СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жолда жүру ережелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жолда жүру ережелері. Жол таңбалары. Жол көлік оқиғалары.

Просмотр содержимого документа
«Жолда жүру ережелері»

Тақырыбы: "Жолда жүру ережелері"

Мақсаты: 1. Оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту.

2. Жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана

білуді тұрақты дағдыға айналдыру.

3. Оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жол ережелері, ескертусөздер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе

          Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жолда жүру ережелері» атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Жолда жүру ережелері- жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін заң. Жолда жүру ережелерін білу әрбір баламен әрбір адам үшін маңызды. Жолда жүру ережелерін дұрыс орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.

Қазіргі таңда балалар және үлкендер өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау- мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілерде бұлжытпай орындауы керек. Жолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу керек.

Сынып оқушыларына сұрақтар оқылады. Сұраққа оқушылар жауап беруі керек.

1) Жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдар)

2) Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (тротуармен)

3) Тротуар деген не? (жаяу адамдарға арналған жол)

4) Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан мінеді)

5) Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (жүргізуші куәлігі)

6) Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек (аялдамалардан)

7) Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? (болмайды)

8) Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі? (14 жастан)

9) Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? (Көшеде жүре білу көлік апатынан сақтайды?)

10) Көшеде жүру тәртібін не басқарады? (бағдаршам)

  1. Жаяу жүргіншілерге арналған жол қалай аталады? (ақ жолақты жол- жаяу жүргіншілер жолы)

    12) Жүріп келе жатқан көліктің қай жағынан өту керек? (көлік өтіп кеткенше күтіп, көліктің артынан өту керек)

13) Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді? (жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машиналарына)

  1. Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді? (көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

    15) Бағдаршамы жоқ көшеден қалай өтейміз? (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз.

Жұмбақтың шешуін табу

1. Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы түзеткен (полиция)

2. Көше бойлап аяңдайды

Адам тасып аялдайды (автобус)

3. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та

Бақырайған үш көзі бар бірақ та (бағдаршам)

4. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді

Жүк емес жануалға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді (трамвай)

5. Қатар жатқан қос білек

Үстінен келер күш үдеп (темір жол)

6. Жер асты даңғылы

Көлігінің зулаған

Естіледі соңғылы (метро)

7. Арқаным бар тым ұзын

Ала алмайсың бір үзім

Ақылға салып ойланып

Тапшы мұны пысығым (жол)

8. Құстай ұшар, қанатты тұлпар (ұшақ)

9. Сөйлегенді білмейді

Бірақ «Тоқта, жүр» - дейді (бағдаршам)

Сен білесің бе?

Қызыл түспен «Ескерту белгілері»

Сары түспен «Нұсқау белгілері»

Жасыл түспен «Тыйым салу белгілері» деген жазу шығады

1-қатар

- Ескерту белгісі туралы не айтамыз?

- Үшбұрышты қызыл баяумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

2-қатар

-Нұсқау белгілері нені білдіреді?

-Нұсқау белгілері жаяу жүргіншілер мен вилосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат береді.

3-қатар

- Тыйым салу белгілері нені білдіреді?

-Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен берілген белгілер қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.

Тап бомасын қасірет

Күдер үзіп жалғаннан

Көшені тек кесіп өт

Бағдаршамы бар маңнан

Көше деген – тағылым

Абай болсаң, жоқ қайғы

Қай кезде де Тәңірің

Сақтағанды сақтайды- дегендей, біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден-бір кепілі көшеде жүру ережелерін сақтау, жолда жүру тәртібін білу. Ендеше әрдайым жолда жүру ережелерін сақтап аман-сау жүріңіздер!



Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

МДШО КММ












Сынып сағаты: «Жолда жүру ережелері»








5 «ә» сыныбының жетекшісі: Әбдраманова Ә.Ә















Қайназар ауылы

2017-2018 оқу жылы