СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жасыл шырша жанында" тех карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлеуді дамыту "Жасыл шырша жанында" тех карта

Просмотр содержимого документа
«"Жасыл шырша жанында" тех карта»

Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 28.12.2016ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Жасыл шырша жанында (өлең бойынша әңгіме құрастыру, жаттау).

Мақсаты: А. Асылбековтың «Жасыл шырша жанында» атты өлеңінің мазмұны бойынша әнгіме құрастыру, үйрету.Зат есім, сын есімдерді байланыстырып айтуға үйрету. (Мыса­лы: сәнді, тікенек шырша, алуан түрлі ойыншықтар, олар сылдырлайды және т.б.). Тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:үлестірмелі материал.

Сөздік жұмыс: шырша, Аязата, Ақшақар.

Қостілділік компонент: шырша-ёлка, Аязата-ДедМороз, Ақшақар-снегурочка.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазір жылдың қай мезгілі?

– Ауа райы қандай? (Балалардың назарын әдемі шыршаға аударады). Біздің топта мынадай әдемі шырша бар екен. Ойыншықтары қандай әсем.



Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.



Ұйымдастырушылық-

ізденістік

№ 17 демонстрациялық материал

Тәрбиеші балаларға суретті мұқият қарауды ұсынады. Содан соң А.Асылбековтың «Жаңа жыл» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Жаңа жылда жаңа жыр!

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Балалардан не туралы оқығанын, суретте не көріп тұрғандарын сұрайды.

– Шырша түсі қандай екен?

– Шырша – Жаңа жылда безендірілетін қылқан жапырақты ағаш.

– Ол ұзын ба әлде қысқа ма?

– Қандай түсті ойыншықтары бар екен?

– Шыршаны айналып кімдер жүр? Не үшін? (Мерекелік шаттық шеңбері).

Жаңа сөздермен жұмыс:

Шырша-ёлка, Аязата-ДедМороз, Ақшақар-снегурочка.

Балаларға өлең жолдарын жаттауды ұсынады.

– Жаңа жыл, Жаңа жыл!

– Жаңа жылда жаңа жыр!

«Жа-сыл шыр-ша жа-нын-да»

Билеп барлық бала жүр» деген өлең жолдарын педагог бірнеше рет қайталап, дыбыстарды естірте мәнерлеп оқиды. Алдымен барлық балаларға, кейін жарты топқа, содан кейін бір балаға қарап оқиды.

Тәрбиеші өлеңді екі рет мәнерлеп оқып шығады. Өлеңді балалардың барлығына хормен қайталатады, бірнеше топқа және 2–3 балаға жеке-жеке айтқызады.


Сергіту сәті:

Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды қыс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

(А. Асылбеков).

17 үлестірмелі материал

Шарты: шыршаның ойыншықтарын жабыстыру.






Балалар өлең жолдарын тыңдайды.



Сұрақтарға жауап береді.


– Жасыл түсті шырша.

– Шыршаның түсі жасыл. Ол ойыншықтармен безендірілген.


– Балалар,Аязата, Ақшақар.

Балалар қайталайды:

Шырша-ёлка, Аязата-ДедМороз, Ақшақар-снегурочка.



Өлең жолдарын бірнеше рет қайталап айтады.















Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.


Балалар шыршаның ойыншықтарын жабыстырады.

Рефлексиялық-

түзетушілік

– Балалар, өлең ұнады ма?

– Өлең не туралы екен?

– Қандай сөздер естеріңде қалды?

– Дұрыс, шырша, жасыл, жаңа жыл.

– Кім өлеңді айтып береді?




Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңнің мазмұнын түсіне білуі керек;

Игереді: өлеңді жатқа айтуды;

Меңгереді:тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуды.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!