СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жас маман-жас педагог

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ел болашағына бағытталған  «Адами капитал – жаңғыру негізі» аталатын  құжаттың жетінші  бағытында  білім беру ісін жаңа сапаға көтеріп, бүгінгі қоғамның талаптарына сай жан-жақты , білікті мамандар тәрбиелеу қажеттігіне  ерекше  мән берілген. Мен мұғалім, ұстаз болғаныма қуанамын. Мұғалімнің тілі бал, жүрегі таза, еңбегі адал. Баланың қиялына қанат бітіретін, ойын өрістететін, шабытын шарықтататын, аңсаған арманын жақындататын жанның бірі. Мамандықтың жаманы жоқ, дегенмен, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін мұғалімнің орны бөлек. Мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал, жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәрбиесіне байланысты. Ұстаз-мектептің жүрегі.

Просмотр содержимого документа
«Жас маман-жас педагог»

Менің педагог мамандығын таңдай отырып түйген ойларым, педагогикалық сенімім мынада – басқаға жақсылық жасау іштей жақсылық жасау, өзіңді қайта құру, үлкен күштерді шығындау. Әр адамда өзінің рухани шыңына көтерілу жолы, өзінің самғауы, өзінің шынығу сәті болу керек. Әрбір адамды осыған әкелу – міне тәрбие маңызы осында.

Өмірдің мәні – өмірдің өзінде, оны дұрыс түсінуде, дұрыс ұйымдастыруда, қоғамдық мақсат пен жеке мақсаттардың сәйкестігінде, Отан, мектеп, жақындары, ата-ана алдындағы нақты міндеттерді орындау, жеке бас бақыты, тұрмыс қуанышы.

Білім ордасы – жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, халықтың биік рухы мен ғасырлар бойы жинақталған мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізетін орын. Жақсы мұғалімге тән қасиеттердің негізгісі – балаларға деген сүйіспеншілік сезімінің болуы. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз тәлім-тәрбие берудің негізгі ұйытқысы. Жағдай мәжбүрлегенде ғана емес, баланың дәл осы сәттегі және алдыңғы мінезіндегі өзгерістерді көре отырып, жағдайдан озып отыру керек. Яғни, педагогикалық үрдіс балардың дамуынан алда және оптимистік болуы керек. Мұғалімнің өзінің шабыт көзі болуы қажет. Олар: балалар, әріптестеріміз, ізденіс.

Мұғалімдер қатарын толықтырып отыратын мен секілді жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстінде болып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізсе шығар асуымыз алыс емес. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Сондықтан әрбір мұғалім бұл жауапкершілікті сезінсе, біздің мемлекетіміздің қорғаны нығая түспек.