Жаңа сабақ Ширату тәсілі: «Қазынаны іздеу жолында» (М) сабақ тақырыбына қатысты ақпаратты жасырады. Оқушылардан оларға қажетті және қажет емес ақпаратты ажыратуды сұрайды. Оқушыларға берілген ақпараттар: Қозғалғыш ішекқуыстыларда дифференциялы жүйке жүйесі күрделенеді, сатылы жүйке жүйесі буылтық құрттарда ең алғаш пайда болды, құрттарда алғаш рет дербес бұлшықет жасушалары пайда болды, ланцетниктің жүйке жүйесі жүйке түтігінен тұрады, қосжақтаулы ұлуларда бас түйіндері мүлде дамымаған, кірпікшелер – құрылысы талшықтарға ұқсас, бірақ едәуір қысқа әрі көп болады. (О) алынған ақпараттан тақырыпқа қатысы жоқ мәліметтерді ажыратады. Қ.Б:«Бағдаршам» әдісі бойынша оқушылардың«қазынаны»қаншалықты жылдам және дұрыс тапқандығы анықталады. «Ой қозғау» (топтық жұмыс), тақырыпты түсініп оқып, талқылайды. «Денотатты граф» әдісі арқылы іске асады. Ақпараттағы негізгі ұғым түйінді сөз арқылы белгіленеді. (М) әр топқа тақырыпқа байланысты түйінді сөздерді таратады: 1- Гидра тобына диффузиялы 2- Медуза тобына сатылы 3- Шұбалшаң тобына түйінді (О) түйінді сөзді және оның қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін сипаттайтын етістіктерді анықтайды, бастапқы түйінді сөзді тармақтарға жіктейді, тармақтар мен түйінді сөзді сәйкестендіреді. Мысалы: - түйінді сөз –түйінді жүйке жүйесі, - қажетті етістіктер – дамыған, дамымаған, айналған, зерттелген. - түйінді сөз тармақтарға жіктеледі – дамыған (ұлуларда бас жүйке түйіндері мен аяқ бұлшық еттерін бақылайтын түйін жақсы дамыған, қорегін белсенді аулауға байланысты сегізаяқта көру мүшесі өте күшті дамыған); дамымаған (устрица мен басқа қосжақтаулы ұлуларда бас түйіндері мүлдем дамымаған); айналған (басаяқты ұлуларда жұтқыншақүсті түйіні жақсы дамыған миға айналған); зерттелген (сегізаяқ интеллектісінің жетістігі зерттелген). Бағалау критерийі | Дескриптор | Балл | Білім алушы | Ішекқуыстылардың (диффузиялы жүйке жүйесі) | - жүйке жасушалары бүкіл денеде орналасқан дығы көрсетілген, - жүйенің кемшілігі – гидраның жауап беру реакциясы алуан түрлі емес екендігі белгіленген, - медузада дифференция лы жүйке жүйесі күрделенгендігі көрсетілген | 1 1 1 | Шұбалшаң (сатылы жүйке жүйесі) | - буылтық құрттарда алғаш пайда болғанды ғы көрсетілген, -шұбалшаңның жүйке жүйесі жұтқыншақмаңы жүйке буылтығы мен құрсақ жүйке тізбегінен тұратындығы көрсетілген | 1 1 | Түйінді жүйке жүйесі | - ұлуларда бас жүйке түйіндері мен аяқ бұлшық еттерін бақылайтын түйін жақсы дамығандығы көрсетілген, - устрица мен басқа қосжақтаулы ұлуларда бас түйіндері мүлдем дамымағандығы белгіленген | 1 1 | «Сократ шеңбері» - «Ішкі шеңбер», «Сыртқы шеңбер» (М) «Ішкі шеңбердегі» оқушыларға түтікшетәрізді жүйке жүйесі (ланцетник), омыртқалылардың ми бөлімдері тақырыпшасына бағыттаушы сұрақтар қояды. Мысалы: түтікшетәрізді жүйке жүйесі дененің қай бөлімінде орналасқан? Бұл жүйе қандай жануарларға тән? Барлық омыртқалылардың миы неше бөлімнен тұрады? (О) «Ішкі шеңбердегі» оқушылар сұрақ – жауап арқылы талқылайды, «Сыртқы шеңбердегі»оқушылар тыңдайды, дәптерлеріне ескертпе жасап отырады және соңында өз пікірлерін айтады. Қ.Б: «Екі жұлдыз-бір тілек» стратегиясы бойынша топтар бірін-бірі бағалайды. Сабақты бекіту: «5-5-1» Тапсырма: оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады, оны 5 сөзге қысқартады, оны 1сөзге қысқартады. Оқушылар өзінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі. |