СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жұрнақ пен жалғау

Нажмите, чтобы узнать подробности

2 сыныпқа арналған. Қазақ тілінен ашық сабақ жоспары.

Просмотр содержимого документа
«Жұрнақ пен жалғау»

Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін қалыптастырып, бір – бірінен ажырата білуге дағдыландырып, ой – өріс, қиялын дамыту және сонымен қатар сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, қима қағаздар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Сыныпта біздің тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккенді тоспаймыз.

Күнделікті, қызықты,

Кезекті сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Өткенді еске түсіру. Ойын «Алтын сақа».

Сақалардағы сұрақтарға жауап алу арқылы жаңа тақырыпты шығарып алу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жұрнақ пен жалғау.

Оқулықпен жұмыс.

282-жаттығу ауызша орындалып, қорытынды жасалады.

Бүркітші, бүркітпен, бүркіттер, суға, сулық, суды, сула, сусын, тазалық, тазала.

Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді.

Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз; жұмыс-жұмысшы, ойын-ойыншық.

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз; жұмыс-жұмыста, ойын-ойынға.

283-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жазу. Жұрнақ жалғанған сөзді табу.

Өнерлі жігіт өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

284-жаттығу. Сөздерге жұрнақ жалғап, сөйлем құрастыру.

Дос-достық, іс-іскер, жұмыс-жұмысшы.

Достық – табылмас байлық. Жұмысшы жұмысқа келді. Менің ағам іскер.(Тақтада)

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Тынығып дем аламыз.

Шығармашылық тапсырма. Тақтаға бірнеше түбір сөздер ілу.

І-топ. Түбір сөздерге жалғау жалғап жазу.

ІІ-топ. Түбір сөздерге жұрнақ жалғап жазу.

ІІІ-топ. Түбір сөздерге жұрнақ пен жалғау жалғап жазу.

IV. Білімді бекіту.

Электронды оқулықтан тапсырма орындату арқылы бекіту.

V. Сабақты қорытындылау.

• Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

• Не білдік? Не ұнады?

VI. Yйге тапсырма.285-жаттығу.

Жұрнақ жалғау

батырлық ғалымның

іскер көмірді

көлшік әжем

биші дәптері

бастық бидайды





















































Пәннің аты: Математика

Уақыты:21.11.2016

Кабинет:109

Мұғалім:Гайыпова М.

Сабақтың атауы

Қайталау.

Мақсаты

Мақсаты: Оқушыларға 9-ға 9-ды қалай қосу керектігін, 18-ден 9-ды қалай азайту керектігін түсіндіре отырып, тапсырмалар орындау.

Дамытушылық: Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: электрондық оқулық, үлестірмелер, ребус.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1) 11,12,13,14,15,16 сандарының құрамдарын ауызша талдау.

2) Сиқырлы дөңгелектерден «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты сөйлемді шығарып алу.

3) Ребус шешу арқылы жаңа тақырыптың атын шығарып алу.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

-Балалар, бүгінгі сабағымыз «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай өткізіліп жатқан 25 шараның бірі.

Оқулықпен жұмыс.

№1. Теңдеуді 3 қатарға бөліп, шешімін табуды тапсыру.

X+9=18 18-x=9 x-9=18

№2. Өрнекті жаз және оның мәнін тап. (екі нұсқаға бөліп беру)

Электрондық оқулықтан тест тапсырмаларын орындату.

№3. Есепті шығару, салыстыру.

Әкелінді –18м сым. Әкелінді – 18м сым.

Қиып алды –7м+7м Қиып алды – 7м

Қалды – ? Қалды – ?

Шешуі: 18-(7+7)=4 Шешуі: 18-7=11

Жауабы: 4 метр сым қалды. Жауабы: 11 метр сым қалды.


Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста,

Емін – еркін тыныста.

Оң қолыңды соз алға,

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада,

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Шығармашылық тапсырма:

Екі балада 10 алмұрт бар. Біреуі 1 алмұрт, екіншісі 3 алмұрт жегенде, олардың қалған алмұрттарының саны бірдей болады. Әуелде әр балада неше алмұрт болды?

Үйге тапсырма

№4,5 есеп 85-бет.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!