Ортаңғы «Ақерке» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші: Биржикенова. А.Б
Тақырыбы: «Жер тағдыры ел тағдыры»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, ептілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Балаларға биғатты аялауға, сүйе білуге баулу, экологиялық тәрбие беру. Туған жер табиғатты қорғауға.
Оқыту: Ел туралы мақал-мәтелдер жазылған плакаттар.
Педагогикалық технологиялар:дамыту,ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы».
Табиғатың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың!
Ей, адамдар,
Күн мен гүлден жаралған
От сезім мен мейірім содан таралған.
Тіршілік иесі –
Негізгі бөлім:
Жер Анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде
Ах, ұрады дүние
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар кім ие? Бүгінгі біздің арамызда қасиетті Жер - Ана, туған халқымыздың аяулы ұлдары, ұлы ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фараби, Асан Қайғы, қыл қобызын ұрпағым деп күңіренткен Қорқыт аталарымыз құрметті қонақ болып отыр. Сөз кезегі сіздерде, асыл бабалар!»
Жер – Ана: Оу, ұрпақтарым, қасиетті жерімізді қандай қайғылы күйге түсірдіңдер, сендерге өлкеміздің байлығын, асыл қазыналарын, көк шалқар көлдер мен теңіздерін, таза ауасын бүлдіріп ұшқан құс, жүгірген аңдарын қырып жойыңдар деп қалдырған жоқ едік қой. Көздеріңнің қарашығындай сақтап, қаймағын бұзбастан сол табиғи күйінде игіліктеріңе ұстаңдар деп қалдырмап па едік», - деп, толғана үн қатты.
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер.
Аяғы жоқ, жалы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер.
Қорқыт ата: - Қара тауларың құламасын,
Саялы ағаш сынбасын,
Қанаттарын қырқылмасын!
Көне Үнді халқының «Табиғат пен тасырлық» атты аңызын еске түсіре кету керек сияқты. Ерте кезде бір патшалық мол байлықта өмір сүрген. Оның тұрғындарының да байлығы күннен-күнге таси берген. Бір кездерде олар табиғат анадан қол үзе бастаған, тәкәппарлық пайда болған. Табиғаттың даналық заңдарын елемеуге шығып, ойына келгенін істеген.
Ойланбастан - ақ жануарларды жойып, өсімдіктерді қуратып, құнарлы жерді аздырып, тоздырған, ең ақыры өзендердің ағысын басқа жаққа, бағытқа бұрған.
Найзағай мен түн қараңғысын бағындырып, аспанның биігіне бүркітпен де ұшқан. Бірақ осы байлықтың, шат өмірдің көзі табиғат байлығы екенін патшасынан бастар жеке тұрғындарына дейін бірде-біреуінің ойына келе қоймаған.
Бірде ойламаған жерден аспаннан қанаты жоқ қара-құрым құстар қаптап келіп, оларды бас салған.
«Қадірлі, асыл, абзал бабалар ұрпақтарына қандай өсиет қалдырар екен». (Бабалар бата береді)
Асан Қайғы: Пайғамбардың бағын берсін,
Сүлейменнің тағын берсін.
Әзірет алының айбатын берсін,
Жамбылдың жасын берсін.
Әл-Фараби: Бата бер, балам, бата бер,
Батаңды бер де жата бер.
Ақ торғын жерім маужырап,
Ақ таңым күліп ата бер.
Тоғыз күндей патшалықтың қалаларын от пен судың тасқынымен қиратып, төңірегіндегілердің бәрін жойып жіберген».
Қорытынды: Балалардан сұрақ –жауап арқылы сұрау.