Мақсаты: Жасөспірімдердің бойында өз Отанына деген адалдық сезімдерін, жоғары патриоттық сананы қалыптастыру; Отан мүдделерін қорғауда, конституциялық міндеттерін және азаматтық борышын орындауда жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу; атыс қаруына деген қызығушылығын тудыру және оны ұрыста дұрыс қолдануға үйрету.
Просмотр содержимого документа
««Жас мергендер» пневматикалық мылтықтан оқ ату»
Тақырыбы: «Жас мергендер» пневматикалық мылтықтан оқ ату
Мақсаты: Жасөспірімдердің бойында өз Отанына деген адалдық сезімдерін, жоғары патриоттық сананы қалыптастыру; Отан мүдделерін қорғауда, конституциялық міндеттерін және азаматтық борышын орындауда жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу; атыс қаруына деген қызығушылығын тудыру және оны ұрыста дұрыс қолдануға үйрету.
Түрі: сайыс
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жарысқа қатысушы оқушылар:
8 сыныптан: Жасұлан Нұртөре, Өтеғалиев Нұржан, Молдашев Ринат, Мақсот Ақберен;
9 сыныптан: Нұрғалиев Оразбек, Мақсот Жарасбек, Жұмабек Әділет, Зинағабденов Ақтілек;
11 сыныптан: Болат Темірлан, Жұмабек Нұрдаулет.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
Қазақстан! Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Гимнмен айбатты
Қазақстан Республикасының гимні орындалсын.
Сайыстың бағдарламасымен таныстыру үшін сөз алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.А.Темировке сөз беріледі.
Жоспары:
Қауіпсіздік ережесімен таныстыру
Атыс түрлері:
а) түрегеп тұру ату жаттығуы
б) тізеден ату жаттығуы
3. Қорытындылау, марапаттау.
Қорытынды: Егемен ел жағдайында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың елін, жерін, анатілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азаматтар болып өсуін қамтамасыз ету бүгінгі кезде басты міндет. Әрқшанда елімізде тыныштық, ынтымақ, достығымыз артып, әлемде әрқашан бейбітшілік болсын. Бүгінгі сайысты жабық деп жариялаймын. Қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.