СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әжемнің үйі - ақ жайлау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Әжемнің үйі ақ жайлау (Киіз үйде)

Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру, киіз үй құрылысымен таныстыру. Балалардың жүрегіне ұлттық сана - сезімді ұялату, ұлттық өнер жайлы білімін кеңейту. Салт - дәстүрлерін, қол - өнерін дәріптей отырып, ел жандылыққа, бір – бірін сыйлауға, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.  Қазақ халқының дәстүрлеріне қызығушылықты қолдау және құрметтеуді дамыту.

Көрнекілігі: киіз үй жасаулары, киіз үй макеті, слайд

Әдіс – тәсілдері: Саяхаттау, сұрақ – жауап, түсіндіру, ән

Алдын – ала жұмыс: Әжетуралы тақпақ ,  ән жаттау.

Қостілділік: Киіз үй – юрта.

Сөздік жұмыс: Шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық есік.

Просмотр содержимого документа
«Әжемнің үйі - ақ жайлау»

Ашық тәрбие сағаты



№19 ОЖББМ мектепалды даярлық тобы

Мұғалімі: Халекенова А.Н

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Қатынас

Тақырыбы: Әжемнің үйі ақ жайлау (Киіз үйде)

Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру, киіз үй құрылысымен таныстыру. Балалардың жүрегіне ұлттық сана - сезімді ұялату, ұлттық өнер жайлы білімін кеңейту. Салт - дәстүрлерін, қол - өнерін дәріптей отырып, ел жандылыққа, бір – бірін сыйлауға, достықты қадірлеуге тәрбиелеу. Қазақ халқының дәстүрлеріне қызығушылықты қолдау және құрметтеуді дамыту.

Көрнекілігі: киіз үй жасаулары, киіз үй макеті, слайд

Әдіс – тәсілдері: Саяхаттау, сұрақ – жауап, түсіндіру, ән

Алдын – ала жұмыс: Әжетуралы тақпақ , ән жаттау.

Қостілділік: Киіз үй – юрта.

Сөздік жұмыс: Шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық есік.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Нұсқаушының іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық -Балалар, қане бәріміз шеңбер болып қол ұстасып тұрайықшы.Біздің тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр. А,л, балалар қонақтармен амандасайық.

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кең ашқан

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын көк аспан

Мықты болсын іргеміз

Бәрімізде біргеміз Балалар шаттық шеңбер айтып, қонақтармен үш тілде амандасады.

Ұйымдастыру-шылық- ізденістік Әуен ойнайтын киіз үй.

Балалар мынау не?

Балалар бұл жәй киіз үй емес секілді, қане ішін ашып көрейік.

Балалар киіз үйде мынадай тапсырмалары бар екен.

Балалар ендеше киіз үй туралы жайлауда тұратын әжемізден неге сұрамасқа балалар?

Балалар, біз бүгін Зере әжеміздің жайлауына киіз үйіне қонаққа барамыз. (балаларды жартылай құрылған киіз үйге апару)

Балалар әжеміздің үйіне бару үшін сиқырлы әуенге билеп барамыз.

Амансыңдар ма, балаларым!

Қош келдіңдер!

Әже сізге қонаққа келген себебіміз, киіз үй жайлы білгіміз келіп еді.

Слайд көрсету

Киіз үй - қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп - қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы.

Біздің қазақ халқы ертеде қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп жүрген. Көшіп қонуға ыңғайлы болсын деп осындай киіз үйлер дайындаған. Бұл киіз үй қыста жылы, жазда салқын болған. Киіз үй негізінен ағаштан жасалып, киізбен жабылған. Сондықтан киіз үй деп аталған. Қане айтып көріңдерші – киіз үй.

Ал орыс қызым сендерде киіз үйді қалай атайды?

Біздің орыс тілінде - Юрта деп атайды.

1- бала

Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең ұзынын – ерісін, қысқалауын – балашық, ең қысқасын – сағанақ деп атайды.Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына қарай уық саны азайып, көбейіп отырады.

2- бала

Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш.

Ол сәмбі талдан жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні деп атайды.Уықтың жоғары түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатан төрт қырлы ұшын қаламы дейді.Уықтың кеғреге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді, оны уық бау дейді.

3- бала

Шаңырақ – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Оны көбіне тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен, күміспен құрсайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді.Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз - қаламдықтар теседі.Түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын – шашын іркілмеуі үшін бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды.

2-тапсырма

«Артығын тап»

Берілген суреттердің ішінен киіз үйге қатысты емес суретті табу.

Сергіту сәті

Дөңгелене тұрайық

Керегені құрайық

Уықтарша иіліп

Киіз үйді құрайық

3-тапсырма

Киіз үйді құрып бер.

Әр түрлі түсті киіз үйді түстеріне қарай құрау.

Шығармашылық жұмыс

Бастырма әдісі арқылы сурет салу.

Балалар әжеге арнап камзолды әшкейлеп береді. Киіз үй юрта

Балалар «Қара жорға» биін билеп жайлауға келеді.



Әже, бабушк, грандмазе\



Саламатсыз ба, әже!





Әженің немерелері киіз үй туралы айтып береді.



Балалар менімен бірге қайталаңдаршы: шаңырақ, кереге, уық және сықырлауық.



Әжем менің әліде

Ұқсамайды кәріге

Швй қайнатып береді

Қажет болса бәріңе



Әжем менің ақ әжем

Көп жасаған, жан әжем

Ауырғанда мен үшін

Бір сүйгені дәрі әжем



Менің әжем бал әжем

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем



Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен

.Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз.



Шаңырақ, терезе

Кереге, баспалдақ

Уық, шатыр

Балалар берілген тапсырмаларды орындайды.

Балалар сергіту сәтін орындайды.



Балалар түстерніе қарай, пішіндерін тауып орналастырады.

Балалар көкөністен дайындалған мөр арқылы сурет салады.





Жақсы әже сізге рахмет көп жасаңыз

Сауболыңыз



Рефлексиялық- түзетушілік Балалар біз бүгін кімнің үйіне қонаққа бардық?

Әжеден не туралы білдік?

Әжемізге не жасап бердік?

Балалар сендер бүгінгі оқу іс әрекетіне жақсы қатыстыңдар.

Әжеге бардық

Киіз үй туралы

Тақпақ айттық, киіз үй туралы білдік

Камзолды көкөністі бастыру арқылы жасадық

Күтілетін нәтиже: Білуі: Балалар қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы жалпы мәлімет біледі. Меңгеруі:Бастырма әдісімен сурет салуды меңгерді. Игеруі: Қазақ халқының салт – дәстүрлерін дәріптеуді.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!