапсырма
Бөлме өсімдіктерін қалай күту керек? Қандай құралдарды қолдануға болады? Суреттерге сүйеніп, өсімдіктерді күту туралы әңгімелеңіз.

Сурет бойынша әңгімелеңіз.
2-тапсырма
Суреттерді төменде берілген сөздермен сәйкестендіріп сызыңыз. Өсімдіктерге күтім жасау туралы әңгімелеңіз.

1-тапсырма
Кесте бойынша өсімдіктер мен жануарлардың көбею жолын салыстыра әңгімелеңіз.
Ұқсастығы | Айырмашылығы |
өсімдік | жануар | өсімдік | жануар |
Көбейеді |  |  |
Қоректенеді | ? | ? |
Өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуін салыстырып айтыңыз.
2-тапсырма
Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігінде қандай ұқсастық бар? Төменде берілген сөздердің арасынан олардың ұқсастығын білдіретін сөздерді тауып, ортадағы шеңберге сызықпен қосып жинақтаңыз.


1-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Олардың қайсысы өз бетінше тіршілік етеді?
Қайсысына адамдар қамқорлық жасайды?
Сөйлемдерді толықтырып айтыңыз / жазыңыз.

Бұлар – _________________ жануарлар. Бұлар – ______ жануарлары.
2-тапсырма
Жануарлардың суреттерін қиып алып, тиісті бағанға желімдеңіз.

Жабайы жануарлар | Үй жануарлары |
| |
3-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Әр қатардағы жануарлар тобын атаңыз. Бос орынға сол топқа жататын жануардың суретін салыңыз.

1-тапсырма
Жыл мезгілінің ауысуына байланысты суреттегі жануарлардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады? Суреттерді сөздермен сәйкестендіріңіз және әңгімелеңіз.

2-тапсырма
Дұрыс жауаптың астындағы торкөзге () белгіcін қойыңыз.
Қыста ұйқыға кететін жануар:

Күзде терісінің түсін өзгертеді:

Ол қысқа қорек жинайды:

1-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз.

Суретте қандай табиғат құбылыстары бейнеленген?
Балалар не істеп жүр? Неліктен?
Жазғы жаңбырды, кемпірқосақты бақылап көргеніңіз бар ма? Жұпта әңгімелеңіз.