| Басталуы 0-5 мин | Оқушыларды ортаға шығарып шаттық шеңберіне тұрғызамын. Шарты: Әр оқушы өз есімінің әрпінен басталатын жақсы 2 қасиетін айтады 1.Ұйымдастыру тренингі «Жұбыңды тап!» ойыны. Мақсаты: Оқушылардың сыйластық және сенімділік қасиеттерін шыңдау. Сабақ алдында психологиялық жағдай жасау. Әр оқушының арқасына түйреуішпен немесе скотчпен сөздер жазылған қағаз бекітіледі. Қағаздарда сыңары бар бұйымдар жазылады. Мысалы: «Стол» - «Орындық», «Алжапқыш» - «Басқа тартатын орамал», «Қасық» - «Шанышқы», «Шәйнек» - «Құман» т.с.с. Оқушылар сыныптың ішін аралап, өз жұбын табуға тырысады. Қағаздардағы сөздерді қандай жазу екенін білу үшін бір-біріне жанамалап сұрақтар қояды. «Менде қандай сөз жазылған?» деген тіке сұрақ қоюға болмайды. | Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді. | Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау. | Таныстырылым, оқу жоспары |
| 11-20 мин Ортасы 21-35 мин 5 мин | Тақырыпқа кіріспе «Миға шабуыл» әдісімен Сұрақтар: -суретте қандай киімнің сызбасы келтірілген? -оны қалай анықтадыңдар? -Сызбада қандай геометриялық фигуралар бар? Қалай ойлайсыңдар, тігін бұйымының дайындалу реттілігі қандай? «Кинометофора» әдісі Оқушылардың ой – өрісін дамыту мақсатында тігудің пончо, туниканың пішімі тұтас пішілген үлгілерін бейнематериалдан көрсетеді. Жаңа сабақ Қалай ойлайсыңдар, тігін бұйымының дайындалу реттілігі қандай? Бұйым дайындау үшін алдымен сызбасын дайындап алу керек. Жұмысқа кіріспей тұрып, «Дауыстап ойлау» әдісі арқылы оқушыларға ҚЕ еске салу. ҚЕ.Тәжірибелік жұмыстың алдында қауіпсіздік техникасы ережелерін және киім тігу кезіндегі ережелерді меңгеру қажет. Практикалық тапсырма Пончо, туниканың пішімі тұтас пішілген , Тік бұрыштары дөңгелек тенген тіктөртбұрышты формада немесе дөңгелек түрінде болады. Ұзындығы модельге байланысты: қолды білекке дейін жауып тұруы немесе қысқалау болуы да мүмкін. Иықты бұйым пішімін модельдеу арқылы пончо, туника пішімін дайындауға болады. Ол үшін кеуде бүкпесін жауып, көкірекшенің төменгі жағынан кеңейту арқылы жеңін тұтас пішілген жеңге ұқсас Оқулықпен жұмыс ету керек. Бұйымның дайын түрі мен технологиялық тәсілдері, автордың қиялы мен пайдаланылған материялдарына байланысты. Дескриптор 1.Кестеде көрсетілгендей өлшем алады. 2.Нобай бойынша бұйымның сызбасын сызады. 3.Электрондық қосымшадағы бұйымды пішу бойынша материялды қайталайды. 4.Пішім дайындайды. ҚБ «Шапалақ» Практикалық тапсырма -сурет бағытын ескеріп, пішімнің орналасуын; -пішімдегі нұсқа мен матадағы бойлық жіп бағытының сәйкес келуін; -пішім бөлшегі ортасының мата бүкпесіменсәйкес келуін; -барлық қиықтарының бойынан өңдеу үшін қосымшаның дұрыс қалдырылуын; -барлық бөлшектерінің пішілуін; -бақылау кертпесініңболуын; -тігіске қалдырылған қосымшаның қиылып кетпеуін. Дескриптор 1.Мата мен пішімді пішуге дайындайды: -матаның оң жағын анықтау; -ақаудың бар- жоғын қарап шығу; -декатирлеуден өткізіңдер; -түкті маталардың түгінің жату бағытын анықтау; -суреттің бағытын анықтау. 2.Матаға пішім бөлшектерін орналастырады 3.Бұйымды пішіеді 4.Бұйымды өлшеп көруге дайындайды. ҚБ: «От шашу» арқылы балалар бір – бірін бағалайды. | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді. Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды. | - өлшем алу ережесінің ерекшелігін түсінеді; - тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады; - қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды. | Электронды презентация 2слайд Иықты бұйым құрылымы: https://www.youtube .com/watch?v=lgqSBDll9Y Жеңі тұтаспішімді иықты бұйым негізіндегі сызба құрылымы https://www.youtube .com/watch?v=chp_ 2R_uxJo Сайт «Калькулятор» - https://beregifiguru.ru/%D0%9A%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BA%D1%83%D0%BB%D1%8F%D1%82%D0%BE%D1%80%D1%8B/%D0%A2%D0%B8%D0%BF-%D1%84%D0%B8%D0%B3%D1%83%D1%80%D1%8B |
| 5 мин Аяқталуы | Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды. Жұмыс орнын тазалау. «Сұрақ ілмегі» әдісі 1.Тігуге арналған қандай құралдар болады және несімен ерекшеленеді? 2.Үлгі түсіру кезіндегі алғы шарттар атаңдар. Сабақ соңында рефлексия жүргізеді: (Қ) Сабақтың соңында оқушылармен бірге орындалған жұмыстардың көрмесін өткізіп, талдау «Қолмен белгі беру» әдісін қолдану. | | Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру. | |