СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«жас маман мінбері – келешек кемелі»

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетім

Просмотр содержимого документа
««жас маман мінбері – келешек кемелі»»

«ЖАС МАМАН МІНБЕРІ – КЕЛЕШЕК КЕМЕЛІ»

Назарова Шынар Талғатқызы

Атырау энергетика және құрылыс колледжінің билогия және химия пәні оқытушысы


«Егер мұғалім он бойына, өз ісіне,

шәкіртіне деген сүйіспеншілікті

жинақтаса, ол – нағыз ұстаз»
(Л.Толстой)
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деген еді. Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік–экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан-жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет[1].
Білім сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы. Қазіргі кезде нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдармалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуынан, баланың әрекетін ұйымдастыра алатын шеберлігінен іздеу керек. Қазіргі заманда әлемдік оқу үрдісінің өзегі инновациялық технологиялар екені мәлім. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқытудың модульдік, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлі саралап оқыту және т.б. технологиялардың стратегияларын мұғалім өз шығармашылығы, ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне орай іріктеп қолдануды талап етеді. Ақпараттық, оқытудың инновациялық технологиялары арқылы барлық балалар мен жастарға бірдей білім беруге және ол әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндіктерін береді.
Білім беру сапасының критерийлері: 1. мұғалімнің кәсіби шеберлігі; 2. мұғалімнің білімділігі; 3. мұғалімнің тәжірбиесі; 4. мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі; 5. білім беру сапалылығы; 6. еңбектің тиімділігі; 7. әдістемелік жұмыстағы шеберлігі
Жас маманның кәсіби шеберлігі – бұл оның кәсіби және жекелік сапаларының жоғары деңгейін көрсететін жалпылама сипаттама.
Оның құрамына:
- мұғалімнің мәдениет адамының өкілі ретіндегі жоғарғы жеке сапалары;
- кәсіби-педагогикалық құзырлылығы;
- педагогикалық ықпал етудің және қазіргі оқытудың технологияларын білуі;
- өзін-өзі шығармашылықпен дамыта, іске қоса алуы;
Яғни болашақ мұғалім:
- ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық процестегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеу.
- оқушылардың негізгі құзырлылығын қалыптастыруға дайындығы: құндылық-бағдар, жалпы мәдениет,оқу-танымдық, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық,.
- білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру
XXI ғасыр – бәсеке ғасыры, олай болса, ендігі кезек бізде, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеу біздің міндетіміз.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы - ұстаз тұрады. «Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да, бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері, этикасы жоғары мұғалім қажет[3].

Сонымен біз өзгеріп қана қоймай, жеке тұлғаны дамыту жолында заман талабына сай жаңашыл болуды талап етеді. Себебі, қазіргі уақыттағы ұстаздар қауымы әлемде болып жатқан қарқынды өзгеріске дайын болуы керек. Ұстаздар қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрғандығын естен шығармауымыз қажет. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім –мектептің жүрегі» - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі мектептердің алдындағы үлкен міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі басты шарт екендігі белгілі. Сонымен қатар жаһандану заманында білім саласының жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуді, өзінің өткен жұмысына талдау жасай отырып, болашаққа болжам жасауын талап етіп отыр. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» дегендей мұғалімдерден көп ізденісті, өз жұмысына рефлексиялық талдау жасай алатын, кәсіби шеберлігі шыңдалған құзырлы мұғалім ғана оқытуда нәтижеге жете алады[7]. 

Өзара сабаққа қатынасу, тәжірибе алмасу – мұғалімнің кәсіби өсуінің факторларының бірі. Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр.
Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс — тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру — заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Мұғалім білімін, қабілетін, сенімін, ішкі мүмкіншіліктерін интеллектуалдық, психологиялық сапасын үнемі толықтырылып, жаңартылып отыру керек. Мұғалімнің кәсіби біліктілігін артыру мақсатында өз білімін көтеру жоспарын құрады.

Өз білімін көтеру жоспары: Күнделікті баспасөз, теледидар; Білім заңы, Мемлекеттік стандарты; «Қазақстан-2030» бағдарламасы; Қазақстан заңдарын оқып үйрену; Әдістемелік кабинетпен байланыс; Пәндер басылымдар; Жаңа технология: үйрену және қолдану; Педагогикалық ізденістер.

Өзара тәжірибе алмасу: Озық пед.тәжірибелерді оқып үйрену; Психологиялық ізденістер; Психологиялық зерттеулер; Психологиялық басылымдар; Мәдени орындарға бару; Мәдени және рухани басылымдар; Білім көтеру курстары; Семинар, конференциялар[6].

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, тарихтың да, ұлттың да, мәдениеттің де, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арт­тыру саясатын тікелей жүзеге асыру­шы. Ол – мемлекетімізді құрмет­теу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады. Сондықтан да мұғалім­нің оқу-әдістемелік, әлеуметтік-ма­териалдық жағдайын жақсарту жолымен оның беделін мүмкіндігінше арттырып отыру мемлекетіміздің білім беру саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі болуға тиіс деп ойлаймын.
Абай айтқандай, «адамшылықтың алды – махаббат, ғаділет пен сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ». Мұғалімдердің балаларға деген сүйіспеншілігі, қоғамға деген жауапкершілік сезімі өрлей бермесе, кемімейді. Осынау азаматтық, парасаттық, адамгершілік, ұждан қала мектептері мұғалімдерін табыстан табысқа жетелеп келеді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – қандай қиындық болса да, мұғалімдер азаматтық ұжданын сақтайды. Егер азаматтық ұжданды, Шәкәрім айтқандай түсінсек, әр адамда: «Нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып айтқанда, ұждан бар». Қазіргі білім ордаларын сақтап тұрған – осы нысап, әділет, мейірім. Мұғалімдеріміздің бойындағы осы ұжданды бекіте түссек, олар еліміз межелеп отырған қандай міндеттерге болса да жас ұрпақты дайындау ісінде аянбай еңбек ететініне кәміл сенеміз[4].

Жас мамандардың алдына қойған мақсаты шәкірттердің оқуға деген ынтасын

арттырып, білімді, ізденімпаз, талапты азамат етіп тәрбиелеу. Сондай – ақ ұстаз деген ұлы есімге лайық болу. Ұстанатын қағидасы: терең судың пайдасы мен қатар залалы да бар. Одан сақтану үшін шәкірттерді еркін жүзе білуге үйрету. Жас мамандар жоғарыдағы эпигрофты әркез естен шығармай, жақсы шәкірті бар, саналы азамат тәрбиелеуде ерінбей еңбек етуге лайықты жалынды жастар.
Мектепке келген жас мамандар алдымен мектеппен, ұжыммен танысады. Тәлімгер – жетекшілер тағайындалып, жылдық жоспар бойынша жұмыс жасайды. Жас маманның өзінің және тәлімгер – жетекшісінің жоспары жасақталады. Мұғалім портфолиосын жасауға, күнтізбелік және сабақ жоспарын және өзіндік білім көтеру жоспарларын жасауға жетекшілер бағыт береді. Іс – қағаздар, журнал толтыруға әдістемелік және жетекшілік көмек берілуі керек. Мемлекеттік бағдарламалардың ережелерімен танысып, модификацияланған кабинеттерде жұмыс жасау, электронды журнал, электронды оқулықпен жұмыс жүргізу туралы мектеп әдіскері таныстырып отырғаны абзал. Сонымен бірге, жас мамандарды сабақтарға сараптама жасап үйретіп отыру қажет. Тоқсан сайын сауалнамалар жүргізіп, қиындық келтіріп жүрген мәселелері бойынша өзара пікірлесіп, шешімін табу көзделсе тіпті жақсы. Жас мамандармен өтетін отырыстарда баяндамалар жасатып, заман талабына сай оқытудың қандай тиімді тәсілдерін қолдану керектігін үйретіп отырған жөн.

Жастарды ақпараттандыру технологиясына сай бейімдеп, интерактивті тақтаны пайдалануды іске асыруды қолға алғанда, жас мамандар оқытудың жаңа технологияларына бетбұрыс жасайды. Технологияларды қолданғанда оқушылардың жас ерекшеліктерін, сынып деңгейін анықтап алғаны дұрыс екендігін айтқанның артықшылығы жоқ[5].
Бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға болуына мектеп ұжымының да ықпалы зор. Сондықтан, жас мамандарды тәрбиелеп, жақсы ұстаз деңгейіне дейін көтеруге жұмыстанайық.

«Адам өзін - өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс.сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»- деп көрсетілген Қазақстан Республикасы білімді дамыту тұжырымдамасында. Мен ұстаз ретінде әр баланы болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметімде басшылыққа аламын. Қазіргі жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетім[2].

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Игошев Б.М. Системно-интегративная организация подготовки профессионально мобильных педагогов: Дисс.д-ра пед. наук - М., 2008.-394 с

2. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

3. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудағы білім деңгейін көтеру іскерлікті арттыру жоспары. Досымова М.Н

4.Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. //Білім әлемі. Алматы., 2004 ж.  №6.

5. Пригожин А.И. Нововведения: стимулы и препятствия. Социальные проблемы инноватики.- М., 1989.-с. 192

6. Шишов С.Е. Понятия компетенции в контексте проблемы качества образования. «Государства и образования, 2002 г»

7. zkoipk.kz