СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Жас шебер» қосымша білім берудің авторлық бағдарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бағдарламаның бағыты. «Жас шебер» көркем мазмұндығы жағынан-эстетикалық; функционалды арнауы-қолданбалы; ұйымдастыру құрылымы-үйірмелік; іске асыру уақыты бойынша-екі жылдық. Орта мектеп жас шамасындағы балаларды дизайн элементерімен сәнді-қолданбалы өнерімен таныстыру негізінде құрылған бағдарлама. 

Просмотр содержимого документа
««Жас шебер» қосымша білім берудің авторлық бағдарламасы»

2014 жыл

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

1 Қазанбасы орта мектебі» мемлекеттік мекеме

мемлекеттік мекемесінің

2014 жыл

Технология пәнінен қосымша білім берудің авторлық бағдарламасы «Жас шебер»

бағдарламасы «Жас шебер»














































ББК 371.214

УДК 74.202

Б 80



Пікір жазушылар:

Целуйко П.Г. - технология пәнінің мұғалімі , біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман, аудандық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, білімі – жоғары. Қостанай облысы, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің И.Сьянов атындағы орта мектебі» ММ.

Дюсенова Р.К. - Қостанай облысы, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №1 Қазанбасы орта мектебі» ММ, мектеп директорының оқу-тәрбие ісінің жөніндегі орынбасары




Брахметов М.Е.

Б 80 Технологиядан орта жастағы мектеп оқушыларына арналған «Жас шебер»

қосымша білім беру бағдарламасы./ М.Е.Брахметов - Қостанай, 2014. – 155 б.



ISBN 978 – 601 – 303 – 324 – 2



Курс мазмұны технология курсының бағдарламасын қайталамайды және мектеп технология курсындағы білімді терендетуге бағытталған. «Жас шебер» қосымша білім беру бағдарламасы оқушылардың нақты мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын есепке ала отырып, олардың мүмкіндік пен қызығушылық әрекетерін қамти отыратындай құрылғанын, баланың өзіндік бағалы және әрекетті ұстанымын қалыптастыруына көмек беретінін, өздігінен білім алуға жағдай туғызатынын, кәсіби өз тағдырын өзі шешуіне және тұлғаның іске асыруына мүкіндік туғызатынын іс әрекет тәжірибеге негізделе айқындайды.

Бағдарламаны іске асырушылардың жас шамасы ескеріледі 11-14 жастағы оқушыларының кәсіби дайындық міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі және осы жастағы оқушылардың білім деңгейлеріне сай жасалған. Бұл жас шамадағы балалардың берілген тапсырмаларды орындау қабілеттері жоғары деңгейде.







ISBN 978 – 601 – 303 – 324 – 2


© Қостанай облысы «Әулиекөл ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің №1 Қазанбасы орта мектебі» ММ

© Брахметов М.Е













































«Жас шебер» қосымша білім берудің авторлық бағдарламасы Түсінік хат Балаларға қосымша білім беру жаңартылған тұжырымында баланың шығармашылық өркендеуінде тұлғалық қажеттілікке сай жағдай туғызуы маңғаз анықталған. «Жас шебер» білімдік бағдарламасы оқушылардың нақты мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын есепке ала отырып, олардың мүмкіндік пен қызығушылық әрекетерін қамти отыратындай құрылғанын, баланың өзіндік бағалы және әрекетті ұстанымын қалыптастыруына көмек беретінін, өздігінен білім алуға жағдай туғызатынын, кәсіби өз тағдырын өзі шешуіне және тұлғаның іске асыруына мүкіндік туғызатынын іс әрекет тәжірибеге негізделе айқындайды. «Жас шебер» авторлық бағдарламасы жалпы білім беру мектебінің «Технология» типтік бағдарламасының негізінде құрастырылған. Бағдарламаның бағыты. «Жас шебер» көркем мазмұндығы жағынан-эстетикалық; функционалды арнауы-қолданбалы; ұйымдастыру құрылымы-үйірмелік; іске асыру уақыты бойынша-екі жылдық. Орта мектеп жас шамасындағы балаларды дизайн элементерімен сәнді-қолданбалы өнерімен таныстыру негізінде құрылған бағдарлама. Бағдарламаның жаңашылдығы. Шығармашыл дарынды балалармен жұмыс жасаудың әдістері мен қалыпсыз сабақтар өткізілу түрлерінің қолданылуы-еркін шығармашыл элементтерімен толықтырылғандығы. Жалпы білім беру мектебіндегі технология сабақтарында баланың алған білімдерінен үйірмеде алғандары тереңірек, кеңірек болып, баланың ішкі дүниесі байиды және бос уақытын пайдалы өткізуіне себеп болады. «Жас шебер» білімдік бағдарламасы қазіргі білім технологияларымен құрастырыла отырып, келісілерді қамтиды:
  • оқыту ұстанымдары (жекелік, түсінушілік, сабақтас, нәтижелік);
  • оқыту әдістері мен түрлері (қашықтық оқытудың белсенді әдісі, дифференциялық оқыту, сабақтар, сайыстар, байқаулар, топсеруендер, саяхаттар);
  • білім беру үдерісінің басқару және бақылау әдістері (тестілеу, байқаулардың нәтижелері, т.б);
  • оқыту амалдары (дидактикалық, көрнекілік, үлестірмелі, құралдар, құрылғылар, жабдықтар).
Мақсаты мен міндеттері: сәнді-қолданбалы өнер амалдарын жеке және шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуы, баланың жеке қоғамды-тұлғалық дамуы, эстетикалық тәрбиелігі, коммуникативтік өнерінің биіктігі, кәсіби бағдарлығы; көркем-шығармашыл әрекетінің тұрақты қызығушылығын дамыту, ағаш бұйымдарды ауыстыру немесе құрастыруға үйрету, ұқыпты-лыққа және жұмыстық іждағаттыққа тәрбиелеу, бастаған істі аяқтауға үйрету, ұжыммен бірлесе жұмыс жасауға, ассоциациялық, қиялдық, кейіптік, логикалық ойлау қабілеттілігін дамытуға үйрету.
  1. «Жас шебер» бағдарламасы басқа күнейтілген бағдарламалар аясынан бірнеше айырмашылық ерекшеліктері бар;
  2. Баланың жеке тұлға ретінде түрлі жағдайға бейімделулігі білім беру үдерісінің оралымды жүйеде ұйымдастырылуында.
  3. Тура бағдарлама болғандығынан, біраз тақырыптар екі жылдай қарастырылды.
  4. Бұл бағдарлама келесі мәселерді шешуге, әр үйрме қатысушы жеке өзіндік ізденіс пен жаңа білім «ашу» жүйесінде енгізілген.
  5. Ағашпен жұмыс жасау әдістері мен тәсілдері кең қолданыс тәжірибеге бағытталған.
  6. Тәжірибелік тапсырмалар балалардың шығармашылық мүмкіндіктер-інің дамуын, авторлық үлгілерді жасау шеберліктерін туғызады.
  7. Шығармашылық тапсырмалардың түрлілігі оқушылардың үйірме жұмыстарына жоғары қызығушылық деңгейлерін артады, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын кеңейтеді.
  8. Бағдарламада берілген жылдық жоспары қатаң бірізділік сақталуын қажет етпейді.
  9. Мәліметтерді үйрену көбіне тәжірибелік шығармашылық әрекет жүйесінде танылады.
Оқыту-шығармашылық және тәрбиелік жүйелілігінің ұйымдастырылуы мен өткізілуі әр баланың жеке және жас шамасының дамуына байланысты болады. Оқушылармен бағдарламаны ұғыну барысында оның арнайы мүмкіндігі мен құзыреттілігі еспетеледі, жеке өзіндік жұмыс жасау қабілеті ескеріледі. Сабақтардың тақырыптылығы әр оқушының қызығу-шылығына байланысты құрылады, қажетті жағдайда қосымша жаттығулар өткізіледі. Бағдарламаны іске асырушылардың жас шамасы ескеріледі 11-14 жас аралығы. Бұл жас шамадағы балалардың берілген тапсырмаларды орындау қабілеттері жоғары деңгейде. Бағдарлама бір жылдық оқытуды қамтиды. Оқыту жылы – 10 баланы, аптасына 1 рет 1 сағаты қажет етеді, әр сабақтың өткізілуі – 45 минут талап етеді. «Жас шебер» бағдарламасы кезең-кезеңмен іске асады, әр кезең – үйір-менің бір жылы. Бірінші кезеңде оқушылар қауіпсіздік ережемен, құрал-саймандармен, олармен жұмыс істеу әдістерімен танысады. Ағаш өндеудің әдісі мен тәсілдерін меңгереді: егеу, кесу, жабыстыру; үлгімен жұмыс істеуді үйренуді, өлшеу құралдарын қолдана отырып сызбамен жұмыс жасайды, ұсақ моториканы меңгерудің амалдарымен танысады. Бұл кезіңде оқушы ұжыммен жұмыс істеуді үйренеді, бір-біріне көмектеседі. Ағаштан жеңіл және оңай бұйымдар жасауды мұғалім көмегімен үйренеді. Екінші кезеңде ағаш өңдеу әдістерімен танысуды жалғастырады, білімін толықтыра кеңейтеді, үлкен жауапкершілікпен өзіндік жұмыс жасаудың ереже мен әдістерін тәмамдайды. Оқушының тіл байлығы қамданады. Механикалық әдіс арқылы ағаш өндеудің күрделі әдістері үйретіледі, ұлттық өнерге деген көзқарастары қамтылады. Ағаш бұйымдарын өңдеу және безендіру оқушының кейіптеу және кеңістік ойлауын дамытады, композициялық тапсырмаларды орындауға үйретеді. Осы әдістерді қолдану барысында оқушы екі қолыменде жұмыс істеуді үйренуді, саусақтарымен құралдың үнін анық сезеді. Үірме қатысушылардың жұмыстары қоғамдық маңыздылыққа ие бола бастайды: оларды көрмелерге қояды, кабинеттерді безендіреді. Жаттығулардың құрылымы:
  • сабаққа қатысушылардың санына, қолдан жасау әдісі мен құралына байланыста – жекелік, фронтальдық және топтық;
  • оқушы мен педагог арасындағы коммуникативтік ерекшелігіне байланысты – іскерлік ойын, тренинг, сайыс, ойын, шеберхана, зертхана, практикалық, оқушылардың жұмыстарын қарау және талқылау көрмесі, ата-аналармен ашық сабақтар. Көрнекілік құралдар, технологиялық карталар, тірек сызбалар, оқулық элементтерінің кеңінен пайдалануын қажет етеді.
  • дидактикалық мақсатқа байланысты – кіріспе сабақ, білім тереңділігі, практикалық сабақ, білімдерінің жалпылығы мен жүйелілігі, бақылау сабағы, кіріктірілген сабақтар.
Оқыту әдістері. 11-14 жастағы балаларды әр түрлі құралдармен (ағаш, фанера, тақтай) жұмыс жасауға, оның күрделілігін ұғындыруға оқытудың келесі әдістері қолданылады:
  • Іс әрекеттің түріне қарай: түсіндіру-суретті әдіс-ауызша не жазбаша тіл арқылы, сонымен қатар көрнекілік құралдар, байқау заттары;
  • Суретті қалыпты әдіс практикалық сабақта қолданылады – мұғалім көрсетеді, оқушы қайталайды, бұл шығармашылық жобалар жасауда қолданылады. Келесі мәселе мазмұндылығы немесе жартылай ізденісті әдіс – оқушылардың ізденушілік қабілеттерін артады, қойылған мәселелер өзіндік конструкторлық білгірлігін, ойлау мен әрекет жасау мүмкіндіктерін ашуға үйретеді.
  • Хабар беру ақпаратқа байланысты: сөздік-түсіндіру, ереже, әңгіме, дәріс; қызығушылық – суреттер, сурет көрмесі, жасалған жұмыс фотосы; практикалық – оқушылардың тәжірибелік жұмыстарына негізделген, олардың мүкіндіктері мен әрекеттерін қалыптастырады.
Қазіргі педагогикалық қатынасқа сай қажет ететін үйірме сабақтарына өнердің өзіндік ерекшелігі мен қабылдау әдістері қолданылады. Бағдарламаның өндірілуі шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін оқушылардан теориялық білімдерінің жинақтылығын, оларды тәжірибеде дұрыс қолдануын талап етеді. Үйірмеге қатысушы күрделі нобай жасауда өзіндік ерекшелігімен, айқындығымен, қайталанбастығымен орындау керек, сонда ғана оның жұмысы авторлық болып саналады. Оқу жылының қорытындысы бойынша. Оқушылар білуге тиіс: құрал түрлерін, олардың негіздерін, атауларын, өндеудің әдісі мен керектігің, қауіпсіздік ережелерін; жеңіл – желпі бұйымдардың жасау реттігін; өлшемін, кесуін, жинақтығын, безендіруін; бөлшектердің желіммен жалғануын, бұрандалы шегемен, шегелермен, қозғалмалымен ұштастыруы мен жалғануын; қалып байқаудың әдістерін; терминдер сөздігін; ағаш өңдеудің барлық оқылған әдістерін. Бұйым жасаудың алғашқы нұсқадан соңына дейін жасалу технологиясын; құрастыру мен сән мөлшерінің ұстанымын; терминдер сөздігін; орындық жасаудың материал түрлерін; ағаш өндеудің технологиясын; ағаш қасиетін. Оқушылар істеуге тиіс: жұмыс кезінде жұмыс орнын ұйымдастыра отырып, тәртіп сақтау; үлгі, сурет, технологиялық карта бойынша бұйымдар жасау; бағдарламаға сай құралдар мен мәліметтермен өзіндік жұмыс жасау; бір қолөндірісін жасауда түрлі қажетті заттарды қолдану; бөлшектерді ұштастырарда түрлі әдістерді қолдану; ағаш өндеудің барлық оқылған әдістерін қолдану және педагогтің жетекшілігімен бұйымдарды саралау; сурет, бұйым үлгісімен практикалық жұмыс бақылауын жүзеге асыру; жеке және топпен жұмыс жасау. Сызба бойынша бұйымдар жасау; сызба, көрнекі құрал, кесте арқылы бұйым пішінің қорытындылау; қол бұйымның бөлшектерінің орналасу жері мен қарапайым түрлендірін; ағаш өңдеудің негізгі амалдарын орындау; жасалған бұйымдардың сапасын бақылау. Оқушылар білуге мүмкін: бағдарламада көрсетілмеген материалдан бұйымдар жасау әдістерін; осы кезеңде оқылмаған құралдар мен құрылғылардың қолданылуын. Оқушылар істеуге мүмкін: үлгісіз қарапайым бөлшектерді өз бетімен кесу; бағдарламада берілмеген материалдармен безендіруді қолдану; бұл кезеңде үйретілмеген құралдар мен құрылғыларды қолдана білуге. Күтілетін нәтиже жас шама тобы ерекшелігі мен бағдарламаның меңгеру кезеңіне сай болып табылады. Оқу және еңбек іс-әрекетінің түрлі түрі мен бақылау әдістері келесі нәрселерді қамтиды: ағымды бақылау үшін тексеріс практикалық тапсырмалар, сауалнама мен тестілеулер; көрмелерге, сайыстарға қатысу. Бағдарламаны меңгеру деңгейін анықтайтың жалпы белгілер: бағдарлама бойынша білу мен дағдының қалыптасуы; үйірме қатысушылардың белсенділігі, қатысушылардың шығармашылық өсуі мен нәтжелері, оқушылардың тәрбие және өнерінің дамуы. Бағдарлама мазмұны

I тарау. Ағаш туралы негізгі мағлұмат.

1. Ағаштың негізгі қасиеттері. Кіріспе сабақ. Ағаш материалдарының қасиеттері, сабақ ұйымдастыруы, техника қауіпсіздік ережесі, үйірмеге қатысушылардың міндет және құқығымен таныстыру.

II тарау. Ағашты өндеу.

2.1. Ағаштан жасалған бұйымдарды бұрама шегемен біріктіру. Дайындаманы верстаке орнықтыру тәсілі. Құрал-сайманмен жұмыс жасау қауіпсіздік ережесі. Керекті құрал-саймандар: ағашпен жұмыс жасау верстагі, ағаш клин, қысқыш, бұрама шеге. Практикалық жұмыс.


2.2. Ағашты өңдеу және оны электріленген лобзикпен өңдеу әдістері меңгеру. Жалпы ағаш кесу принциптері. Араның тіс түрлері. Ағашты электріленген лобзикпен кесу құралдары және құрылғы. Дайындаманы кесу құрылғысы.

Практикалық жұмыс. Орындық дайындау


2.3. Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету.

Электріленген лобзик құралын жұмыс жасау үшін дайындау және жөндеу. Электріленген лобзикпен жұмыс жасауын жеңілдету үшін әдіс-тәсілдері.


2.4. Дайындама бөлшектерін құрастырып бекітудің әдіс - тәсілдері.

Электріленген лобзик құралын жұмыс жасау үшін дайындау және жөндеу. Электріленген лобзикпен жұмыс жасауын жеңілдету үшін әдіс-тәсілдері. Практикалық жұмыс. Орындық дайындау.


2.5. Ағаш өңдеу технологиясы.

Ағаштан гүлқойғыш бұйымдарын дайындау. Практикалық жұмыс.


2.6. Ағаштың атқаратын ролі, қасиеттері мен негізгі қолданылатын материалдармен және фанердің түрлерімен таныстырып бұйым жасауын үйрету. Практикалық жұмыс. Телефонқойғыш жасау. Қаламсалғыш жасау.


2.7. Ағаш қалдықтарын тиімді пайдалануға, құрал- жабдықтармен дұрыс жұмыс істеуге және сыйлыққа арналған бұйымдарды дайындауға үйрету, шығармашылық жобалар жасауға үйрету, күрделі бұйымдарды дайындату арқылы ой - өрісін дамыту. Балалар орындығын жасау. Практикалық жұмыс.


2.8. Бұрғылау, ұңғылау және кеңейтіп жону.

Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Негізгі бұрғылау аспатары үшін құрал-саймандарды таңдап үйрену. Берілген таңбаларды,өлшемдерді шартты белгілері бойынша сызбадан тауып үйрену.

Көрме. Оқушылардың жасаған жұмыстарын іріктеп алу. Облыстық және аудандық көрмелерге қатысу. Қорытындылау. Үйірмеге қатысушыларды марапаттау.

Қорытынды сабақ. Оқу жылының қорытындысы. Үйірме маусымы аяқталуына қатысу. Үйірмеге қатысқан оқушылардың ата-аналармен кездесу. Белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау. Ата-аналарды алғыс хатпен марапаттау. Жазғы уақытта қандай жұмыс жасауға ұсыныс білдіру.

БАҒДАРЛАМАНЫ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Пайдаланған әдебиеттер.


1. «Технология», 6 сынып оқулығы, Алматы, «Атамұра», 2002 жыл.

2. «Технология», 7 сынып оқулығы, Алматы, «Атамұра», 2003 жыл.

3. «Технология», 8 сынып оқулығы, Алматы, «Мектеп», 2008 жыл.

4. Бешенков А.К. Техникалық және оқушыларға арналған проектік тапсырма.

Москва: Дрофа 2004.

5. Мұғалімдерге арналған проектер жинағы, Москва, «Вентана Граф»,

2004 жыл.

6. В.М.Чупрахин «Геометриялық ою 22 сабақ», Санкт-Петербург, 2004 жыл.

7. Н.Д.Беляков, А.И.Покровская, Н.Е.Цейтлин «Үйірме «Шеберлі қол»

мектепте», 1957 жыл.


Балаларға арналған әдебиет.


  1. Рихвк Э.В. «Мектеп шеберханасында ағашты өндеу»

  2. Шепелев А.М. «Ағаш шеберінің жұмысы»

  3. Тхоржетский Д.А. «Ағашты өндеу»

  4. «Шеберлі қолдар үшін», Киев,1958 жыл, Техникалық әдебиет баспасы.

  5. В.В.Попов «Жұқа тақтайдан ою жасау» Шығару 1, Санкт - Петербург, «Кристалл»,1998 жыл.


Қосымша әдебиет.


  1. М.Ш.Омирбекова « Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті», Алматы, Кітап, 2004 жыл.

  2. Тхоржетский Д.А. «Техникалық еңбек сабақтары»









«Жас шебер» календарлық жоспары

Тақырыптары

Сабақтың мақсаты

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе сабақ. Ағаш материалдарының қасиеттері. 

Халық өнерінің теориясы мен тарихын ескере отырып, оқушылардың сұлулықты түсіну қабілетін дамыта отырып, эстетикалық тәрбие беру; ағаштарды түрлеріне қарай олардың қасиеттерін білу; ойлау, қиялдау арқылы шығармашылық қабілеттерін, әсемдік сезімдерін дамыту; табиғат сұлулығын, байлығын бағалай отырып, оларды қорғай білуге тәрбиелеу

1


2

Ағаштан жасалған бұйымдарды бұрама шегемен біріктіру. Практикалық жұмыс

Оқушыларды бұрама шегемен біріктіру технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету. Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы желімдеу технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.

1


3-4

Ағашты өңдеу және оны электріленген лобзикпен өңдеу әдістері меңгеру. Практикалық жұмыс. Орындық дайындау.

Электріленген лобзикпен жұмыс істеудің практикалық дағдысын игеру.

Тақырыпты меңгерту, оқушыларға ағашты өндеу әдіс-тәсілдерін үйрету.Оқушылардың ой-өрісін және ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың еңбекке деген икемділігін арттыруға ықпал жасау.

2


5-6

Ағашты өңдеу және оны электріленген лобзикпен өңдеу әдістері меңгеру. Практикалық жұмыс.

Орындық дайындау.

Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет электріленген лобзикпен таныстыру,өңдеу әдістерін меңгерту.Оқушылардың теориялық танымдылық қабілетін арттыру, ой-өрісін дамытуға ықпал ету. Шеберлікке, ұқыптылыққа,төзімділікке баулу.

2


7-8

Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету.

Практикалық жұмыс.

Орындық дайындау.

Оқушыларды қолөнеріндегі ағаш өңдеу өнерінің түрлерімен жете таныстыру.

Ой – қиялын, шығармашылығын, талдау, жинақтау қабілеттерін дамыту.

Өнер түрлерін қастерлеуге, сақтауға, оны дамытуға тәрбиелеу.

2


9-10

Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету.

Практикалық жұмыс.

Орындық дайындау.

Оқушылардың ой-өрісін және ойлау қабілетін дамыту. Жасалатын бұйымның эскизін сызып, нұсқау карта бойынша жұмыс жасауға қалыптастыру; ойлау, шығармашылық қабілетін, қолөнерді дамыту.

2


11-12

Дайындама бөлшектерін құрастырып бекітудің

әдіс - тәсілдері.

Практикалық жұмыс.

Орындық дайындау.

Ағаштан жасалатын бұйымдарды құрастырудың әдіс - тәсілдерін үйрету, меңгерту. Сабақтағы теориялық білімдерін практикалық іс - әрекеттерге ұштастырып, оны іс жүзінде пайдалану; оқушыларды жауапкершілікке, жүйелі еңбекке, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету, эстетикалық жағынан дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

2


13-14

Ағаш өңдеу технологиясы. Ағаштан гүлқойғыш бұйымдарын дайындау.

Практикалық жұмыс.

Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі электрленген жұмыс атқару операцияларымен таныстыру.Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.


2


15-16

Ағаш өңдеу технологиясы. Ағаштан гүлқойғыш бұйымдарын дайындау.

Практикалық жұмыс.

Ағаш қалдықтарын тиімді пайдалануға, құрал- жабдықтармен дұрыс жұмыс істеуге, бұйымдарды дайындауға үйрету, шығармашылық жобалар жасауға үйрету, күрделі бұйымдарды дайындату арқылы ой - өрісін дамыту. Өз беттерінше ізденуге қалыптастыру, оқушылраға эстетикалық ақыл – ой және еңбек тәрбиесін беру.

2


17-18

Ағаш өңдеу технологиясы. Ағаштан гүлқойғыш бұйымдарын дайындау.

Практикалық жұмыс.

Ағаш қалдықтарын тиімді пайдалануға, құрал- жабдықтармен дұрыс жұмыс істеуге, бұйымдарды дайындауға үйрету, шығармашылық жобалар жасауға үйрету, күрделі бұйымдарды дайындату арқылы ой - өрісін дамыту. Өз беттерінше ізденуге қалыптастыру, оқушылраға эстетикалық ақыл – ой және еңбек тәрбиесін беру.

2


19-20

Ағаш өңдеу технологиясы. Ағаштан гүлқойғыш бұйымдарын дайындау.

Практикалық жұмыс.

Ағаш қалдықтарын тиімді пайдалануға, құрал- жабдықтармен дұрыс жұмыс істеуге, бұйымдарды дайындауға үйрету, шығармашылық жобалар жасауға үйрету, күрделі бұйымдарды дайындату арқылы ой - өрісін дамыту. Өз беттерінше ізденуге қалыптастыру, оқушылраға эстетикалық ақыл – ой және еңбек тәрбиесін беру.

2


21-22

Практикалық жұмыс.

Телефонқойғыш жасау.

Оқушыларды ағаштан қолданылатын материалдармен және фанердің түрлерімен таныстырып бұйым жасауын үйрету.

2


23-24

Практикалық жұмыс.

Телефонқойғыш жасау.

Оқушыларды ағаштан қолданылатын материалдармен және фанердің түрлерімен таныстырып бұйым жасауын үйрету.

2


25-26

Практикалық жұмыс.

Ас үй жиһазын жаңа матамен қаптау.

Оқушыларды ас үй жиһазын жаңа матамен қаптауын үйрету және практикалық түрінде қолдану. Өз беттерінше ізденуге қалыптастыру, оқушылраға эстетикалық ақыл – ой және еңбек тәрбиесін беру.

2


27-28

Практикалық жұмыс.

Ас үй жиһазын жаңа матамен қаптау.

Оқушыларды ас үй жиһазын жаңа матамен қаптауын үйрету және практикалық түрінде қолдану. Өз беттерінше ізденуге қалыптастыру, оқушылраға эстетикалық ақыл – ой және еңбек тәрбиесін беру.

2


29-30

Практикалық жұмыс.

Қаламсалғыш жасау.

Оқушыларды ағаштан қолданылатын материалдармен және фанердің түрлерімен таныстырып бұйым жасауын үйрету.

2


31-32

Практикалық жұмыс.

Қаламсалғыш жасау.

Оқушыларды ағаштан қолданылатын материалдармен және фанердің түрлерімен таныстырып бұйым жасауын үйрету.

2


33

Бұрғылау, ұңғылау және кеңейтіп жону.

Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Негізгі бұрғылау аспатары үшін құрал-саймандарды таңдап үйрену.

Берілген таңбаларды,өлшемдерді шартты белгілері бойынша сызбадан тауып үйрену.

1


34

Қорытынды сабақ

Оқу жылы бойынша оқушылардың жасаған бұйымдарымен көрме ұйымдастыру.

1