СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Желтоқсан желі ызғарлы

Нажмите, чтобы узнать подробности

16 желтоқсанға қарсаңында өткізілетін іс - шара.Тақырыбы желтоқсан желі ызғарлы 

Просмотр содержимого документа
«Желтоқсан желі ызғарлы»

ҚАЙДАСЫҢДАР, ҚҰЙЫННЫҢ ҚҰРБАНДАРЬІ?


Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Құшақ, жая таныстым сан тіліммен

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен,

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артық жоқ, өз тілінен...

Мұғалімнің сөзі: 1986 жылы 16-желтоқсанда қазақ жастары тоталитарлық режимге ашық қарсылық көрсеткен күні бәрімізге белгілі. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 14 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары бізді әйгілі 16-шы желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да жүректер де мәңгілік ұмытылмайтын бір нәрсе бар. Ол - дүниені дүр сілкіндірген сол үш күн ішінде қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет етеміз.

1-окушы:

Әнұраным — жан ұраным,

Айтар әнім ~ сөйлер сөзім.

Туған жерім — сағынарым,

Мәңгі-бақи шырқалады,

Республика әнұраны. (Әнұран айтылады).

2-оқушы:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен көркем әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

3-оқушы:

Жарасқан байрақтың мәні бар,

Көк аспан, күн-қыран сәні бар.

Көк байрақ, ашық күн кеңісім,

Алтын күн — белгісі жеңістің.

4-окушы:

Республика! Ерікті ел — Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан,

Келді алыстан аңсатып армандатып,

Торды бұзган мен де бір мәзарыстан.

Хор: "Менің елім — Қазақстан!".

5-оқушы:

Өзіңдікі — Елің де,

Өзіңдікі — Жерің де,

Өзіңді өзің еткен бақ –

Тәуелсіздік төрінде!

6-окушы:

Өзіңдікі — Туың да,

От пен ауа, суың да,

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да!..

7-оқушы:

Көк аспандай тулардың,

Желбірейтін күні бұл,

Елім деген ұлдардың,

Елжірейтін күні бұл.

8-окушы:

Әйнегі ~ күн, шатыры — аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан ~ Республикам менің!

Хор: "Елім менің".

Окушылар:

Біз намыскер — Қазақ елі ұланымыз,

Қорғайтын жерді Отан қыранымыз.

"Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат қыл,

Рақым ет " деп Абай айтқан ұранымыз.

9-окушы:

Қанатыңнан қайрылып,

Қыл арқаннан майрылып,

Қонақ, — Тәуелсіздіктен

Қала көрме айрылып.

10-оқушы:

Қалса да, қайда жерің, қайда көлің,

Қасқайып хақ жолынан таймап едің.

Айрылып күндіз — күлкі, түнде ұйқыдан

Күткенің осы еді ғой қайран елім.

Хор: "Желтоқсан желі".

11-оқушы:

Ер едің өліссең де беріспеген,

Ел едің еншісін де бөліспеген.

Зар мүңның әні бар ма сен айтпаған,

Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген ?

12-окушы:

Ұраның да жасасын!

Құраның да жасасын!

Қасиет кие дарыған,

Ұланың да жасасын!

Көрініс: Қайрат Рысқұлбековтың сағынышты да қайғылы мәңгі қоштасуы, ең соңғы амандық-жамандық хаты.

Қош болыңдар! Қош бол, жарық, дүние! Бар бақытымды о дүниеден

табармын.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

"Еркек тоқты құрбандық ",

Атам десең, атыңдар!

Жүргізуші: Он екі де бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Ләз-заттың, Сыпатайүлы Ерболдың, Мүхамеджанқызы Сәбиранын, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт-тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі өзінің Тәуелсіздігін алды!

Қаймана қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда,

Сөйлесем даусым жетпейтін,

Кез болдық мынау заманға.

"Шовинизм еді ғой, басты себеп жан-жалға " - деген қазақ кыздары мен жігіттерін бір минут еске алайық.

Хор: "Қара бауыр қасқалдақ".