СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Жол т?ртібін білейік аман-есен ж?рейік!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Жолда ж?ру ережелері туралы ал?ан білімдерін бекіту.  

«?иылыс жол» мен «жолаушылар ?тетін жол», «тама?та пункті», «телефон» т.б. к?рсетілген белгілерін таныстыру.

С?здік ж?мыс: ?иылыс жол, пункт

Алдын ала ж?мыс:ж?мба?,суреттер ?арау                                          Дидактикалы? ??ралдар:к?рнекіліктер

Просмотр содержимого документа
««Жол т?ртібін білейік аман-есен ж?рейік!»»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік аман-есен жүрейік!»

Мақсаты: Жолда жүру ережелері туралы алған білімдерін бекіту.

«Қиылыс жол» мен «жолаушылар өтетін жол», «тамақта пункті», «телефон» т.б. көрсетілген белгілерін таныстыру.

Сөздік жұмыс: қиылыс жол, пункт

Алдын ала жұмыс:жұмбақ,суреттер қарау Дидактикалық құралдар:көрнекіліктер

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Арманға алдан күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Тақпақты мұқият тыңдап, не туралы екенін айтты.

Проблемалық ізденушілік

1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?

2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?

3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?

4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?

5-сұрақ.Қиылыс жол дегеніміз қандай жол.

1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны пысығым.

2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді.

3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та.

Көрнекіліктермен жұмыс.

а) жолда жүру ережесінің сақталуы

ә) көлік түрлері

б) жол белгілері

Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.

Жауап: Ауылдық жерлерде жиек жол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн


Екі көшенің қиылысуын атайды

Балалар жұмбақтарды шешеді

-жол




-(трамвай)





-бағдаршам

Рефлексивтік -түзетуші

Қорытынды. Ән:«Әрқашан күн сөбесін» орындайды.


Балалар ризашылығын білдіреді. -Көшеде тек жүрелік,

Өзінше бұл да бір ерлік.

Ата-ана қынжылмасын,

Түсіріп ұнжырғасын.

Күтілетін нәтиже:


Ұғынады:Жолда жүру ережелерімен өмір қауіпсіздігі;

Түсінеді:«Қиылыс жол»,«жолаушылар өтетін жол» туралы;

Қолданады: Жолақ жолдардан дұрыс өту қолдарынан келуі.