«Бекітемін»
«Думан» балабақшасының
меңгерушісі: С.Смағұлова

Мерей тобы (3-4 жас)
Тәрбиеші: Қырғызбекова Ұлдана
2017-2018 оқу жылы
Күні: 11.04.2018
Тақырыбы: «Жолда жүру ережесі»
Мақсаты: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: Бағдаршам, аудио дыбыстар, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, мультфильм, слайд арқылы суреттер көрсету.
(Аудио дыбыстар естіледі, көше, көліктердің)
Шаттық шеңбері: Алтын сәуле арайлы,
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы алайық арайды.
Қайырлы таң қонақтар!
-Сәлеметсіздерме?!
Тәрбиеші: Біздің тобымыз:-«Мерей»
Ұранымыз: -Ережені білеміз,
Көшеде еркін жүреміз.
Біздің ұран осындай,
Сіздерге айтып береміз.
Біз бақшаға барамыз,
Оқу білім аламыз.
Тәрбиешінің айтқанын,
Есте сақтап аламыз.
-Айтыңдаршы балалар, біз автобуспен қайда саяхат жасаймыз?
Көшеге саяхат жасаймыз.
-Көліктер қайда жүреді?
Жолда.
-Көшедегі жолдар қандай болады екен?
Ұзын, қысқа, тар, кең.
-Көшеде келе жатқандарды кімдер дейді?
Жаяу жүргіншілер.
-Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не?
Бізді қауіптен қорғау.
Жол белгісі суреттерімен балалар ортаға шығады.
-Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі.-Жансая
-Түсі көк шеңберде адам бейнеленген. Жаяу жүргіншілер жолы. –Нұрсылтан
-Мынау белгі автобус аялдайтын орын. –Маржан
-Қызыл шеңберде адам бейнеленіп, үстінен сызылған. Бұл белгіде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады дегенді білдіреді. –Назерке
-Бұл белгіде қызыл шеңбердің ішінде велосипед суреті бейнеленген. Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады. –Алихан
Жұмбақ: Үш көзі бар қаз-қатар,
Кезек –кезек ашады.
Үшеуінен байқасам,
Үш түрлі нұр шашады. (Бағдаршам)
Ғажайып сәт: (әдемі көңілді әуенге бағдаршам келеді) Балалар амандасады.
Бағдаршам: Менің атым бағдаршам,
Мекен жайым тұрақты.
Жақсы білем міндетімді,
Мүдірмеймін ешқашан.
Тәрбиеші: Қош келдің, бағдаршам! Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз. Айтыңдаршы, бағдаршамның көшедегі қызметі қандай?
-Көшедегі жүру тәртібін сақтайды. Дұрыс айтасыңдар балалар.
Бағдаршам ойын ойнатады: Ойын: «Сақ бол!»
Қызыл көзін жағады. (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады. (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады. (бір орында тұрып жүру)
Жұмбақ: Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпеен түзеген. (жол сақшысы)
Әдемі әуенге жол сақшысы келеді:
Армысыңдар жас достарым! Балалар, мен сендерге жәй елген жоқпын, білімдерінді көрейін деп келдім. Әкелген ойын, тапсырмаларым бар.
Бұзық бала велосипедімен жол ережесін бұзады. Жол сақшысы ысқырығымен ысқырады.
-Балақай, сен неге жол ережесін бұзасың?
-Кешіріңіз, мен онысын білмедім. (екі бала ортаға шығады)
Бағдаршамға қара біз саған қазір жол ережесін түсіндіреміз.
Бұзық бала;-Жарайды!
Жүрме жолға таласып,
Қызыл көзін ашқанда,
Сабыр сақта, баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре берін жасқанба.
Жол сақшысы: Жарайсыңдар, балалар! Сендерден өте ақылды, білгір, сауатты жолаушылар болатыңдарына сенемін. Егер жол ережесін бұзсақ, тек қауіп төндіріп қоймай, зиянымызды келтіреміз. Сондықтан жолда сақ бол! Көше тәртңбңн есіңнен шығармаңдар.
Ән: «Бағдаршам»
Бағдаршам мен жол сақшысы шығып кетеді.
Сергіту сәті: Бұзба көше тәртібін,
Ұрынарсын апатқа.
Қызықты өтсін әр күнін,
Жақын болма шатаққа.
Қорытынды:
-Бағдаршамның неше түсі бар?
Үш: қызыл, сары, жасыл.
-Қай түс жанғанда машиналар жүреді?
Жасыл
-Көлік күтетін жерді қалай атайды?
Аялдама
-Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді?
Ақ жолақ неемесе зебра жол.
Жарайсыңдар балалар, дұрыс жауап бердіңдер!