СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаратылыстану сабақ жоспарлары

Нажмите, чтобы узнать подробности

тәрбиешілерге пайдалы мектепалды даярлық топтарға арналған сабақ жоспарлары

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану сабақ жоспарлары»

Мектепалды даярлық сыныптарға ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 23.02.2018

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: Таным

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: Ғажайыптар әлемінде

Тақырыбы: . Қозғалыс және күш деген не?

Мақсаттары: Қозғал-малы және қозғалыссыз дене-лерді ажырату

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезені: ҰОҚ барысында қолайлы жағдай туғызу. Қозғалыс пен күш бейнеленген суреттер ұсыну.

2 негізгі бөлімі:

Ұ) Балалар берілген су-рет бойынша ҰОҚ-ның тақырыбын болжамдап ай-

тады. ҰОҚ-ның соңында қан-дай мақсатқа жететіндіктерін анықтайды.


(Ұ) «Көліктер» мультфильмі-нен үзінді көруді және «Кім күшті» әңгімесін ұсыну.

Тәжірибе жасау:

1-тәжірибе: «Қозғалмалы және қозғалыссыз денелерді салыстыру». Қозғалмалы дене ретінде көлік пен ғи-маратты салыстыру. Көлікті адам басқарғанда оның орын ауыстыратынын анықтайды.

Ал ғимарат қозғалмайтыны ту-ралы тұжырым жасайды.



Практикалық жұмыс: «Қозғалуға көмектесетін дене мүшелерін көрсет». «Сәй-кестендір» дидактикалық ойыны арқылы қозғалыс мү-шелері көрсетіледі.

Адамға – аяқтары, құстарға – қанаттары, балықтарға – жүзу қанаттары.

Әліппе-дәптермен жұмыс. Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен сұрақтар құрастыруға тапсыр-ма беру.


(Ұ) Сергіту сәті.

Қозғалысты және күшті қалай басқаратынын анықтау.


(Ө) Рефлексивтік бағалау.








Мектепалды даярлық сыныптарға ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 06.04.2018

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: Таным

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: Ғажайыптар әлемінде

Тақырыбы: Электр тогы не үшін керек?

Мақсаттары: Электр тогының табиғи көздерін атау.

Дағдыларды қалыптастыру:

Электр тогы деген не, оны неге көре алмайтынымыз туралы ой толғау, талдау; жасаған тәжірибелер бойынша қорытынды шығару; сөздік қорын толықтыру, жандандыру.

Көптілділік:

құрылғы – устройство – device

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Электр тогы, электр қуаты, электрик, қауіп, қауіпсіздік техникасы. талдауға арналған сұрақтар:

– Электр тогы деген не?

– Электр тогын көру мүмкін бе?

– Электр қуаты өмірімізде қалай көмектеседі?

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері

Қол алысып, кәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру!

2 негізгі бөлімі:

(Ұ) Педагог балаларға пазл құрастыртып, құрастырған пазлдағы суреттерді ататады.

(Тоңазытқыш, үтік, теледидар, ұялы телефон т.б.)

– Бұл күнделікті өмірде тұтынатын заттарды не деп атаймыз? – Мәселе сұрақ:

Электр тогы дегеніміз не?

Электр тогы қалай пайда болады? Жұмбақ шешу ұсынылады:

«Аяқсыз жүреді, отсыз жанады» (Электр тогы).

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс (1-тапсырма)

сұрақ: Электр тогын күнделікті өмірде не үшін пайдаланатыны туралы сурет бойынша әңгімелеу

(Пт) Педагогтің түсіндірмесі.

Электр тогын ерте замандарда ғалымдар зерттей бастады. Олар электр тогын құбылыс деп есептеді. Екі сымды бір-бірімен біріктіріп, кейін араларын бірнеше миллиметрге ажыратса, өткізгіштердің шеттерінде жарық сәуле пайда болады. Ал екі сымның орнына ұштары ұшталған көмір өзекше қолданылса, жарықтану одан әрі жарық, әдемі болып шығады. Өткізгіштегі ток жоғары болса, сәулелену соғұрлым жарық бо-лады. Электр тогының пайдасы мен қолданылу аясы өте үлкен.

(Ұ) Дидактикалық ойын.

Педагог тақтаға үй тұрмысына қажетті құралдың суретін іледі, балалар құралдардың атын атап, не үшін қолданатынын айтады.

Үтікпен киім үтіктейді.

Шаңсорғышпен шаң-тозаңды тазалайды. Тоңазытқыш азық-түлікті салқын етіп сақтайды. Қысқа толқынды пеште тамақ ысытады. Шәйнекте су қайнатады т.с.с.

Қорытынды: Электр құралдарының көмегімен адамдардың өмірі жеңілденеді, уақыт үнемдейді.