СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жастардың арасындағы тәрбие мен құқықтық сананы жетілдіру шаралары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жастардың арасындағы тәрбие мен құқықтық сананы жетілдіру шаралары

Муйденова Алия Калжановна

заң ғылымдарының магистрі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университеті, Қызылорда

 

Жиырма бірінші ғасыр басындағы қазіргі қоғам қарқынды дамумен қатар, өз даму үрдісімен барлық саланы жандандыруда. Сондықтан қоғамның әр саласында түрлі мақсаттар қойылып, оларды шешуге арналған міндеттер атқарылуда. Тәрбие мен білім беру саласында да жаңа әдіс-тәсілдер, технологиялар анықталып, жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңарған модельдері жасалуда.

Жастар арасындағы тәрбие жұмысын тиімді жүргізу - бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып отырғаны жасырын емес. Әсіресе, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, әр түрлі жат діни ағымдардың теріс идеологиясына жастардың төтеп беруі, ұлтаралық келісімді нығайту сияқты тәрбие жұмыстарының басты бағыттары айқандалуды қажет етеді. Өйткені саналы адамзат баласы, жалпы қоғам және мемлекет жастар тәрбиесіне әрдайым ерекше көңіл бөліп, қаперден шығарған емес. Әсіресе отан қорғаушылар үшін тәрбие мен тәртіптің мемлекет алдындағы жауапкершіліктің бірінші кезекте тұратыны белгілі жағдай. Әл-Фараби бабамыздың: «Адамға бірінші тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілетін білім адамзаттың қос жауы. Ол келекшекте адам өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі» /1/ - деген терең мағыналы қанатты сөзі бүгінгі біздің қоғам үшін де негізгі қағидаға айналды.

Жастар арасындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары олардың ортасында орын алып отырған теріс құбылыстармен келеңсіз жайттарға қарсы жүргізілуі кезек күттірмес шаралар болып табылады.

Жастар тәрбиесіндегі қоғамымыздың алаңдатып отырған басты мәселенің бірі – жастар арасындағы қылмыс. Бастауы өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдардан басталған мектеп оқушылары мен жоғарға оқу орындарының студенттері арасында бопсалау, ақша жинау әрекеттерінің тамырына әлі күнге дейін балта шаба алмай келеміз. Әскери бөлімдердегі «аталар» әрекеттерінен туындап жататын қылмыстар түрлері де тоқталмай келеді. Орта мектептер мен оқу орындарын «бақылау аймығына» ұстайтан топтар, өз биліген жүргізіп «общякқа» өздері орнатқан ортақ «қазынаға» ақша жинауды қалыпқа айналдырған. Бұл құқық қорғау органдарының алдында тұрған үлкен кемшіліктің бетін ашады.

Десе де ұрпақ тәрбиелеудің негізі – отбасынан басталады. Отбасы адамның әлеуметтік өмірін айқындайды. Отбасы тәрбиесі – барлық тәрбиенің негізі. Әрбір баланың туылған кезінен бастап есейіп, ер жеткенге дейінгі өмірінің кезеңінде басты арқауы болатын тәлім-тәрбие отбасы мүшелері арқылы беріледі. Отбасы баланы ата-бабаның өмірінен алынған еңбек және қоғамдық іс-әрекетердің ғасырлар бойы жинақталған озық тәжиірбиесімен таныстырып оны құрметтеуге жақсыға ұмтылып  жаманнан жиренуге қоршаған ортаға бейімделуге, қарым-қатынас жасауға, өз бетімен жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасап отырған. Отбасы тәрбиесінің ажырамас құрылымына отбасылық тәрбие ахуалы-өзіндік дәстүр, жайлы жағдай, қарым-қатынас, отбасы өмірінің тәртібі, отбасы мүшелерінің іс-әрекетінің мазмұны жатады. Қазіргі отбасылар әрі сапалы, жаңа, әрі қарама-қайшы қоғамдық жағдайда дамып келеді. Отбасы мәселесінде мемлекет тарапынан қолдау жасалып маңыздылығын бекіту мен жоғарылату үшін бағдарламалар жүзеге асырылып, көңіл бөлінуде. Алайда отбасындағы келеңсіз жағдайлардың күшеюіне әсер ететін құбылыстар да көбеюде.

Отбасылардың тұрмысының төмендеуі, ата-аналардың айырылысуы нәтижесіндегі толық емес отбасылардың көбеюі, отбасында балаға қажетті қамқорлық пен мейірімнің болмауы отбасының елдегі, қоғамдағы жағымсыз жағдайлардан, отбасының шырқының бұзылуынан екені белгілі. Отбасындағы келеңсіздіктер балаға тікелей теріс әсерін тигізеді. Тәрбие мәселесінде мектеп пен отбасы үнемі бірігіп жұмыс жасауы қажет. Сонда ғана оң нәтижеге қол жеткізе алады. Әсіресе қазіргі кезде қазақ отбасыларында жүйелі тәрбие беруге мүмкіндік жоқ деген пікірлер айтылуда. Бұл ата-аналардың мәдени деңгейі мен қоғам өміріне қатысуына және тұрмыстық жағдайға ата-аналардың жұмысбастылығына, өмір сүру ерекшеліктеріне, отбасы құрылымына байланысты. Жас жеткіншектер жеке тұлға ретінде толысып, дамып, өмір туралы түсініктері қалыптасу кезеңінде отбасы мен оқу орны бірлесе отырып жүйелі, дұрыс тәрбиені беруге жағдай жасауы керек.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа апаратын басты фактордың бірі – балаға дер кезінде көмек берілмеуі, баланың мінез-құлқындағы кемшіліктерді байқамау мен өз бетінше бақылаусыз, қараусыз жүруі, ата-аналардың балаларына жұмыс бастылықпен көңіл бөлуге уақыт таппай немқұрайлы қарауы.

Отбасылық тәрбиенің басты міндеттері:

- бала денсаулығына қамқорлық,

- оқуға көмек ,жетекшілік,

- еңбек тәрбиесі,мамандық таңдауға  көмек,

- жеке тұлғаны әлеуметтендіруге көмек,

- адамгершілікке тәрбиелеу,

- ақыл-ойына және жалпы мәдени дамуына ықпал,

- шығармашылық икемділік пен қызығушылығын дамыту,

- өзін-өзі тәрбиелеу мен болашақ отбасылық өмірге дайындау /2/.

Ата-ана мен педагог бірлесе отырып тәрбие жұмысында бірін-бірі толықтырып отыруы шарт. Отбасының өзіне тән өмір сүру ерекшеліктері, оның қалыптасуы, рухани байлықтары, тәрбиелік мүмкіндіктері оқушының үйдегі ата-анасымен қарым қатынасына назар аударылуы қажет.

Жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің біріне дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясына төтеп беруге қабілетті жастарды қалыптастыру, тәрбиелеу жатады. Жат жұрттық, жат пиғылдағы әр түрлі секталар діни пайымы өсіп жетілмеген жастарымызды алдау, арбау, санасын улау арқылы өз қатарларын толықтырып келеді. Жастардың Отан алдындағы ең қасиетті борышы Отанды қорғау деген ұғымды христиан бабтистері кері мағынада уағыздап, жастардың қолына қару алып, Отанын қорғауды күнәһарлыққа жатқызады.

Сонымен қатар «Благодать» шіркеуінің өкілдері, «Саентология» мен «Мун Сан Мен» бірлестігі өздерінің көздеген мақсаттары үшін жастарымызды теріс жолға салумен қатар, мемлекетімізге қарсы тыңшылық жұмыстарымен, мемелекеттік құпияларға қол сұғумен, ел арасында іріткі салумен айналысқан және адам санасын улайтын дәрі-дәрмектерді заңсыз жолмен елімізге жеткізіп, оларды өздерінің арам пиғылдарына, адам санасын улауға пайдаланған. Бұл «секталар» өздерінің теріс пиғылдарын бүркемелеп, Алматы қаласындағы біренше орта мектептер мен жоғары оқу орындарында заңсыз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгені белгілі болды. Яғни, мемлекетіміздің алдында жастарымызды жат-жұрттық секталардың жетегіне, жүгенсіздігіне жібермес үшін пәрменді шараларды атқару міндеті тұр.

Еліміздің зайырлы мемелекет болуы өзіміздің дәстүлі дінімізден қол үзу, оның қағидаларын халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізуге болмайды дегенді білдірмесе керек. Қайта керісінше, ата-бабамыздан келе жатқан дініміздің құндылықтарымен жастарымызды таныстыру, тәрбие саласында пайдалану ісі олардың зайырлы қоғамдағы жан дүниесін байыты түсетіні анық. Қазіргі кезде «Асыл арна» респуликамыздағы ислам діні жөнінде толыққанда хабарлап тарататын бірден – бір канал болып отыр. Жастарымызға дініміздің негізгі қағидалары жөнінде бастапқа білімді де бере алмай келеміз. Өзіміздің жастарымызды өзіміз шет елдік миссонерлердің қармағана іліктірудеміз. Әртүрлі діни ағымдарға қарсы тұрарлық, ғылыми негізді көзқарасы бар адамды қалыптастыруды берік мақсат етіп мұсылмандықтың алғышарттарына, имандылыққа насихаттасақ ұтарымыз көп болмақ.

Негізінде Ислам дінінде басты мақсат - бірлік, ынтымақ, сүйіспеншілік пен өзара татулықты орнату. Бөлінушілік, ауызбіршілікке нұқсан келтіретін араздық тудыратын істерге қарсы. Имандылық - өзара ынтымақ пен татулыққа, қолғабыс көрсетуге шақырып жат қылықтан сақтандырады. Қазақтың көрнекті ағартушы-педагог ғалымдары Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, М. Жұмабаевтар да бала тәрбиесінде діннің, имандылықтың рөлін жоғары бағалаған. Ш. Құдайбердіұлының «Үш анық» еңбегінде: «діни таным арақ-шарапты ішуге, темекі шегуге, өтірік-өсек айтуға, ұрлық жасауға, зорлық-зомбылыққа тиым салады, ар танымы мен ғылыми танымға жол сілтейді» /3/ - деп талдау жасайды. Бар өмірін адамды зерттеуге арнаған ұлылық иесі Абай Құран сөздерінен нәр алған, имандылықты бойына сіңіріп, ұрпақ тәрбиесінде ұстанған.

Жастар тәрбиесіндегі алаңдатарлық мәселелердің бірі – рухани сала болып табылады. Рухани саладағы жастар тәрбиесінде бұхаралық ақпарат құралдарының атқарар жүгі үлкен болып табылады. Ақпарат ағыныдағы бей-берекетсіздіктің шамадан тыс белең алғаны соншалық, кино театарларда, теледидарларда көрсетіліп жатқан фильмдердің мән мағынасын, тарихи тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесіндегі зияндылығын саралап жатпай-ақ көпшіліктің назарына ұсынып жатырмыз... Кино өнерінің ұрпақ тәрбиесіндегі қуатты қару екенін түсінген шет мемлекеттер миллиондаған қаржы шығарып, белгілі мақсаттары үшін тарихи шындықтарды бұрмалап түсірген фильмдері арқылы жастарымыздың тәрбиесіне кері әсер етуде. Баршамызға белгілі қытайлықтар түсірген «Шынғыс хан» фильмі ұлттық телеарнамыз арқылы көрсетілді осы бір ғана көркем фильм санамызға қаншалықты әсер етті десеңізші. Фильмнен алған әсеріміздің «нәтижесінде» Шыңғыс ханнан өз жерін, өз елін алты ай бойы қорғау арқылы патриоттық тәрбиенің өнегесі, үлгісі болып жүрген Отырар қаласының қорғаушысы Қайырханды қара өгізге теріс мінгізіп жамандай жөнелдік. Ал, бұл киноны түсіргендерге мұндай фильм неге түсірдің деп айта алмаспыз. Бірақ бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің өз мүддесін, өз идеологиясы жас ұрпақ тәрбиесі алдындағы жауапкершілігі бар емес пе? Неге біз өз жастарымыздың тәрбиесіндегі жауакершілікті жат пиғылдардың жетегіне жетектетіп қоя беруге жол береміз. Мемлекетіміздің өз ақпарат кеңістігін қорғауы бірінші кезекте тұруга тиісті міндет екенін неге ұмытамыз.

Заманға сай, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу - мемлекетіміздің маңызды стратегиясы. Біз тарихи білім мен тәрбиені ұштастыра білуіміз керек. Төл тарихымыздың  тәлім-тәрбие аларлық, үлгі боларлық тұстары жеткілікті. Ұлтымыздың қалыптасуын, мәдени дамуын, ел қорғаған батырларының ерлік істерін, әскери-саяси тарихын, тарихи тұлғалардың өмір жолын, халық ауыз әдебиетін, даналардың ғибратты нақыл сөздерін нақты дерек көздері арқылы білгені жөн. Ұлттық құндылықтарды насихаттаудың әлеуметтік мәні зор. Халықтық тәлім-тәрбие-қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, әлеуметтік тәртіптің айғағы. Халықтық дәстүрді, ұлттық мәдени құндылықтарды қазіргі саяси жағдайда өркениетті өмірмен байланыстыру - тәлім-тәрбиенің басты шарты. Әлеуметтік мәні зор ұлттық құндылықтардың мән-мағынасын ұғындыру, оның жастардың санасына, сезіміне әсер ететіндей дәрежеде жеткізу асқан шеберлікті қажет етеді. Бірақ қолға алған ұлттық мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап қалу, оның әлеуметтік, саяси өркендеуін  қамтамасыз ету үшін  келешек ұлт болашағы жас жеткіншектеріміздің қоғамдық-саяси дәрежесіне, ұлттық тәуелсіздік идеясының олардың санасына қай дәрежеде қалыптасуына байланысты Қазіргі кезде білім беру ісінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, танымдық іс-әрекеті мен ой-өрісін жетілдіруде ұлттық негізді айқындау - өзекті мәселе болып табылады. Әрбір жас жеткіншекті жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтардың көзін ашып дамытуымыз қажет.

Халық қазынасын ақылды да әдепті, ұлтжанды, жан-жақты жетілген, ізгілігі мол азамат тәрбиелеуде пайдалансақ ұтарымыз көп болмақ. Өз тілін, дінін, тарихын, рухани бастауларын біліп өскен ұрпақ, біртіндеп әлемдік мәдениетті де игереді. Ұлттық құндылықтардың озық тәжиірбиесін игеріп өскен жастар оқуда да, тәрбиеде де дұрыс бағытты таңдап, өзінің рухани негізін ұмытпай, ұлтының, отанының дамуына белсенді үлес қосады деген үміттеміз. Қазіргі кезең жаңа технология, жаңа ойдың ғасыры. Дегенмен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп білімнің негізі етіп алған жастар ғана тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамып, адамгершілік қасиеттері жетіледі. Тұлғаның әлеуметтануында біз әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруымыз қажет. Соның ішінде ұлттық тәрбиені басты назарда ұстап, оқу мен тәрбиенің діңгегіне айналдырсақ қана ұлттық негізімізді жоғалтпай жаңа заман талабымен қайта жаңғыртып түлетуге мүмкіндік аламыз.

Бүгінгі тәуелсіз мелекетімізде азат ойлы, рухы биік жастардың алдыңғы легі өсіп жетілді. Мемлекетіміздің басшысы жастарға үлкен сенім арта отрырып, «Нұр Отан»  халықтық демократиялық партиясының форумында: «Біздің стратегиялық міндет-мемлекеттік басқарушылардың жаңа генерациясын, жаңа толқынын тудыру. Олар кәсіби дайындықтан өткен, сауатты, замана көшімен қатар, адымдаған, ел мүддесі үшін адал еңбек ететін, әртүрлі мүдделерімен сыбайласпаған адамдар болуға тиіс. Қарапайым тілмен айтқанда, біз мемлекеттік қызметкерлер болуының ауысуы қарсаңында тұрмыз» /4/, - деп жастар алдындағы негізгі міндеттерді айқындап берді.

Кез-келген мемлекеттің қуттылығы, оның әскери күшінде ғана емес, оның ұлттық рухынын күштілігінде. Мемлекеттің байлығы табиғи қорының молдығына емес, оның рухани байлығы: Отан сүйгіштік, Отанға адалдық, Қазақстандық патриотизмнің қалыптасуында. Бұл процес бір жағынана қазіргі заманғы құқықтық жүйенің қалыптасуымен, екінші жағынан азаматтардың, қоғамның, мемлекеттік орган қызметкерлерінің құқықтық мәдениетінің қалыптасуымен тікелей байланысты. Құқықтық мәдениеттің, құқықтық сананың және әрбір азаматтың белсенді қоғамдық қызметінің бастауы - құқықтық тәрбие мен құқықтық сауаттылығы болып табылады.

Білім - бұл толыққанды қоғам өміріне араласудың құралы ғана емес, мемлекеттің мақсаттарына сай азаматтарды тәрбиелеп шығаруының маңызды құралы. Құқықтық сауаттылықты іске асыруда жеке тұлғаның құқықтық санасын көтеру арқылы қоғамның құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі жауаптылығы артып, мемлекеттің тұрақты түрде даму бағытын іске асыруға жағдай жасалады. Сондықтан құқықтық тәрбие мен құқықтық сауаттылық қоғам дамуының құқықтық қорғаушы күші ретінде қабылдануы қажет. Тек құқықтық сауатты әлеуметтік топ өкілі ғана қоғамды дұрыс бағытта дамытуға және өз құқын қорғауға мүмкіндік алады.

Қазіргі кезеңде құқықтық сананы қалыптастырудың басым бағыттарына мыналар жатады: құқықтық сауаттылық пен құқықтық сананы, әлеуметтік-құқықтық белсенділікті, құқықтық нормаларын сақтауды міндеттілік деп санайтын, өзін заңмен қорғалатын қоғамның тең құқылы азаматы ретінде сезінетін, азаматтылық жауаптылық пен өзін-өзі сыйлауды, тәртіпті, өзге адамдардың құқығы мен бостандығын сыйлауды, демократиялық құқықтық құндылықтарды бағалау /5/.

Құқықтық тәрбие мен құқықтық сананы қалыптастыру тек жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқушыларды оқыту процесінде ғана емес халықтық барлық топтары арасында әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында жүргізілуі қажет. Қазіргі кезеңде біріншіден жастар арасында құқықтық тәрбие өз дәрежесінде емес, қазіргі қоғам мен келешек алдында тұрған міндеттер мен талаптарға сай жүргізіліп отырған жоқ. Екіншіден бүгінгі оқушы бірнеше жылдан кейін өндірістік-техникалық және әкімшілік-басқару қызметіне тікелей байланыста болады. Мектеп оқушылары арасында оқушылардың арасында құқықтық сауаттылықтың төмендігі тіпті мүлдем сауатсыздығыда кездеседі. Бұл құқықтық сана мен құқықтық тәрбиені насихаттаудың бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін тағы да дәлелдей түседі. Мемлекетіміздің алдына қойған басты міндеттері көп болғанымен құқықтық тәрбие кезек күттірмейтін мәселе, себебі ол мемлекет болашағының кепілі. Құқықтық тәрбие мектеп қабырғасынан бастап қолға алынып жас жеткіншектер құқықтың саяси-моральдық тұрғыдан басшылыққа алуы қажет. Құқықтық тәрбие - азаматтардың патриоттық сезімін қалыптастырудың негізі.

 

Пайдаланылған әдебиттер тізімі:

 

  1. Жарықбаев Қ. Аталар сөзі – ақылдың көзі. - Алматы: Қазақстан, 1980.
  2. Галиев Е. Мектептің отбасымен байланысы. // Тәрбие құралы. – 2003 -  №6.
  3. Құдайбердіұлы Ш. Үшанық. – Семей: Жәрдем, 1912.
  4. Назарбаев.Н. Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын індет. // Айқын. -2008 - 7 қараша.
  5. Милова Е.В. Правовое обучение – важное направление воспитания патриотизма // Сборник материалов областной научно-практической конференции на тему: «Актуальные вопросы патриотического воспитания в организациях среднего профессионального обучения». Кызылорда, 2010 г.

 

Резюме

В статье рассмотрены меры по совершенствованию воспитания и правосознания среди молодежи.

 

Summary

The article considers measures to improve education and sense of justice among young people.

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«Жастардың арасындағы тәрбие мен құқықтық сананы жетілдіру шаралары»

Жастардың арасындағы тәрбие мен құқықтық сананы жетілдіру шаралары

Муйденова Алия Калжановна

заң ғылымдарының магистрі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университеті, Қызылорда


Жиырма бірінші ғасыр басындағы қазіргі қоғам қарқынды дамумен қатар, өз даму үрдісімен барлық саланы жандандыруда. Сондықтан қоғамның әр саласында түрлі мақсаттар қойылып, оларды шешуге арналған міндеттер атқарылуда. Тәрбие мен білім беру саласында да жаңа әдіс-тәсілдер, технологиялар анықталып, жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңарған модельдері жасалуда.

Жастар арасындағы тәрбие жұмысын тиімді жүргізу - бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып отырғаны жасырын емес. Әсіресе, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, әр түрлі жат діни ағымдардың теріс идеологиясына жастардың төтеп беруі, ұлтаралық келісімді нығайту сияқты тәрбие жұмыстарының басты бағыттары айқандалуды қажет етеді. Өйткені саналы адамзат баласы, жалпы қоғам және мемлекет жастар тәрбиесіне әрдайым ерекше көңіл бөліп, қаперден шығарған емес. Әсіресе отан қорғаушылар үшін тәрбие мен тәртіптің мемлекет алдындағы жауапкершіліктің бірінші кезекте тұратыны белгілі жағдай. Әл-Фараби бабамыздың: «Адамға бірінші тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілетін білім адамзаттың қос жауы. Ол келекшекте адам өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі» /1/ - деген терең мағыналы қанатты сөзі бүгінгі біздің қоғам үшін де негізгі қағидаға айналды.

Жастар арасындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары олардың ортасында орын алып отырған теріс құбылыстармен келеңсіз жайттарға қарсы жүргізілуі кезек күттірмес шаралар болып табылады.

Жастар тәрбиесіндегі қоғамымыздың алаңдатып отырған басты мәселенің бірі – жастар арасындағы қылмыс. Бастауы өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдардан басталған мектеп оқушылары мен жоғарға оқу орындарының студенттері арасында бопсалау, ақша жинау әрекеттерінің тамырына әлі күнге дейін балта шаба алмай келеміз. Әскери бөлімдердегі «аталар» әрекеттерінен туындап жататын қылмыстар түрлері де тоқталмай келеді. Орта мектептер мен оқу орындарын «бақылау аймығына» ұстайтан топтар, өз биліген жүргізіп «общякқа» өздері орнатқан ортақ «қазынаға» ақша жинауды қалыпқа айналдырған. Бұл құқық қорғау органдарының алдында тұрған үлкен кемшіліктің бетін ашады.

Десе де ұрпақ тәрбиелеудің негізі – отбасынан басталады. Отбасы адамның әлеуметтік өмірін айқындайды. Отбасы тәрбиесі – барлық тәрбиенің негізі. Әрбір баланың туылған кезінен бастап есейіп, ер жеткенге дейінгі өмірінің кезеңінде басты арқауы болатын тәлім-тәрбие отбасы мүшелері арқылы беріледі. Отбасы баланы ата-бабаның өмірінен алынған еңбек және қоғамдық іс-әрекетердің ғасырлар бойы жинақталған озық тәжиірбиесімен таныстырып оны құрметтеуге жақсыға ұмтылып жаманнан жиренуге қоршаған ортаға бейімделуге, қарым-қатынас жасауға, өз бетімен жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасап отырған. Отбасы тәрбиесінің ажырамас құрылымына отбасылық тәрбие ахуалы-өзіндік дәстүр, жайлы жағдай, қарым-қатынас, отбасы өмірінің тәртібі, отбасы мүшелерінің іс-әрекетінің мазмұны жатады. Қазіргі отбасылар әрі сапалы, жаңа, әрі қарама-қайшы қоғамдық жағдайда дамып келеді. Отбасы мәселесінде мемлекет тарапынан қолдау жасалып маңыздылығын бекіту мен жоғарылату үшін бағдарламалар жүзеге асырылып, көңіл бөлінуде. Алайда отбасындағы келеңсіз жағдайлардың күшеюіне әсер ететін құбылыстар да көбеюде.

Отбасылардың тұрмысының төмендеуі, ата-аналардың айырылысуы нәтижесіндегі толық емес отбасылардың көбеюі, отбасында балаға қажетті қамқорлық пен мейірімнің болмауы отбасының елдегі, қоғамдағы жағымсыз жағдайлардан, отбасының шырқының бұзылуынан екені белгілі. Отбасындағы келеңсіздіктер балаға тікелей теріс әсерін тигізеді. Тәрбие мәселесінде мектеп пен отбасы үнемі бірігіп жұмыс жасауы қажет. Сонда ғана оң нәтижеге қол жеткізе алады. Әсіресе қазіргі кезде қазақ отбасыларында жүйелі тәрбие беруге мүмкіндік жоқ деген пікірлер айтылуда. Бұл ата-аналардың мәдени деңгейі мен қоғам өміріне қатысуына және тұрмыстық жағдайға ата-аналардың жұмысбастылығына, өмір сүру ерекшеліктеріне, отбасы құрылымына байланысты. Жас жеткіншектер жеке тұлға ретінде толысып, дамып, өмір туралы түсініктері қалыптасу кезеңінде отбасы мен оқу орны бірлесе отырып жүйелі, дұрыс тәрбиені беруге жағдай жасауы керек.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа апаратын басты фактордың бірі – балаға дер кезінде көмек берілмеуі, баланың мінез-құлқындағы кемшіліктерді байқамау мен өз бетінше бақылаусыз, қараусыз жүруі, ата-аналардың балаларына жұмыс бастылықпен көңіл бөлуге уақыт таппай немқұрайлы қарауы.

Отбасылық тәрбиенің басты міндеттері:

- бала денсаулығына қамқорлық,

- оқуға көмек ,жетекшілік,

- еңбек тәрбиесі,мамандық таңдауға көмек,

- жеке тұлғаны әлеуметтендіруге көмек,

- адамгершілікке тәрбиелеу,

- ақыл-ойына және жалпы мәдени дамуына ықпал,

- шығармашылық икемділік пен қызығушылығын дамыту,

- өзін-өзі тәрбиелеу мен болашақ отбасылық өмірге дайындау /2/.

Ата-ана мен педагог бірлесе отырып тәрбие жұмысында бірін-бірі толықтырып отыруы шарт. Отбасының өзіне тән өмір сүру ерекшеліктері, оның қалыптасуы, рухани байлықтары, тәрбиелік мүмкіндіктері оқушының үйдегі ата-анасымен қарым қатынасына назар аударылуы қажет.

Жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің біріне дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясына төтеп беруге қабілетті жастарды қалыптастыру, тәрбиелеу жатады. Жат жұрттық, жат пиғылдағы әр түрлі секталар діни пайымы өсіп жетілмеген жастарымызды алдау, арбау, санасын улау арқылы өз қатарларын толықтырып келеді. Жастардың Отан алдындағы ең қасиетті борышы Отанды қорғау деген ұғымды христиан бабтистері кері мағынада уағыздап, жастардың қолына қару алып, Отанын қорғауды күнәһарлыққа жатқызады.

Сонымен қатар «Благодать» шіркеуінің өкілдері, «Саентология» мен «Мун Сан Мен» бірлестігі өздерінің көздеген мақсаттары үшін жастарымызды теріс жолға салумен қатар, мемлекетімізге қарсы тыңшылық жұмыстарымен, мемелекеттік құпияларға қол сұғумен, ел арасында іріткі салумен айналысқан және адам санасын улайтын дәрі-дәрмектерді заңсыз жолмен елімізге жеткізіп, оларды өздерінің арам пиғылдарына, адам санасын улауға пайдаланған. Бұл «секталар» өздерінің теріс пиғылдарын бүркемелеп, Алматы қаласындағы біренше орта мектептер мен жоғары оқу орындарында заңсыз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгені белгілі болды. Яғни, мемлекетіміздің алдында жастарымызды жат-жұрттық секталардың жетегіне, жүгенсіздігіне жібермес үшін пәрменді шараларды атқару міндеті тұр.

Еліміздің зайырлы мемелекет болуы өзіміздің дәстүлі дінімізден қол үзу, оның қағидаларын халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізуге болмайды дегенді білдірмесе керек. Қайта керісінше, ата-бабамыздан келе жатқан дініміздің құндылықтарымен жастарымызды таныстыру, тәрбие саласында пайдалану ісі олардың зайырлы қоғамдағы жан дүниесін байыты түсетіні анық. Қазіргі кезде «Асыл арна» респуликамыздағы ислам діні жөнінде толыққанда хабарлап тарататын бірден – бір канал болып отыр. Жастарымызға дініміздің негізгі қағидалары жөнінде бастапқа білімді де бере алмай келеміз. Өзіміздің жастарымызды өзіміз шет елдік миссонерлердің қармағана іліктірудеміз. Әртүрлі діни ағымдарға қарсы тұрарлық, ғылыми негізді көзқарасы бар адамды қалыптастыруды берік мақсат етіп мұсылмандықтың алғышарттарына, имандылыққа насихаттасақ ұтарымыз көп болмақ.

Негізінде Ислам дінінде басты мақсат - бірлік, ынтымақ, сүйіспеншілік пен өзара татулықты орнату. Бөлінушілік, ауызбіршілікке нұқсан келтіретін араздық тудыратын істерге қарсы. Имандылық - өзара ынтымақ пен татулыққа, қолғабыс көрсетуге шақырып жат қылықтан сақтандырады. Қазақтың көрнекті ағартушы-педагог ғалымдары Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, М. Жұмабаевтар да бала тәрбиесінде діннің, имандылықтың рөлін жоғары бағалаған.
Ш. Құдайбердіұлының «Үш анық» еңбегінде: «діни таным арақ-шарапты ішуге, темекі шегуге, өтірік-өсек айтуға, ұрлық жасауға, зорлық-зомбылыққа тиым салады, ар танымы мен ғылыми танымға жол сілтейді» /3/ - деп талдау жасайды. Бар өмірін адамды зерттеуге арнаған ұлылық иесі Абай Құран сөздерінен нәр алған, имандылықты бойына сіңіріп, ұрпақ тәрбиесінде ұстанған.

Жастар тәрбиесіндегі алаңдатарлық мәселелердің бірі – рухани сала болып табылады. Рухани саладағы жастар тәрбиесінде бұхаралық ақпарат құралдарының атқарар жүгі үлкен болып табылады. Ақпарат ағыныдағы бей-берекетсіздіктің шамадан тыс белең алғаны соншалық, кино театарларда, теледидарларда көрсетіліп жатқан фильмдердің мән мағынасын, тарихи тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесіндегі зияндылығын саралап жатпай-ақ көпшіліктің назарына ұсынып жатырмыз... Кино өнерінің ұрпақ тәрбиесіндегі қуатты қару екенін түсінген шет мемлекеттер миллиондаған қаржы шығарып, белгілі мақсаттары үшін тарихи шындықтарды бұрмалап түсірген фильмдері арқылы жастарымыздың тәрбиесіне кері әсер етуде. Баршамызға белгілі қытайлықтар түсірген «Шынғыс хан» фильмі ұлттық телеарнамыз арқылы көрсетілді осы бір ғана көркем фильм санамызға қаншалықты әсер етті десеңізші. Фильмнен алған әсеріміздің «нәтижесінде» Шыңғыс ханнан өз жерін, өз елін алты ай бойы қорғау арқылы патриоттық тәрбиенің өнегесі, үлгісі болып жүрген Отырар қаласының қорғаушысы Қайырханды қара өгізге теріс мінгізіп жамандай жөнелдік. Ал, бұл киноны түсіргендерге мұндай фильм неге түсірдің деп айта алмаспыз. Бірақ бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің өз мүддесін, өз идеологиясы жас ұрпақ тәрбиесі алдындағы жауапкершілігі бар емес пе? Неге біз өз жастарымыздың тәрбиесіндегі жауакершілікті жат пиғылдардың жетегіне жетектетіп қоя беруге жол береміз. Мемлекетіміздің өз ақпарат кеңістігін қорғауы бірінші кезекте тұруга тиісті міндет екенін неге ұмытамыз.

Заманға сай, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу - мемлекетіміздің маңызды стратегиясы. Біз тарихи білім мен тәрбиені ұштастыра білуіміз керек. Төл тарихымыздың тәлім-тәрбие аларлық, үлгі боларлық тұстары жеткілікті. Ұлтымыздың қалыптасуын, мәдени дамуын, ел қорғаған батырларының ерлік істерін, әскери-саяси тарихын, тарихи тұлғалардың өмір жолын, халық ауыз әдебиетін, даналардың ғибратты нақыл сөздерін нақты дерек көздері арқылы білгені жөн. Ұлттық құндылықтарды насихаттаудың әлеуметтік мәні зор. Халықтық тәлім-тәрбие-қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, әлеуметтік тәртіптің айғағы. Халықтық дәстүрді, ұлттық мәдени құндылықтарды қазіргі саяси жағдайда өркениетті өмірмен байланыстыру - тәлім-тәрбиенің басты шарты. Әлеуметтік мәні зор ұлттық құндылықтардың мән-мағынасын ұғындыру, оның жастардың санасына, сезіміне әсер ететіндей дәрежеде жеткізу асқан шеберлікті қажет етеді. Бірақ қолға алған ұлттық мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап қалу, оның әлеуметтік, саяси өркендеуін қамтамасыз ету үшін келешек ұлт болашағы жас жеткіншектеріміздің қоғамдық-саяси дәрежесіне, ұлттық тәуелсіздік идеясының олардың санасына қай дәрежеде қалыптасуына байланысты Қазіргі кезде білім беру ісінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, танымдық іс-әрекеті мен ой-өрісін жетілдіруде ұлттық негізді айқындау - өзекті мәселе болып табылады. Әрбір жас жеткіншекті жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтардың көзін ашып дамытуымыз қажет.

Халық қазынасын ақылды да әдепті, ұлтжанды, жан-жақты жетілген, ізгілігі мол азамат тәрбиелеуде пайдалансақ ұтарымыз көп болмақ. Өз тілін, дінін, тарихын, рухани бастауларын біліп өскен ұрпақ, біртіндеп әлемдік мәдениетті де игереді. Ұлттық құндылықтардың озық тәжиірбиесін игеріп өскен жастар оқуда да, тәрбиеде де дұрыс бағытты таңдап, өзінің рухани негізін ұмытпай, ұлтының, отанының дамуына белсенді үлес қосады деген үміттеміз. Қазіргі кезең жаңа технология, жаңа ойдың ғасыры. Дегенмен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп білімнің негізі етіп алған жастар ғана тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамып, адамгершілік қасиеттері жетіледі. Тұлғаның әлеуметтануында біз әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруымыз қажет. Соның ішінде ұлттық тәрбиені басты назарда ұстап, оқу мен тәрбиенің діңгегіне айналдырсақ қана ұлттық негізімізді жоғалтпай жаңа заман талабымен қайта жаңғыртып түлетуге мүмкіндік аламыз.

Бүгінгі тәуелсіз мелекетімізде азат ойлы, рухы биік жастардың алдыңғы легі өсіп жетілді. Мемлекетіміздің басшысы жастарға үлкен сенім арта отрырып, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының форумында: «Біздің стратегиялық міндет-мемлекеттік басқарушылардың жаңа генерациясын, жаңа толқынын тудыру. Олар кәсіби дайындықтан өткен, сауатты, замана көшімен қатар, адымдаған, ел мүддесі үшін адал еңбек ететін, әртүрлі мүдделерімен сыбайласпаған адамдар болуға тиіс. Қарапайым тілмен айтқанда, біз мемлекеттік қызметкерлер болуының ауысуы қарсаңында тұрмыз» /4/, - деп жастар алдындағы негізгі міндеттерді айқындап берді.

Кез-келген мемлекеттің қуттылығы, оның әскери күшінде ғана емес, оның ұлттық рухынын күштілігінде. Мемлекеттің байлығы табиғи қорының молдығына емес, оның рухани байлығы: Отан сүйгіштік, Отанға адалдық, Қазақстандық патриотизмнің қалыптасуында. Бұл процес бір жағынана қазіргі заманғы құқықтық жүйенің қалыптасуымен, екінші жағынан азаматтардың, қоғамның, мемлекеттік орган қызметкерлерінің құқықтық мәдениетінің қалыптасуымен тікелей байланысты. Құқықтық мәдениеттің, құқықтық сананың және әрбір азаматтың белсенді қоғамдық қызметінің бастауы - құқықтық тәрбие мен құқықтық сауаттылығы болып табылады.

Білім - бұл толыққанды қоғам өміріне араласудың құралы ғана емес, мемлекеттің мақсаттарына сай азаматтарды тәрбиелеп шығаруының маңызды құралы. Құқықтық сауаттылықты іске асыруда жеке тұлғаның құқықтық санасын көтеру арқылы қоғамның құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі жауаптылығы артып, мемлекеттің тұрақты түрде даму бағытын іске асыруға жағдай жасалады. Сондықтан құқықтық тәрбие мен құқықтық сауаттылық қоғам дамуының құқықтық қорғаушы күші ретінде қабылдануы қажет. Тек құқықтық сауатты әлеуметтік топ өкілі ғана қоғамды дұрыс бағытта дамытуға және өз құқын қорғауға мүмкіндік алады.

Қазіргі кезеңде құқықтық сананы қалыптастырудың басым бағыттарына мыналар жатады: құқықтық сауаттылық пен құқықтық сананы, әлеуметтік-құқықтық белсенділікті, құқықтық нормаларын сақтауды міндеттілік деп санайтын, өзін заңмен қорғалатын қоғамның тең құқылы азаматы ретінде сезінетін, азаматтылық жауаптылық пен өзін-өзі сыйлауды, тәртіпті, өзге адамдардың құқығы мен бостандығын сыйлауды, демократиялық құқықтық құндылықтарды бағалау /5/.

Құқықтық тәрбие мен құқықтық сананы қалыптастыру тек жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқушыларды оқыту процесінде ғана емес халықтық барлық топтары арасында әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында жүргізілуі қажет. Қазіргі кезеңде біріншіден жастар арасында құқықтық тәрбие өз дәрежесінде емес, қазіргі қоғам мен келешек алдында тұрған міндеттер мен талаптарға сай жүргізіліп отырған жоқ. Екіншіден бүгінгі оқушы бірнеше жылдан кейін өндірістік-техникалық және әкімшілік-басқару қызметіне тікелей байланыста болады. Мектеп оқушылары арасында оқушылардың арасында құқықтық сауаттылықтың төмендігі тіпті мүлдем сауатсыздығыда кездеседі. Бұл құқықтық сана мен құқықтық тәрбиені насихаттаудың бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін тағы да дәлелдей түседі. Мемлекетіміздің алдына қойған басты міндеттері көп болғанымен құқықтық тәрбие кезек күттірмейтін мәселе, себебі ол мемлекет болашағының кепілі. Құқықтық тәрбие мектеп қабырғасынан бастап қолға алынып жас жеткіншектер құқықтың саяси-моральдық тұрғыдан басшылыққа алуы қажет. Құқықтық тәрбие - азаматтардың патриоттық сезімін қалыптастырудың негізі.


Пайдаланылған әдебиттер тізімі:


  1. Жарықбаев Қ. Аталар сөзі – ақылдың көзі. - Алматы: Қазақстан, 1980.

  2. Галиев Е. Мектептің отбасымен байланысы. // Тәрбие құралы. – 2003 - №6.

  3. Құдайбердіұлы Ш. Үшанық. – Семей: Жәрдем, 1912.

  4. Назарбаев.Н. Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын індет. // Айқын. -2008 - 7 қараша.

  5. Милова Е.В. Правовое обучение – важное направление воспитания патриотизма // Сборник материалов областной научно-практической конференции на тему: «Актуальные вопросы патриотического воспитания в организациях среднего профессионального обучения». Кызылорда, 2010 г.


Резюме

В статье рассмотрены меры по совершенствованию воспитания и правосознания среди молодежи.


Summary

The article considers measures to improve education and sense of justice among young people.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!