СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жасушаның бөлінуі.

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жасушаның бөлінуі.Митоз.Онтогенез – организмдердің жеке дамуы

Митоз дегеніміз – бұл жасушалардың бөліну жолдары, мұнда бір аналықтан 2 еншілес жасуша түзіледі де, ондағы хромосомалар жиынтығы өзгермейді. Адам, жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтар да дене жасушасы митоз арқылы бөлінеді.  Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Митоздың 4 фазасы бар, олар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза деп аталады.  Әрбір фаза белгілі уақыт аралығында ғана өтеді. Жасуша күйі үнемі өзгеріп тұрады.  1. Профаза. Центриолдар жасуша үйектеріне таралып, бөліну шүйкесінің жіпшелері қалыптаса бастайды.  2. Метафаза. Хромосомалардың барлығы жасушаның экваторлық жазықтығында сапқа тұрып, «метафазалық тақташалар» түзеді.  3. Анафаза. АТФ энергиясы есебінен бөліну шүйкесінің жіпшелері қысқара бастайды. Ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидалар бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады.  4. Телофаза. Профазаға қарама-қарсы процестер жүреді. Басында хромосомалар полюстерге жетіп, олардың жылжуы тоқталады. Хромосомалар екі жас жасушаға тең бөлінеді. Соңында әр жасушаның заттары толық қалыптасып, интерфаза сатысына көшеді.  Митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы.  1. Митоздық бөліну - өсу процесінің маңызды кезеңі.  2. Аналық жасушадағы митоз барысында пайда болған генетикалық материал жас жасушаларға тең бөлінеді. Жас жасушалардағы генетикалық ақпарат аналық жасушадағы генетикалық ақпартаттың көшірмесі болып табылады.  3. Бөлінгеннен кейінгі жас жасушалардағы хромосомалардың саны аналық жасушалардағы хромосомалар санына сәйкес келеді.  4. Егер митоз процесі зақымдалса, хромосомалар санында ауытқулар болады, яғни хромосома саны артады немесе кемиді. Ол жасушаны үлкен өзгеріске ұшыратады. Мұндай жағдайда жасуша тіршілігін жояды немесе мутацияға ұшырайды. 

 

Просмотр содержимого документа
«Жасушаның бөлінуі.»

Жасушаның бөлінуі.Митоз.Онтогенез – организмдердің жеке дамуы

Митоз дегеніміз – бұл жасушалардың бөліну жолдары, мұнда бір аналықтан 2 еншілес жасуша түзіледі де, ондағы хромосомалар жиынтығы өзгермейді. Адам, жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтар да дене жасушасы митоз арқылы бөлінеді. 
Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Митоздың 4 фазасы бар, олар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза деп аталады. 
Әрбір фаза белгілі уақыт аралығында ғана өтеді. Жасуша күйі үнемі өзгеріп тұрады. 
1. Профаза. Центриолдар жасуша үйектеріне таралып, бөліну шүйкесінің жіпшелері қалыптаса бастайды. 
2. Метафаза. Хромосомалардың барлығы жасушаның экваторлық жазықтығында сапқа тұрып, «метафазалық тақташалар» түзеді. 
3. Анафаза. АТФ энергиясы есебінен бөліну шүйкесінің жіпшелері қысқара бастайды. Ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидалар бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады. 
4. Телофаза. Профазаға қарама-қарсы процестер жүреді. Басында хромосомалар полюстерге жетіп, олардың жылжуы тоқталады. Хромосомалар екі жас жасушаға тең бөлінеді. Соңында әр жасушаның заттары толық қалыптасып, интерфаза сатысына көшеді. 
Митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы. 
1. Митоздық бөліну - өсу процесінің маңызды кезеңі. 
2. Аналық жасушадағы митоз барысында пайда болған генетикалық материал жас жасушаларға тең бөлінеді. Жас жасушалардағы генетикалық ақпарат аналық жасушадағы генетикалық ақпартаттың көшірмесі болып табылады. 
3. Бөлінгеннен кейінгі жас жасушалардағы хромосомалардың саны аналық жасушалардағы хромосомалар санына сәйкес келеді. 
4. Егер митоз процесі зақымдалса, хромосомалар санында ауытқулар болады, яғни хромосома саны артады немесе кемиді. Ол жасушаны үлкен өзгеріске ұшыратады. Мұндай жағдайда жасуша тіршілігін жояды немесе мутацияға ұшырайды. 



Бөлшектену сатысында – зиготадан ұрықтың көп жасуша денесі түзіледі.

Онтоногенез – зиготаның пайда болған кезеңінен бастап, организм тіршілігін жойғанға дейінгі жеке даму тарихы.

Зигота митоз жолымен бөліне отырып, бірінен соң бірі үлкендіктері бірдей бөлшектерге айналады – осы әрекетті бөлшектену деп атайды.

Гаструляция. Дамудың келесі сатысында бластула қабатының қабырғасы ішке қарай жиырылуы арқылы жасушаның ішкі қабаты пайда болады. Осының нәтижесінде қос қабат қалыптасады. Мұндай қос қабатты даму сатысын гаструла деп атайды. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады.

Гаструладағы жасушаның сыртқы қабатын – эктодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды.

Ішкі қабат – энтодерма немесе ішкі ұрық жапырақшасы деп аталады. Энтоднрманың ішкі қуысы бірінші реттік ішек қуысы болып саналады, ал оның сыртқа ашылатын тесігі бірінші реттік ақуыздың бастамасы.

Губкалар және ішекқуыстылардан басқа көпжасушалы жануарлардың ұрығында үшінші ұрық жапырақша қалыптасады, оны мезодерма қабаты деп атайды. Мезодерма сыртқы және ішкі ұрық жапырақшасының, яғни эктодерма және энтодерма қабаттарының арасында қалыптасады.

Органогенез сатысында – әр ұрық жапырақшаларынан болашақ организмнің мүшелерінің бастамалары түзіледі. Гаструла сатысы аяқталғаннан кейін де жасушаның бөлінуі жүре береді, бұдан кейінгі сатыны – нейрулла деп атайды. Бұл сатының негізгі ерекшелігі, осы кезден бастап келешек дернәсілдің немесе +ересек ағзаның жеке мүшелері қалыптаса бастайды.

Постэмбриондық даму. Постэмбриондық (ұрықтан кейінгі) даму ағзаның жұмыртқа қабықшасын жарып шықаннан кейін, ал ұрығы құрсақта дамитын сүтқоректілерде туа салысымен басталады. Постэмбриондық даму екіге бөлінеді:

Табиғатта көбеюдің кең таралған екі түрі бар: жыныссыз көбею және жыныстық көбею.

Жыныссыз көбею. Көбеюдің бұл түрі өсімдіктерге де, жануарларға да тән. Жыныссыз көбеюдің екі түрі бар: нағыз жыныссыз көбею және вегетативті көбею.

Вегетативті жолмен көбею. Құрылысы күрделі өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырағы арқылы, сонымен қатар саңырауқұлақ пен қына тәрізді төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесінің бір бөлшегі арқылы көбеюін вегетативті көбею деп атайды. Вегетативті көбею екіге бөлінеді: табиғи вегетативті көбею және қолдан вегетативті көбею.

Табиғи вегетативті көбею. Табиғатта өсімдіктердің көбі вегетативті жолмен көбейеді.

Қолдан вегетативті көбейту. Адам әр түрлі әдістерді қолданып, өсімдіктерді өсіріп, көбейтеді. Мәдени өсімдіктердің кейбір түрлерін адамзат өте ерте кезден бастап вегетативті жолмен көбейтіп келеді. Қолдан вегетативті жолмен көбейтудің бірнеше жолдары бар. Соның ішінде кең таралғаны – телу.

Телу дегеніміз – бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып, екінші өсімдік денесіне ұластыру.

Жыныстық көбею. Жыныстық жолмен көбею деп сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары ядроларының қосылуын айтады. Жыныс жасушаларын гамета деп атайды.



Партеногенез. Партеногенез грекеше «partenos» - қыз, «genesis» - туу, пайда болу, яғни «ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа аналық организмнің дамуы» деген мағынаны білдіреді. Бұл құбылыс табиғатта өсімдіктер мен жанууарлардың көптеген түрлерінде кездеседі. Мысалы, дафнияда ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан партеногенетикалық аналықтар дамиды. Ұрықтанбаған жұмыртқалар қыстап шығып, көктемде партеногенез жолымен көбейе алатын аналықтар қайтадан дамиды. Аталықтар күзде пайда болады. Бұл құбылыс баларад, жабайы арад, өсімдіктерде – бақбақта кездеседі.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!