СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жасулан-открытый урок

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жасулан - статья. Жылжымалы құрамалардың конструкциясы

Просмотр содержимого документа
«Жасулан-открытый урок»

Сабақ жоспары.


Сабақ өтілетін күн: 26.09.2013 ж


Оқу тобы: ТХ-21о


Сабақтың тақырыбы: Дизельдің айналмалы-бұлғақты механизмі. Иінді білік.

Сабақтың түрі: теориялық


Сабақтың типі: құрамдас


Сабақтың мақсаттары:


а) білімділік: оқушыларды тепловоздар дизельдері айналмалы-бұлғақты механизмдерінің қызметімен, құрылысымен, жұмыс істеу принципімен, сипаттамаларымен және негізгі көрсеткіштерімен таныстыру. Оқушыларда айналмалы-бұлғақты механизмдердің маңыздылығы жайында білім мен білік қалыптастыру.

б) тәрбиелік: оқушыларды жаңа сабақ тақырыбына қызықтыру арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

в) дамытушылық: сабақ барысында тапсырмалар үлестіру, топтық жарыс өткізу сияқты әдістерді қолдану арқылы оқушылардың бойындағы мамандық бойынша қабілеттерді қалыптастыру және одан әрі жетілдіру.


Оқыту әдістері: түсіндірмелі - иллюстративті әдіс (баяндау, лекция, иллюстрация арқылы түсіндіру), топтық, ойын, интерактивтік әдістер (ой шақыру, топқа бөліп жұмыс істеу)және т.б.


Сабақтың көрнектілігі: компьютер, проектор, слайдтар, интерактивті тақта, тест тапсырмалары, макеттер, бейнебаяндар.

Пәнаралық байланыс: теміржолдың жалпы курсы, физика, материалтану, жылжымалы құрамалардың энергия қондырылары және т.б.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткішін тексеру, олардың дайындығына және дәрісхана тазалығына назар аудару.



II. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.

Тақырыбы: Тепловоз дизельдері. Дизель блогы.

III. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін бағалап, кемшіліктері мен жетістіктерін атап өтіп, оқытушының қорытындылауы.


IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтарымен таныстыру.

Жаңа тақырыпты оқытушының түсіндірмелі-иллюстративті әдістерді (лекция, слайдтар, суреттер) қолдану арқылы түсіндіруі.


V. Жаңа тақырыпты бекіту.


VI. Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып белсенділерді бағалауы және қорытындылауы.


VII. Үйге тапсырма беру.


VIII. Сабақтың аяқталуын хабарлау.


Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру де, жаңа сабақ тақырыбын пысықтау да топ аралық жарыс түрінде өтіледі. Әр тапсырма (сұрақ) 5 балдық жүйемен бағаланады.



Өткен тақырып бойынша оқушылар білімін тексеру

I – сайыс: Ойлан тап...

Сатылы кешенді оқыту технологиясының бір элементі арқылы топтарға кесте беріледі. Кесте топтарда толтырылады.


дизель дегеніміз – отынның химиялық энергиясын механикалық энергияға айналдыратын піспекті ІЖҚ



анықтамасы


құрылысы .........................................................................................


типтері ................................................................... т.с.с.

100 дизелінің

отсектері



Д

қойылатын

талаптар





маркалары






IІ – сайыс: Жүзден жүйрік...


Мұнда оқушылар шатыстырылған мағынаны орнына қойып, анықтамасын береді.


Жаңа сабақ тақырыбы: Дизельдің айналмалы-бұлғақты механизмі. Иінді білік.


Қаралатын сұрақтар:


  • Дизельдің айналмалы-бұлғақты механизмдері. Оларға қойылатын талаптар

  • Дизель иінді біліктері


ДӘРІС


Дизельдің айналмалы-бұлғақты механизмдері. Оларға қойылатын талаптар. Дизельдің айналмалы-бұлғақты механизмі піспектің қайталанбалы қозғалысын иінді біліктің айналмалы қозғалысына өзгертеді. Механизмнің негізгі бөлшектеріне иінді білік, піспек және бұлғақ жатады. Айналмалы-бұлғақты механизмнің құрылымдық орындалуы дизельдің құрылысы мен цилиндрлер саны мен оның орналасуына тәуелді. Мысалы: Д100 дизеліндегі иінді білік саны –екеу (2), піспек - жиырма (20), бұлғақ – жиырма (20)

Піспектер. ІЖҚ-да піспектер механикалық және термиялық жүктемелердің әсеріне ұшырайды. Олар тығыздығы төмен, сонымен қатар берік, тозуға қарсы жоғары сапалы материалдан жасалады. Көптеген тепловоз дизельдерінде құрастырмалы піспектер қолданылады. Д100 типті дизельдің піспегінің бүйір қабырғасы жұқа қалайыдан жасалған қаптамамен қапталған.

Бұлғақтар. Піспекке әсер ететін әртүрлі өзгермелі күштердің әсерінен пайда болған жүктемені иінді білікке беруге арналған. Бұлғақ құрылысы жоғары қатаңдыққа ие. Бұлғақ стерженьдері көбіне екітаврлы қималы болады және штамптау әдісі арқылы дайындалады. Д100 дизелінің төменгі және жоғарғы бұлғақтарының ұзындығы әртүрлі мәнге ие. Төменгі бұлғақтар ұзартылған. Себебі, піспекті картер арқылы цилиндрден алуды жеңілдету үшін.

Иінді біліктер. Дизель білігі айналмалы момент, инерция және газ газ қысымының өзгермелі күштерінің ықпалына тәуелді. Сонымен қатар, иінді білік дизельдің ең жауапты және қымбат бөліктерінің бірі. Иінді білікті дайындау құны кейде дизель құнының 30%-н құрайды.

Дизельдің жұмыс процесінде иінді білікке газ қысымының күштері, сонымен қатар айналмалы және қайталанбалы қозғалыс жасайтын бөлшектердің инерция күштері әсер етеді. Осы күштер иінді білікке зор әсерін тигізеді. Күштер иінді білікмойындарының желінуі мен тозуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан дизель иінді біліктері өте жоғары төзімділікке, қатаңдыққа және тозуға қарсы қасиеттерге сболуы тиіс. Сонымен қатар иінді біліктің массасы дизель массасының 15%-н аспауы қажет. Барлық дизель иінді біліктері сапалы көміртекті немесе лигерленген болаттан штамптау әдісі арқылы немесе жоғары сапалы шойыннан не болаттан құю әдісі арқылы дайындалады.

Д100 дизельдерінде құйылмалы шойын иінді біліктері орнатылған. Бұлай жасалуы материалды үнемдеуге және аз шығынмен дайындауға мүмкіндік тудырады. Иінді біліктер10 бұлғақ І-Х және 12 түп 1-12 мойындардан тұрады. Иінді біліктің барлық мойындары өте жоғары дәрежеде өңделген. Білік мойынының овалдылығы және конустылығы жаңа иінді біліктерде 0,02 мм-ден, ал пайдаланудағы біліктерде – 0,09 мм-ден аспауы тиіс. Біліктің түп мойындары түп мойынтіректер арқылы әкелінетін маймен майланады. Д100 дизелінің төменгі және жоғарғы иінді біліктері бір-бірінен соңғы бөліктерінің құрылысымен ерекшеленеді.


Төменгі иінді біліктің алдыңғы бөлігінде шпилька арқылы антивибраторды орнатуға арналған орын бар, ал қарама-қарсы фланецке дизель білігі мен тартым генераторы білігін қосуға арналған пластинқалық муфта отырғызылады. ТБ фланецтерге (15) конустық тісті доңғалақтар бекітілген, олар тік берілістің тісті доңғалақтарымен тістесуге арналған.

Жоғарғы иінді біліктің алдыңғы бөлігінде таратқыш біліктің жетегінің тісті доңғалақтарын отырғызуға арналған орын, ал қарама-қарсы бетінде екінші сатылы ауа үрлеу қондырғысын жалғастыруға арналған шлицалы төлкені бекітуге арналған 2САҮҚ фланеці (13) бар.





Жаңа тақырыпты бекіту.


ІІІ– сайыс: Ассоциация











Жаңа сабақ тақырыбы бойынша жаңа сөздерді енгізу


ІV – сайыс: Кілтті тап...

Топтарға бөлінген топ оқушыларына концептуалды кесте таратылады. Кестеде сұрақтар мен варианттары көрсетілген. Оқушылар сәйкесінше вариианттарды белгілейді. Жауаптардың дұрыстығын кілт арқылы тексеріледі.





















V – сайыс: Миға шабуыл


«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы өтіледі. Топтар сұрақтарға жылдам және толық жауап беруі тиіс.


Қорытындылау.

Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып жеңіске жеткен топ пен белсенділерді бағалауы және қорытындылауы.



Үйге тапсырма беру. «Тепловозы» - авторы В.Д. Кузьмич. Бет - 79

а) Бүгінгі лекциядан түсінік дайындау.

в) Қосымша әдебиеттерден осы тақырып бойынша мәліметтер жинау.



Сабақтың аяқталуын хабарлау.