| Сабақтың басы Қызығушылықты ояту Ұйымдастыру кезеңі. | Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Сөзжұмбақтың шешуі: Қазақстан. Сәлеметсіңдер ме балалар! - Бүгінгі тәрбие сағатында білімнің қаншалықты қажет екенін, маңызын ұғынамыз. - Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. - Жүсіп Баласағұн: “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің”. Сұрақтарға жауап беріңдер 1. Білімді қайдан аламыз? 2. Білім беретін кім? 3. Білім алуға көмектесетін тағы қандай заттар бар? Сұрақтарға өз пікірлеріңмен жауап беріңдер Оқушылар топқа бөлініп өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады | Оқушылар бір бірен жақсы тілектерін білдіреді Берілген өлең жолдарын құрастырады. 1. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлейді (қазақ, казахский, Kazakh) 2. Қазақстанның Елордасы (Астана, Астана, Astana) 3. Қазақстанның Елбасы ( Назарбаев, Назарбаев, Nazarbayev) 4. Қазақстан қай құрылықта орналасқан? (Еуразия, Евразия, Euroasia) 5. Қазақ халқының дәстүрлі ойыны?(асық, асык, asyk) 6. Қазақстанның рухани астанасы( Түркістан, Туркистан, Turkistan) 7. Қазақстанның ұлттық валютасы (теңге, тенге, tenge) 8. Қазақстанның көршілерінің бірі (Қытай, Китай, China) 9. Әр азаматтың туып-өскен жері қалай аталады? (Отан, Родина, Motherland) | Оқулық, жұмыс дәптерлері |
| Жаңа сабаққа кіріспе | Дана бабаларымыз: «Күш – білімде, білім - кітапта» немесе «Мұхит басы - бұлақ, білім басы - кітап» деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ. - Балалар, сендер оқу, білім туралы қандай мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, даналық ойлар білесіңдер? Балалар, білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. v Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, арман тілегін тек білім арқылы ғана алады. Балалар, білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. v Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, арман тілегін тек білім арқылы ғана алады. | Оқушылар білім туралы мақал мәтелдер мен қанатты сөздерді ортаға салады | ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
| Сабақтың ортасы | - Оқысаң – озарсың - Оқымасаң – тозарсың, демекші адамның көркі киімі емес, білімі, балалар. «Ой талқы» Саналы, білімді болып өсу үшін не істеуіміз керек? Өз ойларыңды ортаға салыңдар. - Сендердің білімдеріңді тескеру үшін дайындалған кішігірім сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Білім күні қай күн? 2. Еліміздің Тәуелсіздің алған күні қай күн? 3. Жеті қазынаны ата 4. Үш қуатты ата 5. Бес қаруды ата 6. ҚР Мемлекеттік Рәміздерін ата 7. Адамдардың қатынас құралы не? 8. Үш биді ата 9. «Кел балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған? 10. Қазақтың атақта суретшісі кім? «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген екен Әл –Фараби. - Неліктен білім мен тәрбие егіз ұғым? Қалай ойлайсыңдар? Өлеңді мәнерлеп оқыңдар: Білім болса , ілім бар , Ілім болса , күнің бар. Алаулап атқан таңың бар , Кеудеңдегі жаның бар. Өлең не туралы? Сұрақтарға жауап беріңдер: Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын білдіріп, бағалы сыйлықты сыйласа жемқорлыққа жатпайды. | | Оқулық, жұмыс дәптерлері, |
| Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия | Еркін таңдау. Тақтада ұлы адамдардың нақыл сөздері ілінген. Парталарыңда шамшырақтар жатыр, сендер болашақта қандай адам болғыларың келеді, сол нақыл сөздің жанына шамшырақтарыңды орналастырыңдар. 1.Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Мұхтар Әуезов 2.Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі. Габриэль Оноре Марсель 3.Адалдық – өмірден қымбат. Ф. Шиллер 4.«Ақиқат жол – жөнекей жұлып ала салатын гүл емес,ол ұзақ жолдың түпкі мақсаты». Гераклит 5.«Адалдық дегеніміз ашық, шыншыл қарым-қатынас». А. Макаренко 6.Ақыл бар жерде шындық бар, өтірік жоқ Ж. Баласағұн 7.Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол» | Қорытынды сөз. Жемқорлық – ол екі басы бар көше. Алатын адам болса, міндетті түрде беретін адам да бар. Сондықтан онымен барлық бағытта жұмыс жасау қажет. Абай атамыз айтқандай Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Балалар әрқашан өз еңбектеріңізге сеніңіздер сонда ғана жетістікке жетесіздер!!! | |