СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жас тілші" та?дау курсыны? ба?дарламасы

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

ЖАС ТІЛШІ та?дау курсы 9- сынып

?ай істі? болсын ?нуіне ?ш шарт бар: е? ?уелі – ниет керек , одан со? – к?ш керек, одан со?  т?ртіп керек.

М.?уезов

Мазм?ны

Т?сінік хат О?у-та?ырыпты? жоспар Ба?дарлама мазм?ны ?дістемелік ?сыныстар «Жас тілші»  с?здігі

Т?СІНІК ХАТ

?аза?стан Республикасыны? 2015 жыл?а дейінгі білім беруді дамыту т?жырымдамасына с?йкес жас ?рпа??а білім беру ісінде оны? жеке-даралы? ерекшеліктеріне  мейілінше  м?н бере отырып, бейіндік  о?ыту ж?йесі іске асырылуда.

Бейіндік о?ытуды? негізгі ма?саты -  жеке білім беру траекторияларын  о?ушыларда  ж?зеге асыру, о?ушыларды? отбасында, айма?ты? ортада ?леуметтенуі, орта ж?не жо?ар?ы білім алу?а дайындау ?шін о?ушыларды? жалпы білім беру ба?дарламасында?ы  жекелеген п?ндерді  тере?детіп о?у м?мкіндігін ?амтамасыз ету.Б?гінгі ?о?ам – а?паратты? ??ралдар ?о?амы. Мектеп о?ушылары ?азір заманауи ??ралдармен жабды?тал?ан, ?аншама а?паратты? ортамен байланыс жасап отыр. Олар: т?рлі телеарналар, ?аламтор желісі, мерзімдік  басылымдар т.б.А?паратты? ??ралдар ж?не олардан алынатын сансыз м?ліметтермен ж?мыс істеуге деген   о?ушы бойында?ы аса ?лкен ?ызы?ушылы?ты шы?армашылы?  ж?мыспен ?штастырып, на?ты ма?сат?а ж?мылдыру?а м?мкіндік беретін курс .

С?з ?нері, ?ызы?ты а?параттар  жинау, материалдарды? ??рылымы, ал?аш?ы н?с?асы ж?не ??деу, жазу процесі, жауапкершілік пен этика , журналистика  жанрлары туралы ма?л?мат алумен ?атар,шы?армашылы? ж?мыс т?рлеріне машы?танады.

Е? бастысы, о?ушы ?зіні? бейіндік ба?дарын аны?тай алады, шы?армашылы? ж?мыс т?рлеріне т?селеді, коммуникативтік ??зырлылы?ы дамиды.

Ба?дарламаны? ма?саты:

Білімділік:

-         Тіл стильдеріні?  ерекшеліктері мен ??рылымдары туралы білім ж?йелілігі;

-         О?ушыны? ?ызы?ушылы? ба?ытыны? , ?абілетіні? дамуына, к?сіби бейімделуіне жа?дай жасау;

-         ?з ж?мысына ?зіндік ба?а беруге ?йрету;

Дамытушылы?:

-         О?ушыларды? коммуникативтік ??зырлылы?ын дамыту;

-         Іскерлігі мен да?дыларын ?алыптастыру;

-         Ой- ?рісіні? дамуына м?мкіндік  тудыру;

Т?рбиелік:

-         Жауапкершілік;

-         ?арым-?атынасты?;

-         М?дениеттілік;

Курсты? міндеті:

Мектепті? басты міндеті – о?ушылар?а ?ылым ж?йесіні? базистік негіздерін ме?герту, ?о?ам?а ?леуметтік- психологиялы? жа?ынан орынды бейімделулерін ж?не онда?ы ?з орнын д?рыс аны?тауларын ?амтамасыз ету, т?л?алы? ?асиеттерін ?алыптастыру, сонды?тан курсты? негізгі міндеті о?ушыны? танымды? ж?небейіндік, шы?армашылы?  ?абілеттерін дамыту;

-         ?зіндік ж?мыс т?рлерін тиімді, д?рыс ?йымдастыра білуіне к?мектесу;

-         К?сіби ?ызметіні? ба?ытын саналы т?рде жетілдіруге ба?ыттау;

-         ?ылыми –зерттеу да?дыларын ?алыптастыру;

?олданылатын технологиялар:

-жобалау;

-а?паратты?-компьютерлік технология;

- шы?армашылы? шеберлік;

- т?л?алы? ба?дар;

Іске асырылу к?зі:

-мультимедиа;

-?аламтор;

-БА?;

-теле ж?не видео хабарлар;

- ж?йелі т?зету ж?мыстары;

М??алімні? ?ызмет т?рі:

-Саба??а тиімді микроклимат ту?ызу;

-?рбір о?ушыны? даму траекториясын аны?тау;

О?ушыны? ?ызмет т?рі:

-зерттеушілік – жобалы?;

- Коммуникативтілік;

-Талдау, салыстыру, ??деу, шешім шы?ара білу;

-Газет материалдарыны? жанрлы? ерекшеліктерін ??рылымын , тілдік ?ызметін ажырата білу;

- ??гіме, с?хбат ж?ргізе білу;

-К?пшілік алдында с?йлей білу;

О?ушыларды? мектепішілік газет шы?аруы , ?здік ма?алаларды жариялауы , ауданды? газетке ма?ала беруі курс ж?мысыны? ?орытындысы болады.

 

О?у – та?ырыпты? жоспар

Аптасына 1 са?ат. Жылына 34 са?ат.

Курс б?лімдері:

Кіріспе – 1 са?ат

Журналистік ?ызмет- 6 са?ат

Журналистік м?тін – 20 са?ат

Баспа ж?мысы -6 са?ат

Саба? та?ырыбы

Са?ат саны

?ткізілу т?рі

Шы?армашылы? ж?мыстар

Мерзімі

1

Кіріспе саба?

1

 

Интерактивті д?ріс

 

 

1-б?лім. Журналистік ?ызмет

 

2-3

Журналистика негіздері

1

1

Д?ріс, ша?ын топтармен ж?мыс

«Ассоциативті ?атар» ?дісі

 

4-5

Тілші мен аудитория 

(аудиторияны? ы?ыласын аудару т?сілдері )

 

2

Газет ма?алалары- 

мен ж?мыс

Іскерлік ойын «Пресс- конференция»

 

 

 

 

 

 

 

 

6-7

Тілшіні? с?йлеу м?дениеті

 

1

Тренинг ойын

К?пшілік алдында с?йлеу

 

2-б?лім. Журналистік м?тін

 

8-9

М?ліметтермен ж?мыс

1

1

Д?ріс

«Араны? ?ясы» ?дісі

 

 

10

Материалды? ??рылымы, ал?аш?ы н?с?асы ж?не ??деу

 

1

Д?ріс

«Араны? ?ясы» ?дісі

 

11

Жазу процесі

 

1

Д?ріс

Газетпен ж?мыс

 

12

Жауапкершілік ж?не этика

1

 

Д?ріс

«?з-?зіме хат»

 

13

Журналистиканы? негізгі жанрлары. А?паратты? жанр, ??гіме, с?хбат, репортаж, т?сініктеме, корреспонденция, деректеме есеп, баспас?з, ма?ала, т?сіндірме.

1

 

Д?ріс

Мектеп ?міріндегі а?паратты? жанр т?рлері (с?хбат, т?сініктеме, ма?ала)

 

14-15

Репортаж ж?не оны? т?рлері.

 

2

Д?ріс

 

 

16-17

С?хбат. А?парат жинау ?дістері.

 

1

Шы?армашылы? шеберлік

Рецензия жасау

 

18

Талдамалы жанр, есеп, корреспонденция журналистік шолу, рецензия, баспас?з конференциясы

1

 

Д?ріс

 

 

16-20

Рецензия

 

2

Шы?армашылы? шеберлік

Рецензия жазу

 

21

К?ркем публицистика жанры, Очерк, эссе, суреттеме.

1

 

Д?ріс.

 

 

22-23

Очерк.

 

2

Шы?армашылы? шеберлік

М.?уезов «Индия  очерктері» талдаужазу

 

24-25

Эссе.

 

2

Шы?армашылы? шеберлік

Эссе жазу

 

26-27

Сатиралы? жанрлар: фельетон памфлет, пародия.

1

1

Д?ріс.

 

 

28

Стильдік ж?не тілдік ?ателер.

 

1

Машы?тану

Ма?ала жазу.

 

3-б?лім. Баспа ж?мысы

 

29-30

Газет ??рылымы:беттерді? ?атталуы

 

2

 

Ауданды? «Б?ланды та?ы» газеті тілшілерімен кездесу, экскурсия

 

31-34

Мектеп газетін дайындау, шы?ару

1

3

 

Мектеп газетіне т?рлі жанрда материалдар дайындау, газет шы?ару

 

Просмотр содержимого документа
«"Жас тілші" та?дау курсыны? ба?дарламасы»

ЖАС ТІЛШІ таңдау курсы 9- сынып


ЖАС ТІЛШІ таңдау курсы 9- сынып

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек , одан соң – күш керек, одан соң  тәртіп керек.

М.Әуезов

Мазмұны

  1. Түсінік хат

  2. Оқу-тақырыптық жоспар

  3. Бағдарлама мазмұны

  4. Әдістемелік ұсыныстар

  5. «Жас тілші»  сөздігі

ТҮСІНІК ХАТ

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке-даралық ерекшеліктеріне  мейілінше  мән бере отырып, бейіндік  оқыту жүйесі іске асырылуда.

Бейіндік оқытудың негізгі мақсаты -  жеке білім беру траекторияларын  оқушыларда  жүзеге асыру, оқушылардың отбасында, аймақтық ортада әлеуметтенуі, орта және жоғарғы білім алуға дайындау үшін оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасындағы  жекелеген пәндерді  тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету.Бүгінгі қоғам – ақпараттық құралдар қоғамы. Мектеп оқушылары қазір заманауи құралдармен жабдықталған, қаншама ақпараттық ортамен байланыс жасап отыр. Олар: түрлі телеарналар, ғаламтор желісі, мерзімдік  басылымдар т.б.Ақпараттық құралдар және олардан алынатын сансыз мәліметтермен жұмыс істеуге деген   оқушы бойындағы аса үлкен қызығушылықты шығармашылық  жұмыспен ұштастырып, нақты мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік беретін курс .

Сөз өнері, қызықты ақпараттар  жинау, материалдардың құрылымы, алғашқы нұсқасы және өңдеу, жазу процесі, жауапкершілік пен этика , журналистика  жанрлары туралы мағлұмат алумен қатар,шығармашылық жұмыс түрлеріне машықтанады.

Ең бастысы, оқушы өзінің бейіндік бағдарын анықтай алады, шығармашылық жұмыс түрлеріне төселеді, коммуникативтік құзырлылығы дамиды.

Бағдарламаның мақсаты:

Білімділік:

-         Тіл стильдерінің  ерекшеліктері мен құрылымдары туралы білім жүйелілігі;

-         Оқушының қызығушылық бағытының , қабілетінің дамуына, кәсіби бейімделуіне жағдай жасау;

-         Өз жұмысына өзіндік баға беруге үйрету;

Дамытушылық:

-         Оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту;

-         Іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру;

-         Ой- өрісінің дамуына мүмкіндік  тудыру;

Тәрбиелік:

-         Жауапкершілік;

-         Қарым-қатынастық;

-         Мәдениеттілік;

Курстың міндеті:

Мектептің басты міндеті – оқушыларға ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгерту, қоғамға әлеуметтік- психологиялық жағынан орынды бейімделулерін және ондағы өз орнын дұрыс анықтауларын қамтамасыз ету, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, сондықтан курстың негізгі міндеті оқушының танымдық және бейіндік, шығармашылық  қабілеттерін дамыту;

-         Өзіндік жұмыс түрлерін тиімді, дұрыс ұйымдастыра білуіне көмектесу;

-         Кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде жетілдіруге бағыттау;

-         Ғылыми –зерттеу дағдыларын қалыптастыру;

Қолданылатын технологиялар:

-жобалау;

-ақпараттық-компьютерлік технология;

- шығармашылық шеберлік;

- тұлғалық бағдар;

Іске асырылу көзі:

-мультимедиа;

-ғаламтор;

-БАҚ;

-теле және видео хабарлар;

- жүйелі түзету жұмыстары;

Мұғалімнің қызмет түрі:

-Сабаққа тиімді микроклимат туғызу;

-Әрбір оқушының даму траекториясын анықтау;

Оқушының қызмет түрі:

-зерттеушілік – жобалық;

- Коммуникативтілік;

-Талдау, салыстыру, өңдеу, шешім шығара білу;

-Газет материалдарының жанрлық ерекшеліктерін құрылымын , тілдік қызметін ажырата білу;

- Әңгіме, сұхбат жүргізе білу;

-Көпшілік алдында сөйлей білу;

Оқушылардың мектепішілік газет шығаруы , үздік мақалаларды жариялауы , аудандық газетке мақала беруі курс жұмысының қорытындысы болады.



Оқу – тақырыптық жоспар

Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат.

Курс бөлімдері:

Кіріспе – 1 сағат

Журналистік қызмет- 6 сағат

Журналистік мәтін – 20 сағат

Баспа жұмысы -6 сағат

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Өткізілу түрі

Шығармашылық жұмыстар

Мерзімі

1

Кіріспе сабақ

1


Интерактивті дәріс



1-бөлім. Журналистік қызмет


2-3

Журналистика негіздері

1

1

Дәріс, шағын топтармен жұмыс

«Ассоциативті қатар» әдісі


4-5

Тілші мен аудитория 

(аудиторияның ықыласын аудару тәсілдері )


2

Газет мақалалары- 

мен жұмыс

Іскерлік ойын «Пресс- конференция»









6-7

Тілшінің сөйлеу мәдениеті

 

1

Тренинг ойын

Көпшілік алдында сөйлеу


2-бөлім. Журналистік мәтін


8-9

Мәліметтермен жұмыс

1

1

Дәріс

«Араның ұясы» әдісі


 

10

Материалдың құрылымы, алғашқы нұсқасы және өңдеу


1

Дәріс

«Араның ұясы» әдісі


11

Жазу процесі


1

Дәріс

Газетпен жұмыс


12

Жауапкершілік және этика

1


Дәріс

«Өз-өзіме хат»


13

Журналистиканың негізгі жанрлары. Ақпараттық жанр, әңгіме, сұхбат, репортаж, түсініктеме, корреспонденция, деректеме есеп, баспасөз, мақала, түсіндірме.

1


Дәріс

Мектеп өміріндегі ақпараттық жанр түрлері (сұхбат, түсініктеме, мақала)


14-15

Репортаж және оның түрлері.


2

Дәріс



16-17

Сұхбат. Ақпарат жинау әдістері.


1

Шығармашылық шеберлік

Рецензия жасау


18

Талдамалы жанр, есеп, корреспонденция журналистік шолу, рецензия, баспасөз конференциясы

1


Дәріс



16-20

Рецензия


2

Шығармашылық шеберлік

Рецензия жазу


21

Көркем публицистика жанры, Очерк, эссе, суреттеме.

1


Дәріс.



22-23

Очерк.


2

Шығармашылық шеберлік

М.Әуезов «Индия  очерктері» талдаужазу


24-25

Эссе.


2

Шығармашылық шеберлік

Эссе жазу


26-27

Сатиралық жанрлар: фельетон памфлет, пародия.

1

1

Дәріс.



28

Стильдік және тілдік қателер.


1

Машықтану

Мақала жазу.


3-бөлім. Баспа жұмысы


29-30

Газет құрылымы:беттердің қатталуы


2


Аудандық «Бұланды таңы» газеті тілшілерімен кездесу, экскурсия


31-34

Мектеп газетін дайындау, шығару

1

3


Мектеп газетіне түрлі жанрда материалдар дайындау, газет шығару












































Бағдарлама мазмұны

1 сабақ.

Кіріспе.(1 сағат)

Курстың мақсат, міндеттері, жұмыс түрлерімен таныстыру.

Жұмыс түрі мен әдісі.

Дәріс. Пікір-алмасу.

Үй тапсырмасы:  Ойтолғау  «Тілші- мамандығы туралы»

1-бөлім. Журналистік қызмет.

2-3 сабақ.

Журналистика негіздері (2 сағат)

БАҚ.  Оның қоғамдағы рөлі, түрлері туралы түсінік беру.

Журналистика бойынша негізгі мамандықтар (тілші, репортер, фототілші,комментатор)

Журналистің кәсіби сапалығы:

Дарындылық,білім,өмірлік тәжірбиесі, адалдық өткір тілдің бірлігі.

Практикалық жұмыс.

Дәріс. «Ассоциативті қатар» әдісі

Үй тапсырмасы: топтық, шығармашылық жұмыс.

4-5 сабақ.

Тілші мен аудитория ( аудиторияның ықыласын аудару тәсілдері)

Аудиториямен дұрыс байланыс орната білу шеберлігі көпшілік алдында сөйлесуге күнделікті дайындық. Сөйлеу техникасын меңгеру, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Көпшілік алдында сөйлеудің әдістемесін меңгеру. Сөйленген сөздерге сыни тұрғыда  талдау жасау.

Практикалық  жұмыс: Іскерлік ойын «Пресс- конференция»

Үй тапсырмасы: нақты бір тақырып бойынша көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу.

6-7 сабақ

Тілшінің сөйлеу мәдениеті

Сөздік қордың молдығы және әр алуандығы. Тіл тазалығы, тіл көрнектілігі, тіл анықтылығы, тіл дәлдігі. Сөз дұрыстығы әдеби тілдің  қалыптасқан нормасын сақтау.

Практикалық жұмыс: көпшілік алдындасөйлеуге төселдіру.

«Шешендер жарысы» ойыны.

Үй тапсырмасы: қайталау.

2-бөлім. Журналистік мәтін.

8-9 сабақ. Мәліметтермен жұмыс.

Ақпарат  жинау. Пайдаланылатын фактілерді талдау, қорыту, өзара байланысын табу.

Практикалық жұмыс. Дәріс . Шығармашылық жұмыс «Миға шабуыл»

Үй тапсырмасы: Мектеп өмірінен жиналған мәліметтермен жұмыс.

10 сабақ.

Материалдың құрылымы алғашқы нұсқасы  және өңдеу.

Ақпарат дайындалып болғаннан кейің материалдың құрылысын жоспарлау, Алғашқы нұсқасын жасау,яғни өңдеу.

Практикалық жұмыс. Дәріс «Араның ұясы» әдісі.

Үй жұмысы: Жиналған мәліметтерінің  алғашқы нұсқасын  жасау, өңдеу.

11 сабақ. Жазу процесі.

Практикалық жұмыс. Дәріс «Кубизм » әдіісі.

Үй тапсырмасы: Еркін  тақырыпта  ақпарат дайындап әкелу.

12 сабақ.      Жауапкершілік және этика.

Материал жинағанда және жазғанда-журналистің жауапкершілігі, этикасы.

Практикалық жұмыс. Дәріс  «Араның ұясы»

Үй тапсырмасы;  Шағын эссе. «Өз-өзіме хат»

13 сабақ. Журналистиканың негізгі жанрларымен танысу.

Ақпараттық жанр.

Ақпараттық жанр түрлері қойылатын талаптар,айырмашылықтары.

Практикалық жұмыс. Дәріс. Мектеп өміріндегі ақпараттық  жанр түрлері

Үй тапсырмасы: Мектеп өмірінен еркін тақырыпта жанрға материал дайындау

14, 15- сабақ         Репортаж және оның түрлері.

Репортаж- ақпараттық жанр. Репортаждың түрлері, өзіндік ерекшеліктері мен  берілу тәсілдері.

Практикалық жұмыс. Дәріс. «Мінсіз тапсырма» әдісі, шағын топта  репортаж  жасауға үйрету.

Үй тапсырмасы: Еркін тақырыпта репортаж дайындау.

16, 17 -сабақ      Сұхбат. Ақпарат жинау әдістері.

Сұхбат ұйымдастыру, әдісі, мазмұны жағынан жіктелуі  (Хабарламалы, түсіндірмелі, суреттеме, сауалнама)

Практикалық  жұмыс: Дәріс. Рөлдік ойын

Үй тапсырмасы: Мектеп газетіне сұхбат жазу.

18- сабақ.   Талдамалы жанр

Талдамалы жанрдың- түрлері, құрылымы, мазмұны мен ерекшеліктері. (Есеп, корреспонденция, журналистік шолу, рецензия, баспасөз конференциясы, мақала).

Практикалық жұмыс. Дәріс. Іскерлік ойын.

Үй тапсырмасы: Мектеп өміріндегі  талдамалы жанр  түрлеріне материал дайындау.

19, 20- сабақ. Рецензия (2 сағат)

Көркем не ғылыми шығармаға  жазылған пікір, оны сыни тұрғыдан талдау және бағалау жолдары.

Рецензияның өнер туындылары (Спектакль, кинофильм, музыкалық бейнелеу өнері)   мен мәдени  оқиғаларға (концерт, көрме, көркемөнерпаздар байқауы) арналған түрлері.

Практикалық жұмыс. Дәріс. Шығарма, ғылыми жұмыс, жазба жұмыстарына жазылған рецензияға талдау жасау.

Үй тапсырмасы: Көркем шығармаға рецензия жазу.

21-сабақ. Көркем публистика жанры

Көркем публистика жанры шығармаларының негізгі қызметі: хабарламалық, эстетикалық, ағартушылық, эксперссиялық.

Негізгі жанрлары: суреттеме, очерк, эссе

Практикалық жұмыс. Дәріс.

Үй тапсырмасы: Еркін тақырыпта эссе жазу.

22, 23- сабақ.     Очерк (2 сағат)

Очеркке қойылатын негізгі талаптар.

Шығармашылық жұмыс: Баспада жарияланған очерктер бойынша талдау, түсіндіру жұмыстары

Үй тапсырмасы: Еркін тақырыпта очерк жазуға қадам жасау.

24, 25 сабақ. Эссе (2сағат)

Практикалық жұмыс: Шығармашылық шеберлік. Ақын- жазушылар шығармасынан, эссе туралы.

Үй тапсырмасы: Эссе жазу.

26, 27 –сабақ.      Сатиралық  жанр, фельетон, памерлет, пародия (2 сағат)

Практикалық жұмыс. Дәріс.Шығармашылық шеберлік.

Үй тапсырмасы: Сатиралық жанрға материал жазу.

28- сабақ. Стильдік  және тілдік қателер

Практикалық жұмыс. Дәріс. «Бұланды таңы» газеті тілшілерімен шеберлік сыныбын өткізу.

Үй тапсырмасы: Өздері таңдаған жанр түріне материал дайындау.

3- бөлім. Баспа жұмысы

29,30- сабақ. Газет құрылымы: бірінші бет, ішкі беттер, соңғы бет,әр беттің берілген ақпараттардың мазмұндық құрылымы,дизайн.

Практикалық жұмыс. Аудандық «Бұланды таңы» газеті  тілшілерімен кездесу, редакцияға экскурсия жасау.

31-34-сабақ. Мектеп газетін дайындау, шығару жұмыстары.

Үй тапсырмасы: Мектеп газетіне түрлі жанрда материалдар  дайындау.

 

























Қосымша 2

«Жас тілші» сөздігі

Жанр - жанр, түрі. Журналистика теориясы жанрдың мынадай белгілері бар:

-ақпараттық жанр, талдамалы жанр, көркем публистика жанры;

-ақпараттық жанр – оқиғалы, түсініктемелі және іргелі, нақты, көркем әрі публистикалық;

Интервью - сұхбаттасу, журналистің бір немесе бірнеше адаммен қоғамдық мәні бар елеулі оқиғаларт мен толғақты  мәселелер жөнінде пікір алысып әңгімелесуі.

-сұхбат – анкета, сұхбат-диолог, сұхбат-пікір, сұхбат-монолог, деректі- сұхбат сынды түрлері бар.

Репортаж - репортаж, хабарлау. Журналистиканың хабар жанры, белгілі бір оқиғаның басы-қасына болып, көзбе-көз көрген журналистің оны ізінше  өз байқауы мен түсінігі, өз  көзқарасы мен бағасы тұрғысынан әсерлі түрде баяндауы.

Рецензия - пікір жазу. Көркем немесе ғылыми шығармаға жазылған  пікір, оны сыни  тұрғыдан  талдау және бағалау

Эссе - әсерден  туған лирикалық толғаныс.

Корреспондент - тілші, хабар жеткізуші, хабарлаушы

Мақала - шағын және жедел  жанр. Ол өмір шындығының нақты фактілері, құбелестары туралы дәлме-дәл тұжырымды хабарлап, телегафтық стильде жазылады. Мақаланың негізгі екі түрі бар. Бірінші жолдық тектес мақала және дербес мақала. Дербес мақала екі түрлі формада: кеңейтілген түрде және сын түрінде жазылады да, ол газеттің күнделікті  ісінде  өте жиі кездеседі.

Есеп – оқиға туралы ақпараттық хабарлама, онда белгілі бір аудитория қатысады.

Баспасөз конференциясы - баспасөз, радио, теледидар өкілдерінің жиналысы.

Баспасөзге шолу - газеттерде, журналдарда, кітаптарда, радио және телехабарларға пікір түрінде берілетін материал.

Очерк - жедел, ықшам жанр, үлкен туындының нобайы. Адам өмірінің  басты-басты тұстарын, биік қасиеттерін ғана қамтиды. Очерк портреттік,  проблемалық, аналитикалық, жолсапар, суреттемелік болып  бөлінеді.

Памфлет – өткір сатиралық шығарма. Памфлет жазылу  формасы мен   композициялық құрылысы жағынанан 4 топқа бөлінеді.

Пародия - сықақтап қайталап айту. Автордың жеке шығармасының, әдеби  бағытының стилін, жанрын  шешу мақсатымен оған ұқсатып жазылған әдеби-көркем еліктеуіш жанр.

Фельетон - әдеби баяндау  тәсілі ерекше публистикалық сипаттағы щығарма.

Мақала мен корреспонденциядан айырмашалығы сол, онда сықақ пен әзіл-оспақ элементтері бар.

Түсініктеме - ақпараттық жанр. БАҚ жуйесіндегі насихат құралдарының бірі. Түсіндірме қоғамдық -саяси оқиғалардың, құжаттардың жайын, мәнісін жедел түсіндіруге пайдаланылады.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!