СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жас мамандарға арналған «Тап бүгін» атты тренингі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас мамандарға арналған «Тап бүгін» атты тренингі

 

Мақсаты:

1. Тәрбиешінің әртүрлі жағдайда педагогикалық шеберлікті дұрыс пайдалана білуін дамыту;

2. Тәрбиешінің кәсіптік деңгейін байқау және дамту;

3. Тәрбиешінің кәсіптік- педагогикалық ерекшіліктерін және эмоция жағдайларын дұрыс пайдалана білуге жаттықтыру;

 

Қажетті материалдар: кестелер, үлестірмелі қағаздар, доп, тест сұрақтары.

 

Өткізіліу әдісі: тренинг, тест әдістемесі, жаттығу.

 

Тренингті жүргізу барысы:

 

І. Ұйымдастыру  (жүргізілетін орынды дайындау, тренингтің өтілу барысын түсіндіру)

 

ІІ. Танысу тренингі:

1. Қатысушылар бір-біріне доп лақтырып аттарын атының бірінші әрпі басталатын сын емісді қолданады.

2. Қатсушылар бір-біріне допты лақтырып, бр-бірінен бүгінгі көңіл-күйлерін сұрайды.

 

ІІІ. Вербалды қарым-қатынасқа түсуге байланысты

Просмотр содержимого документа
«Жас мамандарға арналған «Тап бүгін» атты тренингі»


Жас мамандарға арналған «Жеке тұлға және маман» атты тренингі


Мақсаты :

  1. Тәрбиешінің әртүрлі жағдайда педагогикалық шеберлікті дұрыс пайдалана білуін дамыту.

  2. Тәрбиешінің кәсіптік деңгейін байқау және дамыту.

  3. Тәрбиешінің кәсіптік –педагогикалық ерекшеліктерін және эмоция жағдайларын дұрыс пайдалана білуіне жаттықтыру.

Қажетті материалдар мен көрнекіліктер: кестелер, үлестірмелі қағаздар, доп, тест сұрақтары.


Өткізілу әдісі: тренинг, тест әдістемесі, жаттығу.


Тренингті жүргізу барысы:


І. Ұйымдастыру. (жүргізілетін орынды дайындау, тренингтің өтілу барысын түсіндіру).


ІІ. «Танысу» тренингі.


  1. Қатысушылар бір –біріне доп лақтырып аттарын сұрасады, содан кейін, өзін табиғат құбылысымен теңейді.Мысалы: Менің атым ......., мен көктем сияқты шуақтымын.

  2. Қатысушылар бір –біріне кезек доп лақтырып, бір –бірінен бүгінгі көңіл –күйлерін сұрасады.


ІІІ. Вербалды қарым қатынасқа түсуге байланысты эмоциялық жаттығу.

«Сәлемдесу»


Қатысушыларға оқушылармен сәлемдесудің 10 түрлі эмоциямен айтылу ұсынылады.

Қатысушыларға карточка таратылады.

Карточкалардағы сөздер:

  1. қорқынышпен

  2. шын көңілмен

  3. қуанышпен

  4. қанағаттанбай сәлемдесу

  5. беделді сәлемдесу

  6. таңғалып сәлемдесу

  7. кінәлап сәлемдесу

  8. селқос сәлемдесу

  9. келемехдеп немесе әзілдеп сәлемдесу

  10. ренішпен сәлемдесу


Жаттығу. Мына сөйлемді әртүрлі эмоцияда , дауыс ырғағы

мен айтып көріңіз.

«Қоян көжегін тастап кетіпті»

Қатысушыларға карточка таратылады.

  1. сыбырмен

  2. қатты дауыспен

  3. толқындап

  4. қатты тоңып тұрған тәрізді

  5. сіздің ұртыңызда ыстық картошка тұрғандай

  6. кішкентай қыз бала сияқты.


Рефлексия

Психолог: Алдыңғы екі жаттығу бойынша қорытынды жасайық. Сіздер дауыс ырғағының әртүрлі эмоцияда шығатынын естідіңіздер. Яғни күнделікті оқушылармен қарым –қатынаста өз даусыңыздың қандай эмоцияда шыққанын қалар едіңіз?

Сіз қандай дауыс ырғағын қалайсыз?


ТЕСТ

Психолог: Құрметті ұстаздар енді орындарыңызға отыруларыңызға болады.

Сіздерге арналған шағын зерттеу тестімізге жауап берулеріңізді сұраймыз!

1. «Мұғалімнің шыдамдылығы» тесті.


2. «Мұғалімнің конфлитогендігіне» тесті.

Тест қорытындысы: көпшілігі тұлғааралық қарама- қайшылықты қиындық жасамай шешуге бейімділіктің бар екенін көрсетілді.


« Хайуанаттар бағы» жаттығуы.

Мақсаты: Қатысушылардың өзін-өзі сипаттау.

Шарты: «Сіз бір күні байып кеттіңіз. Өзіңізге хайуанаттар бағын сатып алуды шештіңіз. Ең бірінші қандай хайуанат сатып алып, бірінші торға отырғызар едіңіз? Екінші торға қандай хайуанатты отырғызар едіңіз?». Таңдаған хайуанаттарды не үшін таңдадыңыз, және сипаттап беріңіз .


Рефлексия.

  1. Сіз қандай сезімде болдыңыз?

  2. Хайуанаттар ойыңызға тез түстіме?


Тапсырма :

«Мына сөйлемді аяқтаңыз!»

(Сөйлем карточкамен таратылады.)

  1. Мен көмектесемін....................

  2. Мен қамқор боламын...............

  3. Мен жақсы көремін.................

  4. Мен таланттымын...................

  5. Мен ренжимін..........................

  6. Маған ұнайды..........................

  7. Мен ашуланамын....................

  8. Мен өзіме ризамын.................

  9. Мен жақсы істей аламын........

  10. Мен басқаларға қарағанда.....



Рефлексия.

Психолог : Сөйлем аяқтау сізге қиынға соқты ма?


Сергіту тренингі.

«Сезім құпиясы».

Медитациялық әуенмен жүргізілді.


Рефлексия.

Психолог:

  1. Сіз тренинг барысында қандай сезімді бастан кешірдіңіз?

  2. Тренинг барысында қандай ой туындады?


Сауалнама алынды.


Қорытынды :

Тәрбиешілер тарапынан ұсыныстар:

  1. Осындай тұрғыда шығармашылық жұмыстар тағы өткізіліп тұрса.

  2. Тәрбиешілерге қарым –қатынасқа байланысты тренингтер өтілуі.







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!