СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жарықтың шағылу заңы,жарықтың сыну заңы"

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жарық құбылыстырының жаңа қасиеттерімен танысу.Сыну заңы мен шағылу заңы тақырыбын түсіндіру.

Просмотр содержимого документа
«"Жарықтың шағылу заңы,жарықтың сыну заңы"»


Сабақтың тақырыбы: Жарықтың шағылу заңы,жарықтың сыну заңы

Сабақтың мақсаты: білімділік: Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу,сыну заңы мен шағылу заңы тақырыбын түсіндіру, сызбаларын үйрету, 

тәрбиелік: Білім алушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа баулу, тәрбиелеу. 

дамытушылық:Білім алушылардың ой-өрісін дамытуға,өз бетімен ізденуге машықтандыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, шыны ыдыс,карандаш.су.

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі,сұрақ-жауап,СТО технологиясының әдісі

Әдебиеттер:К. Кронгарт, В.Кем , Н.Қойшыбаев ,Физика -11кл,Физика есептер жинағы А.П Рымкевич

Пәнаралық байланыс: математика,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру:

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІП.Жаңа сабақты түсіндіру ІV.Бекіту V.Қорытынды VІ.Үйге тапсырма

VІІ. Бағалау І.Ұйымдастыру:Білім алушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару.

І І.Үй тапсырмасын сұрау

(ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді)

  1. Жарық дегеніміз не?

  2. Жарық көздері нешеге бөлінеді?

  3. Дербес жарық көздері түрлерін атаңыз

  4. Жарық сәулесі дегеніміз не?

  5. Көлеңке дегеніміз не?

  6. Адамның тіршілігі мен іс-әрекетінде жарықтың рөлі қандай?

(Сабақ барысында белсене араласқан білімалушыларды тақырыбымызға байланысты алынған жарық символдары бейнеленген стикерлері арқылы бағалау.)


ІП. Жаңа сабақты түсіндіру

Жоспары:

  1. Жарықтың шағылуы

  2. Жарықтың сынуы

Жарықтың шағылуы
Жарық – қуаттың бір түрі. Осының арқасында тірі жаратылыстардың барлығы, оның ішінде адам баласы да айналасындағы әлемді көре алады. Жарықтың өзі көзге көрінбейді,алайда өзі басқа заттардың барлығына көруіне себепші болады.

Жарық көздері – жарық шығаратын денелер.

Жарықтың шағылу және сыну заңдарын алғаш рет Христиан Гюйгенс ұсынған. Оның принципі бойынша екі ортаның шекара бетінен шағылған сәуленің бағынатын заңын қорытып шығарған.



Видео: Жарықтың шағылуы

Шағылу – толқынның екі түрлі орта арасындағы шекарада бағытын өзгертіп,алғашқы ортасына қайтып келуі.
Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.
α – түсу бұрышы, β – шағылу бұрышы.
∠α= ∠β

 Шағылу заңдары:
- түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
- шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.

Жарықтың шағылуы 2-ге бөлінеді: айналық және диффузиялық

Айналық шағылу деп егер жарық мұқият тегістелген немесе айналық бетке түссе,одан шағылған жарық шоғы параллель шоқ түрінде шашырайтынын айтамыз.

Диффузиялық шағылу деп егер жарық кедір бұдыр бетке түссе,одан шағылған жарық шашырайтынын айтамыз.
• Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.
• Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, одан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу болады.
• Егер бет кедір - бұдыр болса, онда одан шағылғанда жарық шашырайды. Мұндай шағылуды шашыранды немесе диффузиялық шағылу деп атайды.


Сыну заңы.(Сыну құбылысы қалай болатынын мына эксперимент жасап көрейік.Егер стаканға су құйып, оған қарындаш салып, бүйіріне қарасақ, бір бөлігі әрірек жылжып кететін сияқты. Сұрақ, бұл неліктен олай болады?)
Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде таралу бағытының өзгеруі жарықтың сынуы деп атайды. Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде оның жылдамдығына байланысты: с װ γα – түсу бұрышы γ – сыну бұрышы
Екі ортаның шекарасына түскен жарықтың біраз бөлігі шағылады, ал біраз бөлігі сына отырып, екінші ортаға өтеді. Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты сыну бұрышы деп атайды.

Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.



- түсу бұрышы -сыну көрсеткіші

Сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек шекаралық ортаның оптикалық қасиеттерімен анықталады.

Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде сәулелердің сыну себебі әр түрлі ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы түрліше болатындығынан. Берілген екі дене үшін сыну көрсеткіші

c-жарықтың ауадағы жылдамдығы, - жарықтың ортадағы жылдамдығы

ІV. Бекіту

1-тапсырма

Шағылған сәулені салып үйренейік:

1)Суретте көрсетілген жағдай үшін шағылған сәулені сызып көрсет.





2)Сәуле горизонтқа бұрышпен түссе,шағылу бұрышын есептеп көрсет.

3)Екі а йна тік бұрыш жасап орналасқан.Айналардың біріне түскен сәуленің жолын сызып көрсет













2-тапсырма

Физикалық диктант

  1. Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық ... деп аталады. (жарық сәулесі)

  2. Шағылған сәуле мен түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш ... деп аталады (шағылу бұрышы)

  3. Шағылу заңы бойынша ... тең.(түсу бұрышы шағылу бұрышына тең.)

  4. Егер түсу бұрышы болса,шағылу бұрышы ... тең. ()

  5. Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде таралу бағытының өзгеруі ... деп атайды.( жарықтың сынуы)

3-тапсырма

Есептер шығару

1-есеп.

Егер сыну бұрышы болатын болса,жарық сәулесі су бетіне қандай бұрышпен келіп түскен.

2-есеп

Сыну көрсеткіші 1,54 болатын,кварцтегі жарық жылдамдығын табыңдар.

3-есеп

Жарық ауадан шыныға түскенде түсу бұрышы -қа тең және сыну бұрышы тең болса,шыныдағы жарық жылдамдығын табыңдар.


Венн диаграмма

Жарықтың

шағылу заңы Жарықтың сыну заңы













Топтастыру



Жарық

табиғатыы
















Логикалық сұрақтар

(Сергіту сәті)

«Ойлы оза біледі»

  1. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)

  2. Алтын теңге кетеді,
    Күміс теңге келеді?
    (Күн мен ай, табиғи жарық

  3. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)

  1. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн)

  1. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (қүс жолымен)

Деңгейлік тапсырмалар

(карточкамен)

1-деңгей

2-деңгей

  1. Су бетіне бұрышпен жарық сәулесі келіп түседі.Сыну бұрышын табыңдар

  2. Түскен сәуле мен шағылған сәулені неше градуста шағылғаннын есепте






V.Қорытынды

Тест (easyQuizzy)

1. Жарық көздері нешеге бөлінеді?

А)дербес және шағылған жарық көздері

Б)шағылу және сыну

С)жылулық және плазмалық

Д)люминесценциялық және плазмалық

Е)жарық сәулесі және көлеңке

2.Шағылу бұрышы дегеніміз не?

А)Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық

Б)Шағылған сәуле мен түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш

С)Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде таралу бағытының өзгеруі

Д)жарық шығаратын денелер.

Е)толқынның екі түрлі орта арасындағы шекарада бағытын өзгертіп,алғашқы ортасына қайтып келуі

3.Айналық бет деп

А) жарық шығаратын денелер

Б) Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық

С)түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады

Д)түсу бұрышына тәуелді емес және тек шекаралық ортаның оптикалық қасиеттерімен анықталады.

Е)Шағылған сәуле мен түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш

4.Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде таралу бағытының өзгеруі

А)Жарықтың шағылуы

Б)жарық сәулесі

С)жарықтың сынуы

Д)көлеңке

Е)жарық табиғаты

5. әрпі ненің шартты белгісі:

А)түсу бұрышы

Б)жарықтың ортадағы жылдамдығы

С)жарықтың ауадағы жылдамдығы

Д)сыну көрсеткіші

Е)сыну бұрышы

6.Жарықтың шағылуы 2-ге бөлінеді:

А)жарық сәулесі және көлеңке

Б)диффузиялық және айналық

С)люминесценциялық және плазмалық

Д)шағылу және сыну

Е)диффузиялық және жылулық

VІ. Үйге тапсырма

а)Жарықтың шағылу және сыну заңы тақырыбын оқу

ә)есеп. Су бетіне , бұрышпен жарық сәулесі келіп түседі.Сыну бұрыштарын есептеп табыңдар


VІІ Бағалау Сабаққа белсене араласқан білім алушыларды тақырыбымызға байланысты алынған жарықтың символдары бейнеленген стикерімен бағаланады, 5 –тен жоғары жинаған студентті «5» деген бағамен, 3-4 жинағанды «4» деген бағамен,2-1 стикер жинаған студентті «3» деген бағамен бағалаймын.














Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!