Ортаңғы «Айгөлек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: Таным
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып:Нан қайдан шығады?
Тақырыбы: Нан біздің байлығымыз!
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: нанды қастерлеуге тәрбиелеу,ересек адамдардың еңбегіңн қастерлеуге тәрбиелеу;
2.Дамытушылық: Нанның өсірілу процесі туралы түсініктерін дамыту;
3.Оқыту: Нан дастарханға қалай келетінін, оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін үйрету;
Педагогикалық технологиялар:
Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер
Билингвалдық компонент: нан-хлеб, диірмен-мельница,астық-зерно
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Біздің күнделікті дастарханымыздағы жейтін нанымыздың дастарханға қандай еңбекпен келетіндігімен танысамыз. Нан көп еңбек ету арқылы, көп тер төгу арқылы келеді. Нанды бір күн жемей шыдап отыру қиын. Нансыз өмір жоқ деуге болады. Нан- болса ән болады.
Жұмбақ
Ұзын мұрты сарылар
Мойнын да наны бар Бидай
Асты-тас, үсті-тас
Ортасында піскен ас Таба нан
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Көктемде Дихан егінді егеді. Ол үшін бірінші трактормен қара жерді жыртады, тырмалайды. Содан соң дән себіледі. Дәннің жақсы өсіп жетілуіне ауа-райының ықпалы маңызды. Көктемде жаңбыр көп жауып, жазда күн ыстық болса, күзде бидай тоқ болады. Дихан жаз бойы осы тұқымнан шыққан бидайды баптап, қараумен айналысады. Ол кісінің еңбегі зор. Күзде піскен бидайды комбайнмен жинайды. Комбайнның алдында үлкен орағы бар машина. Комбайн бидайды орған кезде дәнді бір бөлек шығарады, масағы бір бөлек шығып, сабандарды шомалай-шомалай етіп үйіп кете береді.
Дәнді арнайы жүк машиналарға тиеп жібереді. Жүк машиналары дәнді диірменге апарады. Диірменде бидайды елеп, суырып, кептіріп, ұн тартады. Ұн тартқанда аппақ суша ағып қаптарға қаптала береді. Қапталған ұндарды наубайханаларға апарып, наубайханашылар ұннан нан пісіреді. Нанды, бірінші қамырдан ашыту арқылы әр түрлі қалыптарға салып, ыстық пеште пісіреді.
Дайын болған нанды асханалар мен дүкендерге апарады. Ыстық нан, ұн дүкендерге түседі. Дүкеннен нанды, ұнды сатып аламыз. Аналарымыз ұннан бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш т.б. пісіреді.
Осылай нан дастарханға келді. Дастарханның сәнін келтіреді, қарнымызды тойдырады. Біздерге күш-қуат береді.
2.Сөздік жұмыс
Наубайхана— нан пісіретін, нан жабытын орын
Наубайшы-наубайханада нан пісіретін адам
Диірмен-дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын орын.
Комбайн-әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина.
Нан туралы балалардың тақпақтары
2.Сұрақ- жауап
Нан қайдан шығады?
Жүк машиналары дәнді қайда апарады?
Дайын болған нанды қайда апарады?
3.Сергіту сәті:
Нан қоқымын шашпандар
Жерде жатса баспандар.
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.
4.Тақпақ
«Нан-байлық, нан-береке» деп халқымыз бекер айтпаған. Міне, көрдіңдерме? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарханға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.
Нан туралы өлең шумағын оқып беру.
Нанда өмірдің иісі менен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар
Нан өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
-Біз бүгін не жайлы әңгімелестік?
-Көңіл күйлерін қандай?
Балалардың жауабын бағалау
Мақтап-мадақтау.