Жүргізуші:
Қарсалайық бәріміз
Жасымызбен, кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз де нұр төгіп.
Құрметті ата – аналар мен ұлағатты ұстаздар «Еркетай» тобына «Жомар күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Алтын күз мерекесіне балаларды қошеметпен қарсы алайық.
Тақпақтар:
Ғаламат
Көбейді құт – береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз!
Нұрай
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр – сыбдыр түседі.
Үмітбек
Күн суыттып келеді
Жапырақтар түседі
Астық – жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Іңкәр
Біреу астық түсіріп
Біреу астық ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен.
Алдым соны түсініп,
Арлан
Астық, жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды.
Зейін
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Талант.
Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жыйп – теріп болған соң
Той жасайды халқымыз!
Алиназар.
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
«Күз» әнін қабыл алыңыздар.
Әуен (құстардың шуылы )
Жүргізуші:
Тыныш балалар бұл ненің дауысы?
Біреу жылап тұрғандай,Құстар ғой туған жерлерін қимай жылы жаққа ұшып барады.
Балалар айтыңдаршы бізде қазір қай мезгіл?
Балалар:
Күз
Жүргізуші:
Күз мезгілінде қандай өзгерістер байқайсындар?
Балалар:
Күн суытады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, күн суытады.
Жүргізуші:
Бірақ біз балалар көңілімізді түсірмейік , күз мезгілі тамаша бізге молшылық, береке әкеледі.
Саңырауқұлақ:
Сәлеметтсіңдер ме, балалар мені таныдыңдарма?
Балалар:
Иә таныдық.
Саңырауқұлақ:
Мен сендерді мейраммен құттықтауға келдім. Мен орманда ең үлкен саңырауқұлақпын мен бәрін – бәрін білемін. Шын айтамын, мен сендердің не ойлап отырғандарыңды білемін , сендер жаз қайта келсе екен деп отырсындар солай ма?
Балалар:
Иә
Саңырауқұлақ:
Бірақ жаз қайта оралмайды.
Әуен (Күн күркірейді)
Саңырауқұлақ:
(Қорқып кеттеді) Бұл не?
Жүргізуші:
Күн күркіреп жаттыр, жаңбыр жауады.
Саңырауқұлақ:
Жаңбырды мен жақсы көремін.
Жүргізуші:
Жаңбырды жақсы көрсен ортаға шық «Жаңбыр» әнін тамашалайық.
Ән «Жаңбыр»
Бағбаншы (Кіреді)
Жүргізуші:
Сен кімсің?қайдан келдің?
Бағбаншы:
Мен орманшымын орманнан келдім балаларды мейраммен құттықтау келдім мен. Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күзханшайымы қайда?
Саңырауқұлақ:
Біз сенімен келеді деп ойлады.
Бағбанша:
Мен күзханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар. Сіздерге көкеністер мен жемістерді әкелдім, қазір олар өздерін таныстырады.
Нұрай
Жиналыппыз бәріміз
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз.
Іңкәр
Ақ түсім бар қант алар
Қызыл түсім қаңға нәр,
Қызылшамын пайдам бар.
Ғаламат
Көктеп ерте шырмалып
Өсеміе мен бүр жарып,
Атым қияр теріп ал
Жиі –жиі суарып.
Зейін
Күзді күтіп жатырмын,
Жиып нәрді бойыма
Асқабақпын жараймын,
Қыстай сақтап қойуға.
Талант
Мен өрікпін, өрікпін
Бау – бақшаға көрікпін.
Үмітбек
Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояйық
Дауласуды тоқтатайық.
Саңырауқұлақ:
Дауласпайық оданда бір ойын ойнайық.
Жүргізуші:
Ойының атты «Көкеністер мен жемістер» балалар көкеністер мен жемістерді ажырата алама екен байқайық.
Ойын «Көкеністер мен жемістер»
Жүргізуші:
Жақсы балалар жемістер мен көкеністерді жақсы ажыраттыңдар, енді кезекті әнге берейік.
Ән «Жемістер мен көкеністер»
Әуен (Жел мен жаңбырдың дауысы)
(Күз бен жел кіреді)
Күз:
Маған көмектесіңдер, көмектесіндер!
Жел:
Ақалай – мақалай, ақалай – мақалай
Күзді ұйықтатып тастайын,
Қара бұлтыммен күзді жауып тастайын.
Саңырауқұралақ:
Жел сен не күзді сиқырлап тастадың.
Күз бізге керек оны балалар тосып отыр.
Жел:
Мен күштімін, менен барлығы қорқады
Мен барлығын ұшырып жіберемін.
Саңырауқұлақ:
Ондай болса мықтылығыңды көрейік.
Ойын «Жапырақ жинау»
Әне көрдіңбе бідің балалар қандай мықты.
(Күз оянады)
Күз:
Ой қандай керемет!
Сәлеметсіңдерме балалар, күз мерекесі құтты болсын!
Береке бақ дарыған,
Жомар көңіл, жарқын күз
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам.
Жүргізуші:
Қане онда күздің құрметтіне «Жапырақтар» биін қабыл алыңыздар.
Күз:
Рахмет балалар биді тамаша биледіңдер, жарайсыңдар!
Күзім - ау, күзім – ау
Мінезің бұзық - ау.
Жаңбырың сіркіреп тұрғаны қызық – ау.
Жүргізуші:
Күз мезгілінің балалардың дайындаған сән үлгісін қабыл алыңыздар.
Күз:
Ал балалар мен сендерге көкеністер мен жемістер әкелдім, рахмет өнерлеріңе енді сендермен қоштасайын.
Сау болыңдар!
Жүргізуші
Құрметті ата – аналар мен ұстаздар « Еркетай» тобының күз мерекесіне арналған ертеңгілігі аяқталды , келесі мерекеге дейін сау болыңыздар!
«Қаралды» «Бекітемін»
Әдіскер «Курчатов қаласының №3 орта
А.Т. Кокенова мектебі» КММ директоры
В.В Пронина

Тәрбиеші Смагулова Гульжанат Смакановна
2015- 2016ж