СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жазулар, жиектер, деректер типі

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жазулар, жиектер, деректер типі тақырыбына арналған сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Жазулар, жиектер, деректер типі»

Сабақтың тақырыбы: Жазулар, жиектер, деректер типі

Мұғалімнің аты-жөні: Нурболатова Г.К.

Күні: «5.03.18», «16.03.18»

Сынып: 9а, ә, б, в

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Оқу мақсаты:

Деректер қорымен құруда мәліметтерді жазу, кестеге жиектер орнату және деректер типімен танысу

Мақсаты:

Білу: Деректер қоры туралы алған білімдерін еске түсіру. Деректер қорының құрылымын анықтау. Деректер қорына жиектер орнату.

Түсіну: Microsoft Excel кестелік программасында деректер қорын құру. Деректер қорына жиектер қоюды үйрену. Кестелік процессордағы деректердің типін айқындау.

Қолдану: Компьютерде кестелік процессорда деректер қорын құру.

Кестеге жиектер орнату.

Талдау: Деректер қорындағы деректер типінің түрлерін орнатуды талдау

Жинақтау: Деректер қоры туралы алған білімдерін тұжырымдау

Бағалау: Деректер қорының білім саласында қолданылуын анықтау.

Сабақтың құрылымы:

І. Ақпараттар блогы

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

IV. Интелектуальды тренинг блогы

V. Күтілетін нәтижелер

Оқыту әдісі:

«АКТ», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

Оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру формасы:

Бақылау-сынақ сабағы.

Танымдық тапсырмалар:

Сабақтың ЖБЕА блогында беріледі.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:

Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру. Өз мүмкіндіктеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тақырыптың идеясын түсіне отырып, баға беру.

Оқушыда дағды қалыптастыру:

Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып нәтиже көрсету, жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Деректер қоры (ДҚ), деректер типі

Ақпарат көзі:

Оқулық, қосымша тапсырма материалдары.

Сабақты бағалау:

Оқушының іс-әрекеті ол СТК-дағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады.





І. Ақпараттар блогы (8 мин)

Слайдтар:

1-слайд 2-слайд

3-слайд

Тақырып жоспар:

  1. Деректер қоры

  2. Деректердің типі


4-слайд.

1-тақырыпша. Деректер қоры

1.1. «Сөйлемді толықтыр»

Деректер қоры- қандай да бір ақпарат тасымалдауышта, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған _________________жиынтығы.

Деректер қорын басқару жүйесі – дегеніміз үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған арнайы ___________________.5-слайд.

2-тақырыпша. Деректер қорының құрылымы

2.1. «Сызбаны толықтыр».


а) ә)


б)

6-слайд.

«Типтерді сәйкестендір»

Мысал

Типі

100 тг

Сандық

6/қаңт./04

Мәтіндік

12:00

Ақшалық

100

Пайыздық

Арман

Даталық

2540

Уақыт

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы (5 мин)

«Екі досыңды сипаттта»

Аты-жөні

Айы, күні, жылы

Жасы

Шашының түсі

Көзінің түсі

Бойы















ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы (15 мин)

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей (Білу, Түсіну)

1.1. «Дұрысын тап»

1. _________________- қандай да бір ақпарат тасымалдауышта, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығы.

а) Деректер қоры ә) Деректер қорының басқару жүйесі б) реляциялық деректер қоры


2. __________________________________– дегеніміз үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған арнайы программалар

а) Деректер қоры ә) Деректер қорының басқару жүйесі б) реляциялық деректер қоры


3. Екі өлшемді кестелерден тұратын мәліметтер жиыны ____________________ деректер қоры болып саналады.

а) Деректер қоры ә) Деректер қорының басқару жүйесі б) реляциялық деректер қоры


1.2. «Сәйкестендір»

  1. Сақталатын ақпараттың сипатына қарай


Орталықтандырылған, Бөліктелінген

  1. Ақпаратты сақтау әдісі бойынша


Факто-графиялық , Құжаттық

  1. Ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша


Реляциялық, Иерархиялық, Желілік


ІІ деңгей (Қолдану)

2.1.«Деректер қорын» құр.

№3. «Ауа-райы» мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Күні, айы, температурасы,, желдің жылдамдығы. Әр өрістің типін анықтай отырып, 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр. 


ІІІ деңгей (Талдау)

Келесі кестені толтырыңдар.

Шығын ведомості

Тауар

Саны

Бағасы

Соммасы

ҚҚС

Квадраттық түбірі

Парта

15

2500

=B3*C3

=(D3*15)/100

=КОРЕНЬ(D3)

Орындық

32

1500

=B4*C4

=(D4*15)/100

=КОРЕНЬ(D4)

Барлығы:

=СУММ(B3:B4)

=СУММ(C3:C4)

=СУММ(D3:D4)

=СУММ(E3:E4)

=СУММ(F3:F4)


IV. Интелектуальды тренинг блогы (8 мин)

Топтық жұмыс

1-топ «Деректер қоры және олардың түрлері»

2-топ « Кестелік деректер қорының негізгі элементтері»


V. Күтілетін нәтижелер (4 мин)

Деректер қорының білім саласында қолданылу аймақтарын анықтап, мысалдар келтіру.