СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жас ұландар- мақтанышы елімнің!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың    тақырыбы:      Жас ұландар- мақтанышы елімнің!

Мақсаты:

Білімділік:  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  күштерінің  құрылуы ,  оның  Отанымыздың бейбітшілігін  сақтаудағы  маңызы  жайлы ,  әскери өнердің  өзңндңк  ерекшелігі  туралы ,  егемендігімізді  күзетуде  олардың  маңызы   жайлы  тереі  мағлұмат  беру:

Дамытушылыұ:  оқушылардың    шығармашылық  қабілеттерін ,  өлеңді  мәнерлеп  оқу манерін,  өнерлерін  көрсете  білуге ,  сахнада  өздерін  көрсете  білу  арқылы  эстетикалық  қабілеттерін  дамыту;

Тәрбиелік :   оқушыларды  туған  елін  , жерін  Отанын  ,  тілін ,  мәдениетін  құрметтеп , тарихты  терең  бағалай  отырып  ,   патриоттық  сезімге  тірбиелеу;

Просмотр содержимого документа
«Жас ұландар- мақтанышы елімнің!»

5 мектеп - лицейі











«Жас ұландар- мақтанышы елімнің!»





Өткізген: Нұрымбетова Н.О

2 «А» сынып










2021-2022




Сабақтың    тақырыбы:      Жас ұландар- мақтанышы елімнің!

Мақсаты:

Білімділік:  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  күштерінің  құрылуы ,  оның  Отанымыздың бейбітшілігін  сақтаудағы  маңызы  жайлы ,  әскери өнердің  өзңндңк  ерекшелігі  туралы ,  егемендігімізді  күзетуде  олардың  маңызы   жайлы  тереі  мағлұмат  беру:

Дамытушылыұ:  оқушылардың    шығармашылық  қабілеттерін ,  өлеңді  мәнерлеп  оқу манерін,  өнерлерін  көрсете  білуге ,  сахнада  өздерін  көрсете  білу  арқылы  эстетикалық  қабілеттерін  дамыту;

Тәрбиелік :   оқушыларды  туған  елін  , жерін  Отанын  ,  тілін ,  мәдениетін  құрметтеп , тарихты  терең  бағалай  отырып  ,   патриоттық  сезімге  тірбиелеу;

Көрнекіліктер :   «7 мамыр Отан қорғаушылар  күні» ,  «Power Point» слайд шоу 

Сабақтың  барысы:   І. Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ. Қазақстан  Республикасының   гимні  орындалады.

I- Жүргізуші:

Жүрекке  адалдықтың  ескен гүлін,

Ғажайып  келешектің  төккен гүлін.

Ардақты  ағаларга  шын  көңілден,

Жолдаймыз  алғыс  пенен  сәлем  бүгін-

II -Жүргізуші:

Қазақстан – кең байтақ, 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекен етіп жатқан мемлекет. Еліміздің әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулықтың берік туын желбіретіп, сүйікті байтақ даламызға деген махаббатын ісімен дәлелдесе, оны неге отансүйгіштік демеске. Тіпті, Елбасымыз өзінің «Тарих толқынында» деп аталатын кітабында «Ұлттық бірліксіз патриотизм жансыз» деген ойды  айтқан. Жалпы, жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы – жастайынан патриоттық сезімін дамыту. Адам бойындағы бұл байлық бір зерттеушілердің ойынша туа біт­кен қасиетке жатпайды екен, ол әлеуметтік, тарихи сатыларда қалыптасқан, сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден ғана көрінеді.

I -Жүргізуші:

Ел — халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Әскеріміздің  айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!

1-оқушы :

Әркайсысы  жас  пері

Бойында  бар  нык  күші

Қазағымның   әскері

Мықтылардың   мықтысы

2-оқушы:

Арайланып  ақ  таң  шын

Ашық  болсын  жолдарың

Әрбір  қазақ  мақтансын

Деп  сендерді  « Қорғаным»

3-оқушы:

Сыйлар  деумен  тынымды

Сендерге  артты  үмітті  ел

Мейрамдарың  бүгінгі

Кұтты  болсын  жігіттер

« Сарбаздар» әні .

І-жүргізуші:

1992 жылдың 7 мамырында  Елбасымыз  Н.А.Назарбаев  Жарлығыммен тарихымызда тұңғыш рет республикамыздың қарулы күштерін құрылды. Ол бір тарихи жағдай, тағдырлы кез болатын. осынша тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде бір тақырдан өз армиямыз, әскерлер түрін түзілді. Ол енді тәуелсіз мемлекетіміздің ажырамас бөлігіне, заманымыздың жақсы дайындалған, жасақталған, ұрысқа қабілетті армиясына айналды. 

4-оқушы:

Ақ  найзаның  ұшымен,

Ақ  білектін  күшімен,

Ата-бабам  мирас  етті  жерімді.

Арыстандай  айбаттым,

Бойда  құрыш  қайратым,

Мәнгі  қорғап  өтем  текті  елімді.

5-оқушы:

Сүйсем  әке-апамды,

Сүйсем  солай  Отанды,

Мызғымайтын  шекарада  тұрганда.

Отан  үшін  от  кешем,

Қаруыммен  серттесем,

Көк  бөрінін  киеси  бар  тұлғамда.

6-оқушы

Бейбіт  қонған  елім  бұл,

Ертіс  пенен Еділдің,

Арқа  менен  Алатаудын  арасын.

Мәнгі  орнасын  азат  күн,

Аспанына  қазақтың ,

Ынтымақ  пен   тапсын  бірлік  жарасым.

7-оқушы

Мен қазақпын, ұланымын елімнің ,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің ,

Ұланымын туын көкке көтерер.

Болашаққа алға бастап жетелер,

Қиындығын қазағымның әрқашан ,

Қайыспайтын қара нардай көтерер.

8-оқушы

Көз тойғысыз қазағымның жері бар ,

Ну орман, тауы, өзені, көлі бар .

Қазағымның жерін, елін қорғайтын ,

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

9-оқушы

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз .

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

(оқушыларымыздың    7 мамыр  Отанқорғаушылар  күні  туралы  ойларын  тыңдайық).

 10-оқушы

Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер орасан ілтипатқа ие.

11-оқушы

Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз,  Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.

12-оқушы

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға деген сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады.13-оқушы

Отан қорғаушылар күні Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды. 

ІI-Жүргізуші: 

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

I-Жүргізуші :

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі,  болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын .



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!