Тақырыбы: Жер күні
Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Көрнекі құралдар: слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шумақтары, қабырға газеті, гүлдер, суреттер, Сабақтың түрі: дәстүрлі емес саяхат түріндегі ой - толғау сабағы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, тілек айту, пікірлесу, шығармашылық жұмыстар
Тәрбие сағатының құрылымы:
І бөлім
І. Ұйымдастыру
ІІ. Табиғат дегеніміз не?(саяхат - шолу)
ІІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
IV. Ой - толғау
а) «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»
ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе...»
б) «Егер мен суретші болсам...»
в) «Егер мен ақын болсам...»
V. «Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту
VI. Сабақты қорыту.
Сабақтың барысы:
(Оқушылар дөңгеленіп отырады, орталарына әдемі гүл шоқтары қойылған)
І. Ұйымдастыру: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз.
І. Табиғат дегеніміз не?(саяхат - шолу)
Мұғалім:
1971 жылы 21 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімен жарияланған бұл атаулы күн бүгінде дүниежүзінің 167 мемлекеттінде атап өтіледі. Дүниежүзілік Жер күні де сәуірдің 22-інде атап өтіледі.
Бұл атаулы күн алғаш рет 1990 жылы халықаралық мейрам ретінде атап өтілді
Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-қалды суреттеуге ұлы Абай атамызда көптеген өлеңдері арналған және бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан - жақты жырлаған ақын болған емес. Жылдың 4 мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз көшпелі ауылды көрсететін сұлу шығармалар болып табылады
Мұғалім :Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл
адамға ортақ қазына.Жер,Табиғат,Отан,Атамекен деген ұғымдар бір бірімен үндес
әрі мағыналас.Ондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу,қорғай білу,
қастерлей білу-бәріміздің борышымыз.Табиғатымыз аман болсын! Табиғатты түсіне білейік!
Табиғатқа байланысты мақал мәтел сайысы.
1.Көлдің көркі-құрақ,таудың көркі-бұлақ.
2.Туған жердің ауасы-шипа.
3.Туған жер алтын бесік.
4.Туған жердің ауасы да тәтті.
5.Су жүрген жер береке.
6.Емен жеген ер өлмес,емен жаңға дәрмен.
7.Орман көп болса,олжаң көп.
8.Өріске қарай мал өсер,өзіңе.
Мұғалім:Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Табиғатқа байланысты жұмбақтар шешу.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күннің көзі)
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. (Күннің күркіреуі)
Үй үстінде ұсақ тас (Жұлдыз)
Там басына тары жайдым (Жұлдыз)
Қараңғыда жымыңдай жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады (Жұлдыз)
Қар астында қыстады,
Жасылмен бөркін тастады. (Жер)
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
Сабақты қорытындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі:
Гүлдей бер, Жер - Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын!