«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№12 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жас маман
ЗЕЙНОЛЛИНА ҰЛЖАН ЖАНДОСҚЫЗЫНЫҢ
2021-2022 оқу жылына
арналған жұмыс жоспары
Мазм ұ ны
1. Педагог туралы мәлімет.
1.1. Түйіндеме
1.2. Эссе: “Мамандығым – мақтанышым!”
2. Педагогтың іс-тәжірибесінің нәтижесі.
2.1. ХХІ ғасыр мұғалім моделі
2.2. Жұмыс бағыттары
2.3. Жұмыс жоспары
2.4. Сабақ үрдісінен көрініс
3. Педагогтың жетістіктері.
Т ү йіндеме
Туған жылы: 18.02.2000
Зейноллина ұлжан жандосқызы
Білімі:
2015-2019 жж Семей қаласының « М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі » КМҚК
2019-2022 жж Семей қаласының «Шәкәрім атындағы университеті»
Мамандығы: Негізгі орта мектебінің шет тілі мұғалімі.
Жеке қасиеттері:
креативті, жауапкершілігі мол, ашық, талапшыл.
Қызығушылығы:
Волейбол, фотошоп бағдарламасымен жұмыс жасау, сурет салу, өлең жазу.
Тілдерді меңгеруі:
Қазақ тілі – өз тілім, орыс тілінде еркін сөйлеймін, жазамын, оқимын, ағылшын тілі сөйлеймін, жазамын, оқимын
АКТ қолдану:
Ғаламтор желісімен еркін жұмыс істеу білемін, MICROSOFT WORD, EXCEL және POWER POINT, PHOTOSHOP бағдарламаларымен еркін жұмыс істеймін.
Эссе «Мамандығым – мақтанышым!»
«Адамға ең бірінші білім емес,
рухани білім керек»
Әл-Фараби
Мен мектеп оқып жүрген кезімде қиялшыл – ғажайып дүниелерді көп ойлайтынмын. Бір күні әдебиет пәнінде Ыбырай Алтынсариннің Иван Крыловтан аударған «Қарға мен түлкі» мысалымен таныстық. Ыбырай атамызды педагог, ағартушы, жазушы ретінде ғана емес аудармашы ретінде де тағы бір таныдық. Үйге барып, атамыздың тағы да басқа аударған мысалдарын оқи бастадым. Кешкісін сол мысалдарды оқып отырып, тәтті әрі терең ұйқыға батып кетіппін. Түс көрдім. Түсімде Ыбырай ата 1887 жылы ашқан Ырғыздағы қыздар мектебінде оқып жүр екенмін. Ұстазымыз - Ыбырай Алтынсарин. Бізге бар білгенін үйретіп, бізді өзінің бар білімімен таныстыру үстінде. Арасында өзінің шығармаларын бізге оқытып, терең білім алуымызға жағдай жасауда. Бір күні ұстазымыз бізге өз армандарыңды жазыңдар деген тапсырма берді. Мен Ыбырай Алтынсарин ұстазым сияқты көрнекті ұстаз, ағартушы болғым келетін жазып, армандай бастадым. Бір сәт ол кісінің аудармашы болғаны да ойыма түсті. Менде болашақ өміріме қойылған тағы бір мақсат пайда болды. Ол: «Мен өз халқыма жанашыр азаматша боламын. Өзге халықтың қолы жеткен табыстарын көбірек біліп, білген үстіне біле түссем деген құмарлықпен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем, өзге халық шығармаларын өз тіліме аударсам»,-деген арман, мақсат болатын. Ұстазым менің жазған шығармамды оқыған кезде өте риза болды. Сол сәтте ол кісі маған: «Ұстаздан шәкірт озады. Сенен талабы биік ұстаз
шығады. Сенің арманың міндетті түрде орындалады, тек арманыңа жету жолында ешқашан жасыма»,- деген болатын. Сол сәт кенеттен оянып кетсем қолымда Ыбырай атамның кітабы. Тәтті ұйқы үстінде көрген түсіме риза болып, Ыбырай атамның айтқан сөздерін маған айтылған өсиет, аян ретінде қабылдап, өз – өзіме сол арманыма жетемін деген серт бердім. Сол бір әдемі түстен кейін өз өзіме үлкен міндет қойдым. Ол: «Мен қайтсемде ұлағатты ұстаз боламын». Сол бастауыш кезінде көрген түсім және алдыма қойған мақсатым қазіргі уақытта орындалу үстінде. Қазіргі күнде мен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжін аяқтап, №12 ЖОББМ-да ағылшын тілі пәні мұғалімімін. Мамандығым «Негізгі мектептің шет тілі мұғалімі». Бұл мамандық – өте қызықты. Және де бұл мамандықта өз ісінің білгір мамандары тапшылық тудыруда. Осы тапшылықты жою мақсатында, осы мамандықты таңдап, өзімнің кішкене де үлесімді қосқым келеді. Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңның ашылғаны. Түркі тілдес халықтың "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандығымды дұрыс таңдағаныма сенемін. Мен 20жастамын. Арманымның оңайлықпен орындалмайтынында сезіп, білем. Алайда мен еліміздің, біздей ел жалғасы өскелең ұрпақ үшін құрбан болған Қайрат Рысқұлбековтың мына сөзін жадымнан еш шығармаспын: «…Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұмда, қойып кет, белді шеш те, кешіп өт…». Аз қалды, бұйырса Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев аталарымдай көрнекті ұстаз, аудармашы боламын. Армандар орындалады, мақсатың айқын болса!
ХХІ ғасыр мұғалім моделі
Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді,адал да сезімтал жан дүниесі болуын…
Д.Дидро
Психолог
Тәуекелшіл
Білікті педагог
Көшбасшы
Заманауи технологияны
игеру
Рухани бай болу керек
Әмбебап
Интеллигент
Креативті
Жұмыс бағыттары
Сыныптан тыс жұмыстар
Дарынды балалармен жұмыс
Жұмыс
бағыттары
Өз білімін жетілдіру
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
БАҚ құралдарымен үздіксіз байланыс
Шығармашылықпен айналысу
Жас маман Зейноллина Ұлжан Жандосқызының
2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
№
Атқарылатын жұмыстар
1.
Мерзімі
Күнтізбелік - тақырыптық жоспарларды жасауды үйрену, бағыт алу.
2.
Күнделікті сабақ жоспарының құрылымы мен мазмұнын құруды үйрену.
3.
Тамыз
4.
Бақылау жұмыстарын, өзіндік жұмыстарды және тесттік жұмыстарды құрастыруды, іріктеуді үйрену.
Жыл бойы
Тәлімгерден бағыт – бағдар алу.
5.
Жыл бойы
Жыл бойы
Тәрбие жұмысының жоспарын жасауға бағыт алу.
6.
Оқушылармен қарым - қатынас жасауға бейімделу.
Жыл бойы
7.
8.
Жыл бойы
Ашық сабақтар мен өнеге сағаттарының жоспарын құру үшін әдістемелік көмек алу.
Тәрбиесі қиын және қиынға бейім оқушылармен жұмыс жүргізуді үйрену:
Жыл бойы
9.
- оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
- үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу.
Жыл бойы
Әдіскердің сабағына қатысу, әдістемелік кеңес алу.
10.
Ашық сабақ өткізу.
Жыл бойы
11.
12.
Қаңтар
Өз сабағымды талдай білуді үйрену.
Шығармашылық деңгейімді дамыту мақсатында мектептегі шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл ұстаздардың сабақтарына қатысу.
Жыл бойы
13.
Жыл бойы
Семинарларға қатысу.
14.
Қоғамдық және мектепішілік жұмыстарға белсене қатысу.
Жыл бойы
15.
Жыл бойы
Жас мамандар сайысына қатысу
16.
2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстың қорытындысы
Сәуір
Мамыр
Өз білімімді жетілдіру курстары
Сабақ үрдісінен көрініс
Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы
Менің жетістіктерім
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д .Ушинский
Өз білімімді жетілдіру курстары
Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
Халық даналығы
Өз білімімді жетілдіру курстары
Менің жетістіктерім
Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет
Бауыржан Момышұлы
Менің жетістіктерім
Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбайұлы
Оқушыларымның жетістіктері
Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.
Ыбырай Жақаев
Есеп
Оқу жылынан бастап оқу жоспарына сәйкес 5 «Ә», 5 «Д», 6 «Ә», 6 «Д», 6 «Е», 6 «Ж» сыныптарына ағылшын тілі пәнінен сабақ жүргізілді. 2021-2022 оқу жылы бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар құрылды. Күнтізбелік тақырыптық жоспарға сәйкес барлық сабақтар өткізілді. Оқу жылының басынан 6 «Е» жетекшілігімді жалғастырып бастадым. Жыл бойы оқушылармен күнделікті жұмыс жүргізілді. Жылдық жоспар бойынша аптасына бір рет тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Әрқашанда ата-аналармен кері байланыста болдым. Бір жыл бойы өзін-өзі жетілдірумен айналыстым. Әдістемелік жұмыстың ең маңызды түрлерінің бірі, басқа тәжірибелі мұғалімдерден сабақ алу деп ойлаймын. Тәжірибе алу үшін барлық ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларға қатысуға тырыстым. Тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысып, өзіме қажетті білім мен дағды алдым. Ағылшын пәні бойынша әдістемелік әдебиеттерді оқып, білімімді жетілдірдім.
Қаңтар айының 17-28 күні аралығында Ағылшын тілінен апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында ағылшын тілінен 5 “Ә” сыныбына «Mythical creatures» тақырыбына ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабақ Zoom, WhatsApp платформалары арқылы ұйымдастырылды. Сабақ үрдісінде қашықтықтан оқытуға қарамастан, әр түрлі сабаққа қажетті әдіс-тәсілдер қолдана алдым. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізе алды.
Қараша айында методикалық біліктілікті жетілдіру мақсатында ағылшын тілі пәнінен беретін мұғалімдерге арналған Кембридждік TKT (Teaching knowledge Test) курсынан өттім. 18/01/2022 жылы II-модуль бойынша band 2 дәрежелі сертификатын алдым. 20-22 сәуір аралығында Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған Халықаралық «Кенгуру- лингвист» конкурсына қатысып 1-орынға ие болдым. 29/04/2022 Республикалық “Зерде” зерттеу жұмыстары байқауының мектепшілік кезеңінде ғылыми жетекшілік етіп, 1-дәрежелі мадақтамаға ие болдық. Qaztest VI Республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасының І дәрежелі жеңімпазы атандым.
2022-2023 оқу жылына қоятын мақсаттарым:
- Заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу
- Үлгерімі төмен оқушармен олқылықтарды толтыру
- Мұғалімдерге арналған жарыстар мен олимпиадаларға белсенді және нәтижелі қатысу.
- Сабақ жоспарын құру және ашық сабақтар өткізу.