ТҮСІНІК ХАТ
Жұмыстық оқу бағдарламасы «Темір жолдың техникалық құралдары» пәні бойынша 2003 жылы типтік оқу бағдарламасына сәйкес орындалған. 1203000-«Темір жолдың техникалық құралдары» пәні бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартқа сәйкес оқу сағаттарына сүйене отырып жасалған.
Оқу бағдарламасында «Темір жолдың техниклық құралдары» пәніне 105 сағат бөлінген, оынң ішінде:
-теориялық -77сағат
-зетханалық-28сағат
2-бақылау
1-сынақ қарастырылған
Бақылау жұмыстары мен сынақ пәнге берілген жалпы сағат көлемі ішінде орындалады.
Тараулар мен тақырып тізімдері оқылуға міндетті және кемітілмеуі тиіс.
Жұмыстың оқу бағдараламасы «Тасымалдау процесін ұйымдастырудың ғылыми негіздері», «Жолдар мен стансалардың құрылысы» пәндері бойынша білімге негізделеді.
«Жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру және басқару» оқығанда «Техникалық пайдалану ережелрі», «Көлік экономикасы» пәндерінің материалдарын қолданған дұрыс. Пән материалдарын оқығанда темір жол көлігіндегі бұйрықтарды, нормативті және нұсқау беретін құжаттарды қолдану қажет.
«Темір жолдың техникалық құралдары» пәнінің жұмыстық бағдарламасы локомотивтердің, маторлы вагонды жылжымалы құрамалардың вагондардың және контейнерлердің құрылысын, олардың пайдалану сипаттамаларын, пойыз салмағын қозғалыс жылдамдығы мен перегондардың жүру уақытын, тежеу есептерін, сонымен қатар вагон және локомотив шаруашылығының ұйымдастыру сауалдарының шешілуін көздейді. Теориялық материалдарды оқу кезінде көрнекі құралдар: плакаттар, макеттер, кинофильмдер қолдану қажет.Өндірісте қолданатын техникалық құралдармен тәжірибелі танысу үшін вагон және локомотив деполарында, станцияда экскурсия сабағын өткізу қажет.Бұл сабақты өткізер алдында оқушылар қауіпсіздік техникасының ережелерімен тәртіп талаптары жөніндегі нұсқаудан өту қажет.
Тақырыптық жоспар
| № р/с | Тақырыптар мен тараулар | Сағат саны |
| барлығы | теор | Практ жұм |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | Кіріспе | 2 | 4 | - |
| 1 | Электрлі жылжымалы құрамалардың және оларды электр энергиясымен жабдықтау | 10 | 6 | 4 |
| 2 | Автономды тарту жылжымалы құрамалары | 14 | 10 | 4 |
| 3 | Локомотив шаруашылығы | 6 | 6 | - |
| 4 | Вагондар | 10 | 6 | 4 |
| 5 | Вагон шаруашылығы | 6 | 6 | - |
| 6 | Автотежегіштер | 6 | 6 | - |
| 7 | Пойыз тарту негіздері | 51 | 37 | 14 |
| | Барлығы | 105 | 77 | 28 |
Пән бағдарламасының мазмұны
Кіріспе
Пәннің мақсаты мен мәтіні, тасымалдаудың техникалық ұйымдастырушының дайындауындағы рөлі басқа пәндермен байланысы. Жылжымалы құрамалар туралы жалпы түсінік, олардың классификациялары, дамуы жөнінде қысқаша мәлімет. Жылжымалы құраманың дамуының негізгі бағыты.ТПЭ-нің жалпы талаптары, жылжымалы құраманың габариті.
1.Электро жылжымалы құрамалар мен электрмен жабдықтау
Электрлендірілгентемір жолдарды электр энергиясымен жабдықтау туралы жалпы мәлімет.Электрлендірілген темір жолдардың жұмыс істеу принципі.Контакт жүйесі. Контакт жүйесі құрылысы, контакт жүйесінің ілінуінің түрлері.
Электрлі жылжымалы құрамалардың құрылысы туралы жалпы мәлімет. Электровоз құрылғысы мен жұмысының жалпы схемаасы, оның негізгі бөліктері.
Электрлі жылжымалы құрамалардың механикалық бөлігі. Механикалық бөлігінің негізгі жүйесінің құрылысы: дөңгелек, буксалар, кузов тарту берілісі.
Тұрақты тоқты электровоздардың машиналары. Қозғалтқыштың құрылысы мен жұмыс принципі:жылдамдықты қосу және реттеу.Электр тежегіші туралы түсінік.Көмекші электр машиналардың орны.
Басқару жүйесінің электр аппараттары мен приборлары.
Қауіпсіздік жүйесінің электр аппараттары мен приборлары.
Айнымалы тоқпен және екі түрлі жұмыс істейтін электровоздардың, түзегіш түрлері.Жылдамдықты реттеу әдістері.Екі түрлі тоқпен жұмыс істейтін электровоздардың жұмыс принципі.
Электросекциялар.Электросекциялардың құрылуы.Электросекциялардың механикалық және электр бөліктері.Айнымалы тоқты электросекциялар.
Электрлі жылжымалы құрамалары басқару.Электр схемалары туралы жалпы түсінік:күшпен тарту цептері, көмекші цептер, электровозды жұмысқа дайындау.
Электрлі жылжымалы құрамалардың жылдамдығын реттеу.Қозғалыс жылдамдығын реттеу әдістері.
2.Автономды тарту жылжымалы құрамасы
Тепловоздардың құрылысы туралы жалпы түсінік.Тепловоз құрылысының және жұмысының жалпы схемасы, негізгі бөліктері.Тепловоз классификациясы және оның негізгі сипаттамалары, маневрлі тепловоз талаптары.
Тепловоздың іштен жанатын қозғалтқыштары.Іштен жанатын қозғалтқыштар туралы жалпы мәлімет.
Іштен жану қозғалтқыштар құрылысының негізгі бөліктері.Дизельдің жұмыс принципі.
Тепловоздың көмекші жабдықтар.Жылыту жүйесі, май мен су жүйелері, олардың құрылысы туралы жалпы түсінік.
Тепловоз берілістері.Беріліс классификациясы.Механикалық, гидромеханикалық берілісті тепловоздар: олардың жұмыс принципі және сипаттамалары.Тепловоздың электр машиналары.
Тепловоздың электр аппараттары.Күшпен тарту жүйесінің аппараттары.Басқару жүйесінің аппараттар мен приборлар.
Тепловоздың экипаж бөлігі.Экипаж бөлігінің қажеттілігі және құырылысы: бас рама, кузов, арба, дөңгелек қосақтары және буксалар. Газотурбавоздар, дизель-поездар, дрезиналар және мотовоздар туралы жалпы түсінік.
Тепловоздардың басқару және олардың жылдамдығын реттеу. Тепловоздарды жұмысқа даярлау.
Тепловоздың орнынан қозғалу және пойыз тарту кезіндегі басқару тәртібі. Қозғалыс жылдамдығын реттеу әдістері.
3.Локомотив шаруашылығы
Локомотив шаруашлығының структурасы.
Локомотив шаруашылығының структурасы және негізгі мақсаттары.
Локомотив шаруашылығының техникалық жабдықтары.Локомотив апркі, оның бөлінуі.
Локомотивтерді экипировкалау, техникалық күту жөндеуді ұйымдастыру.Локомотив жөндеу және техникалық күту жүйелері.
4.Вагондар
Вагондар туралы жалпы түсінік. Вагондар қажеттілігі және классификациясы:оларды пайдалану мен техникалық экономикалық сипаттамалары, вагондардың құрылыс бөліктері.ТПЕ-нің вагон күтіміне талаптары түрлері мен құрылысы. Құрылуы, куәландырылуы. Ақаулар.ТПЕ-нің дөңгелек қосақтарына қойылатын талаптар.
Буксалар мен подшипниктер. Букса жүйесінің қажеттілігі, оған қойылатын талаптар.Буксалар мен подшипниктердің ақаулары. Букса жүйесін майлау.
Рессорлы іліну.Рессорлы ілінудің жүйесі мен қажеттілігі, оларға қойылатын талаптар.
Вагон рамалары, жүк вагондарының кузовтары.
Түгел металдан жасалған жолаушылар вагондарының кузовтары.
Жолаушылар вагондарын электрмен жылыту және вагон электр жабдықтары.
Жолаушылар вагондарын сумен жабдықтау және жылыту.
Жолаушылар вагонын ауамен желдету жүйесі, олардың жабдықтары. Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары.
Автоматты тіркегіштер және олардың құрылысы.Изотермиялық жылжымалы құрамдар.
Рефрижераторлы жылжымалы құрамалары құрылысын зерттеу.Контейнерлер. Олардың қажеттілігі, түрлері конструкциясы.
5.Вагон шаруашылығы
Вагон шаруашылығының структурасы.
Вагон шаруашылығының техниклық жабдықтары. Вагон паркі және оның бөлінуі.
Вагондарды техникалық күту және жөндеуді ұйымдастыру жүйесі. Жүк, жолаушылар изотермиялық вагондардың техникалық күтімі, тазарту пунктерінің мақсаты мен қажеттілігі.Станса жолдарында жолаушылар және изотермиялық вагондардың техникалық күтімі, тазарту пунктерінің мақсаты мен қажеттілігі. Станса жолдарында жолаушылар вагондарының экипировкалауын жөндеуін және қарауын ұйымдастыру.
6.Автотежегіштер
Автоматты тежегіштер жүйесі оларды басқару. Тежегіштер классификациясы және қажеттілігі. Локомотив пен вагондардың тежеу құралдары. Пойыздың автоматты тежеуінің жұмысы және құрылысы.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылымдар. Автоматты локомотив сигнализациясы оның қажеттілігі мен жұмыс принципі.
7.Пойыз тарту негіздері
Пойызға әсер ететін күштер локомотивінің тарту күші.Пойызға әсер ететін күштер туралы жалпы түсінік.Негізгі сериялы электровоз бен тепловоздың тарту сипаттамалары.
Техника қауіпсіздік ережелері
Оқушылар тәжірибелік сабақты уақытында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс. «Жылжымалы құрама және тарту негіздері» пәні бойынша оқушыларды пойыздар мен жылжымалы құрамалармен таныстыру сабағы көзделген. Сондықтан да темір жолда қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады. Ол жөнінде оқытушы нұсқаулықтан өткізеді.
Электронды оқыту құралдары
1.«Технические средства железных дорог», 2003г-496с.
2. «Организация движения на железнодорожном транспорте».