СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

`Жұлдыз`` лагерінің жоспары 1 ауысым тәрбиеші

Нажмите, чтобы узнать подробности

`Жұлдыз`` лагерінің  жоспары 1 ауысым тәрбиеші

Просмотр содержимого документа
«`Жұлдыз`` лагерінің жоспары 1 ауысым тәрбиеші»

Тексерілді: Бекіттемін:

Лагер басшысы: Мектеп директорының м.а

Г. Ж. Жалмагамбетова Сулейменов Д.Н.


«Жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің жұмыс

жоспары І-ауысым

03.06 – 18.06

Іс-шаралар

Күні

Бағыты

Тәрбиеші

1

Ашылуы «Бақытты елдің бақытты балалары» мерекелік концерт

1.06.2019

Рухани-адамгершілік

Лагерь басшысы

Жалмагамбетова Г.Ж.

2

«Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен» (Пікірталастар,сұрақ-жауаптар)

03.06.2019

Интеллектулды

Бигабулова Л.Т

Хуатбек М

3

«Менің елімнің нышандары» ҚР рәміздер күніне арналған әдеби монтаж

04.06,2019

Патриоттық

Бигабулова Л.Т

Хуатбек М

4

«Сенің туып, өскен жерің» (Әдеби мантаж)

05.06.2019

Интеллектуалды

Бигабулова Л.Т

Хуатбек М

5

Жұмбақтар еліне саяхат (сайыс)

06.06.2019

Интеллектуалды

Бигабулова Л.Т

Хуатбек М

6

«Ертегілер еліне саяхат» (Сахналық қуыршақтар көрініс)

07.06.2019

Салауатты өмір салты

Бигабулова Л.Т

Хуатбек М

7

«Нұр-сұлтан- бас қалам» Әдеби мантаж

10.06.2019

Патриоттық

Бигабулова Л.Т

Хуатбек М

8

Өлкетану Мәшһүр Жүсіп кесенесіне,мұражайға саяхат

11.06.2019

Рухани-адамгершілік

Бигабулова Л.Т

Хуатбек М

9

«Мамандыққа саяат» топтық әңгіме.(сұрақ-жауап)

12.06.2019

Эстетикалық

Бигабулова Л.Т

Хуатбек М

10

Алтын қамба-алтын уақыт (сайыс,ойын-сауық)

13.06.2019

Интеллектуалды

Бигабулова Л.Т

Хуатбек М

11

«1001-мақал,101-жұмбақ» (сайыс,сұрақ-жауаптар)

14.06.2019

Интеллектуалды

Бигабулова Л.Т

Хуатбек М

12

Суда жұзудегі қауіпсіздік ережелері

17.06.2019

Эстетикалық

Бигабулова Л.Т

Хуатбек М

13

Жақсылықпен кездесейік

(Концерттік бағдарлама)

18.06.2019

Рухани-адамгершілік

Бигабулова Л.Т

Хуатбек М











Тексерген лагерь жетекшісі: Жалмагамбетова Г.Ж.

Құраған: Бигабулова Л.Т.





«Алпамыс» жазғы демалыс лагерінің жұмыс

жоспары І-ауысым

04.06 – 15.06

Іс-шаралар

Күні

Бағыты

Тәрбиеші

1

«Ел рәміздері-елдігімнің реңі теңдігім» ҚР рәміздер күніне арналған әдеби монтаж

04.06.2019

Патриоттық

Бигабулова Л.Т







































Тексерген лагерь жетекшісі: Жалмагамбетова Г.Ж.

Құраған: Бигабулова Л.Т.


«Алпамыс» жазғы демалыс лагерінің жұмыс

жоспары І-ауысым

01.06 – 15.06

Іс-шаралар

Күні

Бағыты

Тәрбиеші

1

Ашылуы «Бақытты балалық шақ» мерекелік концерт

1.06.2019

Интеллектулды

Бигабулова Л.Т










































Тексерген лагерь жетекшісі: Жалмагамбетова Г.Ж.


Құраған: Бигабулова Л.Т.



1 2 3 4 5


6 7 8 9


10 11 12


























































№3 Красный

Яр орта мектебінің «Болашақ» демалыс орнының «Егемен елдің белгісі» атты

рәміздер күніне арналған іс-шара туралы есебі.

4 мамыр күні мектебімізде атаулы рәміздер күніне орай «Егемен елдің белгісі» атты іс-шара болып өтті. Іс-шараға оқушылар белсене қатысты. Кешті Мемлекеттік Әнұранды орындаудан бастадық. Оқушылар арнайы берілген тақпақтарын мәнерлеп  айтып берді. Рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріліп, ортада ойларын талқыға салды, әр  авторға  тоқтала кетті.  «Жас дәуірдің түлегіміз», «Атамекен» әндері орындалды. Оқушылар мақал-мәтелдер айтып сол мақал-мәтелдердің мағынасын ашуға тырысты.

 

 

              

Тақырыбы: «Егемен елдің белгісі»

Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы

түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін

қалыптастыру.

Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына,

халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге,

халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.



Әдісі: сұрақ - жауап

Көрнекілігі: ҚР - ның рәміздері, Президент

портреті

Барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар

мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Егемен елдің белгісі» атты тәрбие сағатымызды

ашық деп жариялаймын.

Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР - ның Әнұранын

орындайды.

Жұлдыз:

Батырлықтың уызына жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран.



Аяжан: Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран

салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру -

тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау

шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар

береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге

жұмылдырған.

Жүргізуші: Балалар, қазақ халқының «Бізді

таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар

кімдер?



Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов

Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов

Камила: ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани

әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің

бірлігінің нышаны бар.

Амир:

Бәрі болған қараң сынды көне

Ел белгі де, ерлік өнерде.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?



Жүргізуші: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып,

ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең

болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір

қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай

батырға қазақтың туын ұстатқан екен.

Жазира: 1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол

кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын

бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына

тағзым етті.

Жандос: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап

ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп

өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.



Асан:

Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен - таңба.



Камила:

Енді бүгін өлген Туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып кеткен Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.



Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Жүргізуші: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа

мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен

Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір

ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын

көздейді.

Ал, балалар, ҚР - ның Елтаңбасында нелер

бейнеленген?

Оқушылар жауабы: күн сәулесі, көк аспан,

шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.



Жүргізуші: Олар қандай мағынаны білдіреді?

Аяжан: Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен

биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын

көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт

жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.

Еркін: Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның

«қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар

бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың

жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.

Кабиба: Қанатты тұлпардың баламалық мәні

қазақтың аңыз - ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып

батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат

еткен.

Аянна: Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны.

Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің

перзенті болу.



Қорытынды.

Жұлдыз Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің

шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер

шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!

Жүргізуші: Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің

жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді

нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға,

оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен

мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл -

қыздар молая берсін.

Ән: «Атамекен»

Алаң басшысы: Жұмабаева Ж.Е

 



Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат» Мақсаты: - ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; - ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету; - ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; - қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы. Билингвалды сыңары: ғажайып - удевительный, сиқырлы – волшебный. Заттық - дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы. - Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Баршаңызға құрметпен Бас иеміз біз. - Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай? - Жақсы болса, бәріміз қосылып «Ертегілер әлемі» әнін айтайық - Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар? - Ертегілер елінде кімдер тұрады? - Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер? - Ертегілер бізді неге үйретеді? Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын - ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі. Ертегі ханшайымынын сөзі «Сәлеметсіңдер ме, балалар, Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін. Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді. - Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма? - Төменнен іздеңдер, бар ма? - Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма? Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында - а - а - а» Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады Тәрбиеші: - Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік? /кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/ - Сиқырлы кітап сендерден сұрайды; - Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер? - Үш саны қай ертегіде кездеседі? (Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады) Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері "Мақта қыз бен мысық", "Қызыл телпек" ертегілері - Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар? - Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе? - Жарайсыңдар, балалар. - Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар? (Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады) Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын - дейді «Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды - Бұл қай ертегі? - Ал, бұл қай ертегі кейіпкері? Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық. - Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек. - Бұл қай ертегілер? "Жеті лақ", "Үш торай" /Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/ - Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр? Тәрбиеші: - Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер. Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді (Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады) Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық Сергіту сәті Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі. - Ертегі сендерге ұнады ма? - Біз тамашалаған ертегі қалай аталады? - Ертегідегі қай кейіпкер ұнады? - Айдаһар қандай? - Маса не істеді? - Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған? - Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен? - Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме? - Бұл ертегіден біз не үйрендік? Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп - кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты. Сендер де, әрқашан бір - біріне көмектесіндер, бір - бірлерінді ренжітпендер, бір - бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер. Мейірімді, адал болындар. Ертегі ханшайымы кіреді Сәлеметсіздер ме, балалар? - Ертегілер елі сендерге ұнады ма? Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар. - Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар - Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме? Әр баланын қасына барып; - Қандай ертегі құрастырдың? - Сендердің ертегілерінде құстар қандай? - Неге аңдар суда жүзіп жүр? Жетекші сұрақтар қойылады Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/scenarii/8436-ertegi_eline.html
© www.ZHARAR.com






















Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Болашақта кейіпкерлер рөлдерін сомдай алуға тәрбиелеу.

Балалар екі топқа бөлініп отырады.

Балалар , барлығың ертегілер еліне саяхат жасауға дайынсыңдар ма?

Олай болса мен қазір сендерге ертегі айтып беремін бәрің мұқият тыңдыңдар . Ертегінің жалғасын өздерің құрастырып, сол ертегіні сахналап көрсетесіңдер

... Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, көркі мінезіне сай, өзі батыр, әрі ержүрек бір жігіт болыпты. Ол бір күні ұйықтап жатып түсінде айдай сұлу бір қызды көреді. Ол қыз бір қиындыққа тап болыпты. Ұйқысынан шошып оянған жігіт қызға дереу көмек көрсетуге барады. Бірнеше күн жол жүріп ,шаршап отырған жігітке бір қойшы кез болады жігіт көрген түсін қойшыға баяндап береді. / жалғасын құрап, шағын қойылым ретінде көрсетесіңдер/

Балалар жігітке көмек көрсетуге аттанады.

Айгөлек” тобын ортаға шақырамыз

Бұл топтың балалары ертегіні былайша жалғастырған Қойшы жігіт бір үңгірден жалмауыз кемпір айқайлаған дауысын естігенін айтып берді. Әлгі жігіт ойланбастан сол жаққа аттанды. Байлауда отырған қызды құтқарып қалды Қыз бен екеуі қосылып бақытты ғұмыр кешеді.

Бәрекелді! Тамаша! Сендердің тапқырлықтарыңның арқасында жігіт бақытты ғұмыр кешеді.

Ортаға “Көбелектер” тобын шақырамыз 

Бұл топтың балалары ертегіні былайша жалғастырған Тыңдап көрелік. 

Қойшы жігітке көмек көрсетуден бас тартады. Жігіт жол бойы көп ойланып алға қарай бет алды Көп қиыншылықтардан өтті Жалмауыз кемпірдің торына түсіп қалды. Кенеттен өзі іздеп жүрген сұлу қыз көмекке келді. Екеуі бірлесіп қиыншылықтан шықты. Қалған өмірлерін бақытты өткізді.

Өте жақсы. Сұлу қыздың өжеттілігіне бәріміз тәнті болдық.

Сайыстың келесі бөлімінде “ Ертегі оқи білеміз “ әр топтан екі сайыскер шығып , оқыған ертегілерінің мазмұнын баяндап береді. 

Қошеметпен сайыскерлерді ортаға шақырамыз

Сайысқа қатысушылар3-4 сынып оқушылары

ІІІ- бөлім Қырық өтірік , өтірік өлең құрастыру/ сайысқа әр бала өз қалауымен қатысады/

Құрметті балалар, саяхатымыз сәтті аяқталды.












Начало формы

Шығарма
Туған жер
    Атамекен. Ол сенің кіндік қаның тамған жер. Алғаш өмір есігін ашқанда аяғыңды тәй-тәй басып жүретін,аяғың тиетін жер.Оның тасы да жұмсақ, суы да мөлдір болады.Сағынған да көзіңе жас келер,айтарға сөз жетпейтін өзіңе ғана аян болар бір жер бар екенін білесің ол –туған жер.
    Басқаларға мақтанып айтар ақыны болса, жақсы көлі,өзені болса неге айтпасқа.мен үшін өзімнің атамекен туған жерден артық жер жаннаты жоқ дер едім.Мейлі топырағында аунаған ауылыма еш жердің тауы да,ну орманы да тең келмейді. Алыс сапарда жүрсеңде,басқа өлкеге көшсеңде сен үшін бір жер аяулы да ,ыстық болып тұрады. «Туған жердей ел болмас,туған жердей жер болмас» деп бекерге айтпаған ғой.
 Ол сенің асық ойнап , асыр салған балалықтың ең қызық шағын думандатқан ауылың екенін ұмытпайсың.Жасың бол мейлі кәрің бол туған жер десе елеңдемей тұрмайды.
Жылына бір рет барып аунап келсең бірнеше жылыңа жетер дәру аласың.
   Соңғы кезде «Туған жерге тағзым»атты жаңа қозғалыс болып жатыр.Бұл өте құптарлық идея.Себебі көкейлерінде жүрген орындай алмай тұрған армандарын жүзеге асыруға жол ашады.Көкірегіндегі ауылына деген азаматтық борышын өтеуге мүмкіндік береді. Аяғына тұрғызып осындай дәрежеге жеткізген сол ауылдың ауасы,суы,топырағы екенін бір мезгіл есіне салатын шаруа.
   Мен өзім туған жер десе жүрегім сыздап балалық кезді бір еске аламын.Шіркін сол кез қайта келсе,достарымды көрсем,сағынышымды бір басар едім. Осының өзінде менің көзіме жас келеді ,ол сағыныштың жасы екенін білемін.
Құмында ойнап , суығында сезбей қолымызда қатты пряник,төбелесіп жеуші едік.Оның дәмі кәзіргіден өзгеше болатын. Қыста жиналған тау қардан төмен қарай шанамен сырғанап ойнаушы едік.Құдығынан қыста  шелекпен су алып ішсекте бір жөтелмей өстік емес пе.Ал қазіргі балалар ше ,баптасаңда ауыршаң болады.Кермек дәмі шықса да суына ауылдың еш дәм жетпейді.Сол судан қуат алып өстік емес пе.
Туған жерін сүмейтін, сағынбайтын жан жоқ шығар бұл өмірде .Астана да жүрсеңде ,Бурабайда жүрсең де мейлі саған ең бір жақын көрінетін орын бар, ол сен үшін жердің ең сұлуы туған жерің .
    Туған жер өзің деген де, жүремін әркез елеңдеп –деп сөзімді аяқтаймын.

ответил от Kuaniysh

Комментировать

Конец формы

Начало формы

0голосов

Конец формы

Начало формы

Шығарма
Туған жер
Жоспар:
Ι. Туған жер – алтын бесік.
ΙΙ. Ақтоғай нулы, орманды жер.
ΙΙΙ. Балалық шақ сәттері.
ΙV.Елге, жерге деген құрмет

   Туған жер – алтын бесік, дегендей әр адамға өз туған жері ыстық болады.Туған жердің ауасын жұтып, қыр гүлінің аңқыған иісін сезінгенге не жетсін.Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас деген астарлы сөздің мағынасында терең ой жатыр.Әр адам өз туған жерін ұмытпайды, жүрегінде әрбір сәтін сақтайды.
   Менің балалық шағым  Ақтоғай деп аты айтып тұрғандай, нулы орман, ағаштары көп жерде өстім.Сол туған жерімді бір көруге асықпын.Қала тірлігі ауыл тірлігінен өзгеше.Ауылдағы адамдар бір шаңырақтың астында өскендей тату- тәтті болады.Әр адам үшін көрші – қолаң алаңдайды.Әр қуанышын бірге бөліседі.Ал, қалада көрші тұрмақ, туған ағайынның қалын сұрауға уақыт жетпейді.Бір жанталас өмір зулайды да жатады.
  Бала кезімізде қыр гүлін теріп, кең жерде домалап асыр салып ойынға берілетінбіз.Туған жердің әр жері ыстық болады екен.Әрбір басып жүрген жерің, таза ауасы, жеміс- жидектері, бәрі ыстық екен.Жол бойындағы ағашта өсіп тұрған қарақатты теріп бір мәз болатынбыз.Бір күні көрші балалармен ойнап жүріп, жол жиегіндегі қарақат теріп жейік деп шештік.Сол қуаныш сәт әлі есімде, балалармен бірге шаттанып, балалық шақтың құшағына еніп, жол бойымен жүре беріппіз.Енді жан-жағымызға қарасақ, көрші ауылға таяп қалыппыз.Кеш мезгілі де таяп қалған екен.Ойынның құшағына енгеміз сонша, қанша уақыт өткенін де, аңғармаппыз.Содан арамыздағы нағашымның қызы бұл ауылда туыстары тұратынын айтты.Қарнымызды ашқан сияқты, сол үйге барып шөлімізді қандырайық деп бардық.Бұл ауылдың да, адамдары мейірімді, қонақжай екен.Он шақты баланы, үйіне кіргізіп, кішкентай болсақта, қонақ қылып, шайын, бар тәттісін алдымызға қойды.Тәтті көрсе бала алданады дегендей, бәрін де ұмыттық.Шөлімізді қандырып, тәттіге тойып отырғанымызда, сол үйге әке, шешеміз кіріп келді.Сол кезде ғана кеш қарайғанын, ата-ана уайыдап, алаңдайтынын ойладық.Оған дейін таза, пәк, бала бойында еш қауіп қатер болмайды екен.Әкеміздің ашулы даусын естіп, орнымыздан атып тұрып, далаға қарай жүгірдік.Ана шіркін, біздің аман- саулығымызды көріп, бар ыза, ашуын ұмытып кетті.Біз үшін қалай уайымдағандарын сезіндім.Енді ешқашан алысқа ұзап шықпаспын деп ойладым.Туған жердің қызығы мол шақтары өте көп.Әр басқан жер, өзінің таза ауасымен, өзінің жұпар иісімен баурап алатын.Туған жердің жері де, елі де ерекше болады екен.
   Бір күні ата-анамыз, аға, бауырларымыз, көршілермен тоғайға қарақат теруге бармақшы болдық.Ат арбаға азық- түлік, самауырынымызды тиеп жолға шықтық.Бір сағат болатын жерге жеткенше, ересектердің қызықты әңғімелерін тыңдап, мәре- сәре болатынбыз.Ата-анамыз бастарынан кешкен қызықты әңгімелерін айтып, балаша қуанып қалатын.Арбада отырып, әртүрлі гүлдерді көріп, әдемі көбелектердің ұшып жүрген, табиғаттың сұлулығына қарап, бір тамаша әлемге енесің.Биік ағаштар,ұзын қоңыр қоғалары әлі көз алдымда.Шегірткенің дыбысы, құстардың шықылықтаған дыбысы еріксіз өзіне қарататын.Ұзын соқпақ жол, әрбір көл, адамға қуаныш сыйлайды.Әсіресе, көкектің дыбыс естілгенде, қанша рет дыбыс шығарды деп, санай бастайтынбыз.Табиғатты тамашалап, бір кезде қажетті жерге де жеттік.Арбадан секіріп түсіп, тоғайдың ішіне жүгіре кеттік.Біреуіміз көбелек қуып, біреуіміз қызыл, жасыл гүл теріп, біреуіміз тәтті қарақат жеп әлек болдық.Содан анамызға болысу керек екені есімізге түсіп, шелекті қолға ұстап, ойнап жүріп, шелекті аузы- мұрнына дейін тез қарақатқа толтыратынбыз.Ол кездің қарақаттары үлкен болатын.Содан шаршап, ыстыққа шыдай алмай, арбаның астына, көлеңкеге шөптің үстіне жата кететінбіз.Ағаларымыз самауырынды бұрқыратып қайнатады.Сосын бәріміз, таза ауада, тамаша табиғаттың ортасында отырып қызыл күрең шайымызды ішетінбіз.Жарты сағат демалып, қайта қарақат жинаймыз.Шелектерімізді толтырып, тағы да , жүрек жалғау үшін жерге отыра кетеміз.Үйден алып келген қарбызымызды кесіп, жеп, шөлімізді қандырдық.Содан біраз табиғатты тамашалайық деп, жаяу алға қарай жүрдік.Сонда алғаш рет, Ертіс өзенінің биік жерден төменге қарап, тамашаладым.Сондай әдемі көрініс еді.Ертістің ар жағындағы адамдарды көрдік.Олар алыс болғасын, дұрыс көрінбеді.Арамыздан бір бала жеген қарбызымыздың қабығын алып келіп, суға лақтырып еді, қарбыз қабығының ұсақ бөліктерге бөлінгенін көріп, таң қалдым.Міне, бала шағымнан табиғат сұлулығын көріп өстім.Әр сұлулығын тамашаладым.Көктем мезгіліндегі тамаша көріністері де көз алдымда.Туған жер, әр адамға ерекше әсер береді.Табиғат ғажаптары өте көп.Алайда өзің туып, өскен жерің арқылы, туған жердің қадірін түсінесін.Сол жермен іштей сырласасың, мұңыңды шағасың.Өзіңнің туған анаңдай болады екен.Туған жерімді ешқашан ұмытпаймын, әрбір ерекшелігін айтып жүремін.Туған жер, мен үшін ең қымбат жер деп санаймын.

ответил от Batyirxanov













Ызақор бұғып жатыр,

Сақалы шығып жатыр.
(жуа)

***

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)

***

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

***

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)

***

Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)

***

Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)

***

Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)

***

Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)

***

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)

***

Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма) 

***

Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)

***

Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)

Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)

***

Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)

***

Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)

***

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)

***

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)

***

Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
(қарындаш)

***

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

***

Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)

***

Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)

***

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)

***

Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)

***

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)

***

Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.

(таба нан)

***

Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)

***

Тырау-тырау тырналар, Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал, Ол не балалар?
(аралар)

***

Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат. Бұл не сонда?…
(сағат)

***

Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.
(сағат)

***

Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)

***

Ұзын мойны, Екі ішек, Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.

(домбыра)

***

Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде, Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)

***

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)

***

Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(күн)

***

Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
(жаңбыр)

***

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
(найзағай)

***

Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды.
Қызыл,сары,жасылды, Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)

***

Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты.
(аяз)

***

Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.
(сабын)

***

Әдемі түнде,
Мен жүрсем,жүреді бірге.
(ай)

***

Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ.
(қант)

***

Екі басты айдаһар, Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп, Қағазды жеп қояды.
(қайшы)

***

Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
(ана сүті)

***

Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.
(бұлақ)

***

Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)

***

Белі бүкір,
Алысқа түкір.
(мылтық)

***

Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
(шаңғы)

***

Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(доп)

***

Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл, Бұлтқа да жетеді.

(шар)

***

Қарап тұрсаң өзіңе, Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды, Тура сенің өзіңе
(айна)

***

Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)

***

Әрі төсек,әрі үй.
Иесі оның сәби.
(Сәби)

***

Шұқшитқан кеп әуелі, Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі, Бұл қай кітап?
(әліппе)

***

Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
(көз)

***

Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.
(телефон)

***

Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы……

(арыстан)

***

Өзінше ноян
Қорқақ кім?
(қоян)

***

Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
(қоян)

***

Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
(аю)

***

Қаңғырамын үйім жоқ, Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім, Тамақтанар-нәсібім.
(қасқыр)

***

Түрі -жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.
(зебра)

***

Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(мысық)

***

Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)

***

Орманда- тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)

***

Басында үшкір істігі бар,

Өзіне лайықтап тон пішкен, Секіріп тастан түскен.
(ешкі)

***

Бұл не қылған ер еді? Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі, Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
(түйе)

***

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(сиыр)

***

Екі найзасы бар, Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар, Бір таяғы бар.

(сиыр)

***

Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды
жерде де жүреді, бауырлап жатпайды
(ұшақ)

***

Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.
(поезд)

***

Сымға асылып, Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді, Ол не,ал кім біледі?

(троллейбус)

Жұмбақтар еліне саяхат.
Сабақтың мақсаты: Балаларға жұмбақтар туралы білім беру. Сөздік қорын байытып , жұмбақты нақты етіп айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Табиғат көріністері , жан – жануарлар, жеміс- жидектер, көкөністер бейнелері, әртүрлі суреттер.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру , айту, көрсету, жұмбақ жасыру .
Сабақтың барысы: Тәрбиеші сабақты жұмбақтар еліне саяхаттан бастайды.
Балалар , бүгін біз «Жұмбақтар еліне» саяхатқа барамыз. Жұмбақбай атамыздың бізге дайындаған жұмбақтарын шешіп берсек, Жұмбақбай ата бізді өзінің еліне жібереді. Балалар ,біз қазір екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ- «Айгөлек» , ал екінші топ – « Раушан» . 
Әрбір топқа Жұмбақбай ата әртүрлі жұмбақ түрлерін жіберіпті. Ал, енді атаның бізге жіберген сиқырлы сандығын ашып көрейік. Екі топта мұқият тыңдап отырыңдар. Мен сендерге қандай жұмбақ жазылғанын оқып беремін. Жауабын айтуға дайын отырыңдар. Ал енді балалар бізге жіберілген мына сиқырлы сандықшаны ашып көрейік. Екі топта мұқият тыңдап отырыңдар. 
«Раушан» тобына : 
Жұмысқа, сабаққа , 
Шақырып , тамаққа, 
Тақылдап соғады, 
Хабаршы болады.
( сағат ). 
Бұл не балалар ? ( балалардың жауабы) 
«Айгөлек» тобына: 
Сыртылдайды күнімен, 
Сыртылдайды түнімен.
















"Ертегілер еліне" саяхат


Мақсаты: 1) оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;

2) оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту;

3)оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ертегілер тақырыбына байланысты суреттер, қақпа, кейіпкерлердің бет перделері, ертегілер кітабынан көрме, тапсырмалар, бейнетаспа.

Барысы.

Мұғалім: Балалар! Бүгінгі "Ертегілер еліне" саяхатқа қош келдіңдер. Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатты Қызыл телпек бастайды. Қызыл телпек ертегілер еліндегі әжесінің үйіне жетуге асығуда. Әжесінің үйіне дейін бірнеше кедергілер бар. Сол кедергілерден сүрінбей өтсе ғана әжесіне барып, жақсы ертегіні достарымен бірге тыңдайды. Балалар Қызыл телпек кім ол?
Оқушылар жауап береді.
Қане ендеше бәріміз бірге саяхаттайық! Қызыл телпекті ауырып жатқан әжесіне тез жеткізейік. Ортаға Қызыл телпекті шақырайық, ол біздің саяхатымызды бастасын!
Қызыл телпек: Әжеме жетуге мен асығамын, Қарашы кедергілер тосылғанын. Жалғыз емес, жанымда достарым бар, Орындаймыз біз барлық тапсырманы.
Қасқыр: Бәріміз айналайық бізде енді, 
Тапсырма қиынырақ көрінеді. 
Күш салып тапсырғанын орындасақ, 
Жетеміз біз де үйіне әжесінің.
Балалар, ендеше бәріміз тапсырманы бірігіп орындап Қызыл телпекпен бірге барып, әжесінің ертегісін тыңдайық.

1-тапсырма. "Ерте, ерте, ертеде..." деп аталады. Бұл тапсырмада ертегіде не туралы айтылады? Осы сұрақка жауап берсек "Ертегілер елінің" қақпасы ашылады.
Ертегілер туралы кім не біледі? Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?
1-оқушы: Өткен күн таңтамаша ертегі ғой, 
Айтады ертегі сыр, ертегі ой. 
Ертегі айтса еліктіріп балалар, 
Қиялға қызықтырып ертеді ғой.
2-оқушы: Ертегіде халықтың мұң-зары бар, 
Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар. 
Жамандықпен алысып, жауын жеңген 

Халқымның ұлдары мен қыздары бар!
3-оқушы: Жауларымен алысып жекелеген, 
Батыр ма ел намысын өтемеген. 
Ертегімен халқымыз ертеңіне 
Ұрпағын қызықтырып жетелеген.
4-оқушы: Кел онда, ертегіні шертейік біз,
Қауымды мына келген ертейік біз.
"Ертегі еліне" бір саяхаттап,
Келгендерді соңымыздан ертейік біз.
Өте жақсы, балалар! Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық! Бізді қандай ертегілер күтіп тұр екен.

Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Мына суретте сол ертегілер түрлері бейнеленген. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?
- Ертегі басталғанда қалай басталады?

"Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен".
Жақсы.

2-тапсырма: Бұл қай ертегі? Кейіпкерлері кім? 

3-тапсырма: Ертегі кейіпкерлерінің өзін-өзі қорғауы.

"Мақта қыз бен мысық " 

Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым, 
Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың. 
Қатық төктің, еңбекті қадірлемей, 
Құйрығынды жұлып ап жазаладым.
Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,
Мен мысықпын іші пысқан.
Қатығынды қайтардым төккен,
Қайырымды алдым көптен.

Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?

Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа дұшпанмын.
Су астынан шыға кеп,
Алақаныннан қысқанмын.
Тісімді жұлып лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.
Көркейтуге келгенмін
Ертегілер ауылын.
Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?
Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,
Балаларға, батырларға жаумын.
Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,
Тек жамандық жолында шапқыладым.
Талай жерде ақылмен алдап кетті,
Қаңбак шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.
(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).
Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,
Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.
Алып дәуді алдадым ақыры мен,
Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.
Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,
Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.


"Қырық өтірік" ертегісіндегі Тазша бала өзінің шешендігімен хандарды сөзден ұтқан. Сөйтіп өзінің мұратына жеткен кейіпкер.


Тазша бала: Мен Тазша баламын, 
Кіп-кішкентай ғанамын. 
Қысылғанда сөз табамын, 
Қырық өтірік пе кедергі, 
Жаңылмай айтып беремін. 
Ақылыма тәнті боп, 
Алтын үйді басыма, 
Той жасады хан қызын 
Отырғызып қасыма.

Біздің ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз, Толағай.

Керқұла атты Кендебай: Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,
Жамандықты жайраттым жолымдағы.
Азу тісін қағыпап арыстанның,
Жеті басты аждаһармен алысқанмын.
Міне Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,
Әйтпесе батыр деп мені мойындар кім?
Мен батыр, Керқұла атты Кендебаймын,
Кәнеки, тұра алады жолымда кім?

Меңді қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,
Жақсылыққа әрдайым серік болған.
Ертегіде хан, қара батырлар да
Жүреді мендей қыздың ақылымен.
Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,
Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,
Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,
Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.


Жақсы, балалар! Үшінші тасырманы да орындап, әжейдің үйіне жеттік. Енді Кызыл телпектің оқушылар бізге қандай ертегі айтар екен? Бәріміз қосылып ертегі тыңдайык.

Ендеше мына жерде сендерге арнап ертегілер кітаптарынан көрме ұйымдастырылған. Сендер осы ертегілердің өздеріңе ұнағанын алып үйден оқып келесіңдер. Ойдан ертегі құрастырып келесіңдер.

Ертегілер сенің қиялыңа қанат бітіріп, арманыңды аскақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар. Сау болыңдар. 
























Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету. дамытушылығы:Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту,  логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке тәрбиелей отырып достыққа, қарым-қатынастарын дамыту.
Көрнекілігі: «Ертегілер еліне саяхат» плакаты, шарлар, гүлдер, ертегі кейіпкерлерінің суреті.

Сабақтың барысы:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті біздің ата-аналар, балалар, ұстаздар!

 І. Кіріспе сөз
 Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.

Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі.

 Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады.

 Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:


  1. Қиял-ғажайып;


  2. Хайуанаттар туралы;


  3. Шыншыл ертегі;


  4. Тұрмыс-салт ертегілері.


 

Қиял-ғажайып ертегілерде жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан-алуан ерлік оқиғалар баяндалады.

Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді.

Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын-қыстау оқиғаларда ақыл, айла-тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б.

Ата-бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады.

Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм-қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.

Шыншыл ертегілерде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді. Атқамінерлердің іс-әрекеттерін әшкерелейді.

Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман-тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!

Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.

Қатысушы топтар:

а) «Мақта қыз бен мысық» тобы (Ы. Алтынсарин)

«Алтын балық» тобы (А. С. Пушкин)

«Қар ханшайымы» тобы (Г. Х. Андерсен)

«Қызыл телпек» тобы (Шарль Перро)

Олай болса «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер
– «Сөзжұмбақ».
Қой басқаратын жануарі (Ешкі)

Аң патшасыі (Арыстан)

Апаң-апаң, ескі шапан,

Иір қобыз, жарық құлдызі (Түйе)



Жанды сағат, айғай салады(Есек)


Қалтасында баласы, ол қандай аң? (Кенгуру)


Мал терісінен жасалатын қыстық, жылы киім. (Ішік)

Кез-келген ертегіден үзінді айтылады, сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.

  1. – Ей күшік мен сені жеймін! – депті


— Қой, көкешім, қой! (Күшік, қасқыр, мысық)

  1. Дерменші үшінші рет қолын суға малғанда, қара темір балта ілігеді. (Кедей, дерменші


бай)

  1. Жыл ббасына таласып түйе күнді көрмей қалыпты. (Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу,


жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз).

  1. – Тышқан, тышқан сен неден күшті болдың? (Мұз, күн, бұлт, жусан, қошақан, қасқыр,мерген, тышқан, құмырсқа).

     – «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау).
     Әр топ өз ертегілерінің үзінділерін сомдайды.

  2. – «Кім шапшаң?»
    Шарты: Ертегіден үзінді оқылады. Ертегінің атын табу және жалғастырып айту.

     


  1. Түлкі, түлкі сен неге мына семіз аққуларды жемейсің? – дейді. (Күңшіл үйрек)

  2. Қыз итті шақырады. Ит мысықты шақырады. Мысық тышқанды шақырады. (Шалқан)

  3. Төгілмесе, ешкім ішпесе бір қазан сүт қайда кетеді. (Бір қазан сүт)

  4. Көлге қарқырдың құйрығы мұз болып қатып қалыпты. (Түлкі мен қасқыр)


 









































Қазақстан - туған өлкем, табиғатың қандай көркем!

  • Мендигуль

 

  • 21 наурыз 2013

 

  • 59012

 

  • 0

  • 0

Тақырыбы: Қазақстан – туған өлкем,
Табиғатың қандай көркем!

Мақсаты: Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
Міндеті: - Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.
- Туған өлкенің табиғатын аялауға баулу.
- Туған жердің сырын терең түсіне білуге үйрету
- Табиғат туралы ой - өрістерін дамыту.
Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, табиғат көріністері, сазды сурет, гүлдер, шарлар.
Барысы:
Қазақстан Республикасының Гимні айтылады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар №16 орта мектеп оқушылары дайындаған «Қазақстан – туған өлкем, табиғатың қандай көркем!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Осынау кең – байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, даласы мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары сендерге
өсиет болып қалады. Ал сол болашақ иегерлері, сендер қандай болуларың керек?
Бүгінгі тәрбие сағатындағы мақсатымыз:
табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру.

Оқушы: 1. Қазақстан – туған өлкем,
Табиғатың қандай көркем.
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып.

2. Құшақтап бір өзіңді, туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.

3. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата - бабамыз: «Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық» деп өсиет үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы.
4. Сондықтан, алдымен табиғатқа сәлем берейік.
1 - оқушы: Армысың, алтын күн!
2 - оқушы: Көгілдір көк аспан!
3 - оқушы: Бармысың, құстарым!
4 - оқушы: Қанатты достарым!
5 - оқушы: Суларым таза ма?
6 - оқушы: Талдарым аман ба?
7 - оқушы: Бас ием тауларға
8 - оқушы: Жамылған қарларға,
9 - оқушы: Жайқалған даланы,
10 - оқушы: Табиғат - Ананы
11 - оқушы: Көруге сағынып
Бәрі: Келген біз балаңыз!

Оқушы: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Оқушы: Кең дала көркемсің сонау жатқан,
Өзен, су, бұлақтарың мөлдір аққан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.

Оқушы: Ойласақ табиғат пен адам егіз,
Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес,
Ал қоғамсыз табиғатты өлі деңіз.

Мұғалім: Пай, Пай, Пай! Қазақстан ардағым - ай!
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, ардағым - ай.
Туған елім - сен қандай ыстық едің!

- Өз елім деп, өз жерім деп тебіренбейтін адам барма сірә! Жоқ! Олай болуы мүмкін де емес. Өйткені сен «Туған жер» деп соққан жүректерде мәңгі орын алған қасиетті даласың.
ХОР: «Туған жер» Б. Бейсенова.

Оқушы: Табиғаттың өзіндей,
Ерке нәзік сезімдей.
Үлбіреген гүл - ару
Күзетейік көз ілмей.

Оқушы: Нәзік гүлдер - әніміз,
Жайнап өссін бауымыз.
Еңсесі биіктеп барады,
Гүлдерге оранған тауымыз.

Оқушы: Гүлдер деген жыр – аңыз
Қолға ұстап шығамыз.
Сол гүлдерден сұлулық,
Тазалықты ұғамыз.

Оқушы: Кілемденіп құлпырып,
Жүздерінен нұр тұнып.
Өсе берсін, гүл - қыздар,
Биге қостық нұр қылып.

БИ: «Гүлдер»

КӨРІНІС:
Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.
Күн: Оу, Раушан, түрегел! Әлемге жарық жайылды, құстар да оянды.
Раушан гүл: Қазір күн көке,.... қазір ақ сәуле.
Күн: Жауқазын, аш көк аспандай көгілдір көзіңді! Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.
Жауқазын: Қазір ашайын көзімді қазір...
Күн: Қызғалдақ көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалын жұрт.
Қызғалдақ: Жарайды, қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын.
Күн: Қырмызы шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!
Қырмызы: Қазір, алтын Күн!
Гүлдер:
5 Күніміз ашық болсын!
6 Жеріміз кең болсын!
7 Ауамыз таза болсын!
8 Суымыз тұнық болсын!
Бәрі: - Гүліміз жақсы өссін!

Мұғалім: Жердің көркі жасыл саялы,
Қамқоршы бол алақанмен аялы.
Табиғат жерге қандай көрік берсе, адам да өмірге сондай көрік береді. Сондай көрік пен сұлулықтан, жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан - жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау - біздің адами борышымыз.
Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау - өзіңді қорғау.

Оқушы: Тірі нәрсе шөп деген, көгал деген
Көкті жұлма, болады обал деген.
Ата - анамыз жыланға үйге келген,
Ақ сүт құйып басына жоғал деген...

Оқушы: «Ұя бұзба!» деймін мен балама,
Өсиетті қандай ғажап жан ана!
Тал - теректі тамырынан қиятын,
Тас жүректер әлі де көп арада

Оқушы: Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар, «Жер - ырыстың кіндігі, Жер - байлықтың көзі» деп жерді өте жоғары бағалаған.
Мұғалім: Адамдар еңбектен нәр алған,
Үйреніп әр құстан, әр аңнан.
Жүруге, жүзуге, жүйткуге,
Және де самғауға жаралған.
Адам табиғат сұлулығынан әдемілікті, жарасымдылықты, кеңдікті, талғамды өз бойына сіңіреді. Көлдегі аққу тербелісінен би қимылдарын, бұлбұлдан ән салуды үйрене алады, жан - жануарлардан қамқорлық жасауды үйренеміз. Жалпы табиғаттың адамға сыйлар қуанышын үйренуге болады, сол үйренгенімізді өзіміздің басқа адамға қуаныш сыйлау әрекетімізден көре аламыз.

Ән: « Өз елім» Хор
Оқушы: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің.
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті.
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
Оқушы: Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,
Тыңдарсың он жүректің сазын әлі.
Шіркін - ай жер жетпейді бір өзіне,
Қойнауың тұрған байлық қазыналы.
Оқушы: Сен неткен Отан – Анам ғажап едің
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін
Жайнай бер Ұлы Отан – Ұлы Отан – Қазақ елім!
Хор: Жаса мәңгі, Қазақстан!
Қорытынды.
Мұғалім: Туған еліміздің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата - бабамыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Сондықтан шаңырағы күннің шуағына бөленген, іргесі інжу маржанға толы, керегесі кең жайлау, байтақ, бай әрі сұлу жерімізді аялап, елімізді ардақтап өтейік. Атамекенімізді, Отанымызды мақтан етейік!
1. Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз.
2. Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
3. Отанды жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
4. Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
5. Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, қолдайды.
6. Өйткені Отан баласындай
Бізді асырап, қорғайды.
7. Отан деген - атамекен,
Отан деген – туған жер.
8. Отан – ана, Отан – үлкен
Қазақстандай туған ел!
9. Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
10. Сенен бақыт тарайды,
Баршамызға Ұлы Отан.
11. Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
12. Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен, Отан.
13. Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы.
14. Бақытты елде туған соң
Бақытты өмір сүреміз.
15. Ризамыз саған біз
Ұлы Отан анамыз.
Хор: « Атамекен»



















Мақсаты:

Білімділік:Астана қаласының тарихи- мәдени орындарымен таныстыра отырып, туған елді, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Астана жылнамасын құру, жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, , ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Астананың мәдени жетістіктерінің негізінде оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке баулу.

Түрі: сыныптан тыс іс-шара.

Көрнекілігі: Интерактивтік тақтадағы слайдтар, Астана  суреттері.

Барысы:  

1. Ұйымдастыру. Тақырыппен, мақсатымен таныстыру.

2. Астана қаласына саяхат.

3. Сөзжұмбақты  шешу. «Ойнайық та, ойлайық» айдары.

4. Топтастыру. «Астана туралы не білеміз?»

5. «Жүректен жүрекке»-ізгі тілектер.

6. Қорытынды. Ән: «Астана»

І. Ұйымдастыру.

Мұғалім: Балалар бүгін сабағымыздың тақырыбы:  «Астана- бас қала».

Казақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Астананың алғашқы атауы Ақмола. 1998 жылы 10 маусымында Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып қалада ресми тұсау кесері өткізілді. Астана қиялға бай, шексіз сәулетті.

1 – жүргзуші:  (Әділет) Армысыздар  құрметті  қонақтар!

2 – жүргізуші: (Валя) «Астана – бас қала»  атты сынып сағатына  қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Астана – еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Біз – осы елдің болашақ патриотымыз.  Ендеше Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік.

2-жүргізуші:

Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Осы аз уақыт ішінде Астана ғажайып қалаға айналды.

Мұғалім: Ал, балалар Астана туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

Ксения.

Астана –арман қала,

Бағы бар жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Астана-сұлу қала,

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да.

Дастан

Сәулесі түскен Есілге,

Сарыарқа төсінде.

Армандай әсем қала бар,

Бір көрсең, мәңгі қалар есіңде.

Астанам саған табынам,

Аңсаймын, сағынам.

Таңдарың қандай жарқын,

Жандарың қандай алтын,

Бақытқа бастаған Астанам.

Биікте болсын байрағың!

Диана

Мақтаным, айбарым.

Күн өткен сайын құлпырып,

Көктемгі әсем гүлдей жайнаған.

Елордам менің еңселі,

Ерліктің өлшемі.

Арудай қала, аяулым,

Мәңгілік сүйіп өтем мен сені.

Катя.

Жайнай бер, жаңа Астанам,

Ертегідей  ғажап  бас қалам.

Ынтымақтың тербеп бесігін,

Тәуелсіз  ел көшін бастаған.

Асем.

Киелі менің Елордам,

Арудай сұлу таранған.

Береке-бірлік, достықтың

Тұнығынан нәр алған.

Жайнай бер, жаңа Астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам.

Ынтымақтың тербеп бесігін,

Тәуелсіз ел көшін бастаған.

Мұғалім: Ал, енді балалар, Біз Астана қаласына саяхат жасайық.

1 – жүргізуші:  Валя, сен Астана қаласында болдың ба?

2 – жүргізуші: Әділет, жоқ, мен болған жоқпын. Ал сен ше?

1 – жүргізуші:Мен де болған жоқпын.

2 –жүргізуші Біз Астананың ең әдемі жерлеріне барамыз.

Ол- «Астана-Бәйтерек» кешені. Ол өте биік, зәулім  және әдемі.

Слайд  2-4.  «Бәйтерек»  монументі – Астана символы.

Мадина: “Астана – Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады.

1 – жүргізуші: ( Әділет) Астана қаласында демалатын орындар өте көп екен.

2- жүргізуші: ( Валя) Біз қандай демалыс орнына барамыз?

Слайд 5-9.  «Думан»   ойын – сауық кешені  суреттері көрсетіледі.

Нұрсұлтан: Келесі көрікті жерлерінің бірі- “Думан” ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанарум, кинозалдар. Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Кинозалда мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесіз.

1- жүргізуші. Валя, біздің президентіміз кім екенін білесің бе?

2-жүргізуші. Әрине, білемін. Біздің президентімізді бүкіл әлем біледі. Ол Н.Ә.Назарбаев.

Слайд 10. Н.Ә. Назарбаевтың  суреті.

Тақпақтар айтылады.

Нұрсұлтан.

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем

Бұның бәрі елбасының арқасы.

Даяна

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлаған,

Елімнің бар Президенті.

1 – жүргізуші.  Бейбітшілік және келісім  сарайы.

Слайд 11.

Настя: Бейбітшілік және келісім  сарайы Қазақстан жеріндегі достастық, бірлік пен бейбітшілік нышаны болып табылады. Республика жас елордасында тәуелсіз мемлекеттің бейбітшілік пен келісімге ұмтылысын бейнелейтін Пирамида түріндегі құрылыс салу идеясы Елбасы Н.Назарбаевқа тиесілі. Жоба авторы болып атақты британ сәулетшісі Норман Фостер.

2 – жүргізуші. Ал, енді демалатын да сәт келді.

Даянаның  орындауында «Қосалқа»  күйі.

Слайд. 12. Домбыра суреттері.

1- жүргізуші: Балалар суретте  Астана қаласында елбасының мәдени орталық мұражайы. Бұл жерде көптеген тарихи жәдігерлер бар.

2- жүргізуші:  Иә, біздің ата-бабаларымыз мұра өткен көне заттар да осы жерде.

Слайд 13-14.  Мұражай  суреті  көрсетіледі.

Мұғалім: Балалар, сендер Астана қаласы туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

Астана суреттері экранда. Слайдтар 15-24.

Мадина

Туған елдің көркі неткен ғажайып?!

Дала күйін шертейік, біз қала жырын жазайық.

Жерұйығы Сарыарқаның даласы

Арман қусаң Астанаға қарашы.

Руслан

Бабалардың көзіңдей

Даналардың сөзіндей

Ұлы дала тұрғызды

Ұлы қала өзіндей.

Настя

Астанам

Астанамның төрінде,

Сарыарқаның өрінде,

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам, бас қалам.

Нариман

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған,

Халқың жетсін мұратқа,

Ей, бас қала Астанам!

Әлемжан

Асқақтай бер, Астанам!

Берекеге бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.

1 – жүргізуші: Бүгін біздің сыныпта үлкен той болып жатыр.

2 – жүргізуші: Иә, біз елордамыз Астана қаласына саяхат жасадық.

1 – жүргізуші:  Ал енді  оқушылар  бүгінгі тақырыпқа  арналған  сөзжұмбақты шешейік.

2 – жүргізуші: Сөзжұмбақты шешіңдер.  Сіздерге  орысша  сөздер  беріледі, сол сөздерді  қазақша аудармасын жазу керек.

 

1.Герб. ( Елтаңба)

2.Гимн. ( Әнұран)

3.Музей.(Мұражай)

4.Государство. ( Мемлекет)

5.Памятник. ( Ескерткіш)

6.Дворец. ( Сарай)

7.Столица. (Елорда)

8.Комплекс. ( Кешен)

1 – жүргізуші:  Енді оқушылар   бүгінгі  сынып  сағатында алған  білімдерімізді  көрсетейік.

2 – жүргізуші: Топтастыру.  «Астана туралы не білеміз?»   Әр оқушы   бір – бірден шығып  «Астана»  туралы не білетіндерін жазсың.

1- жүргізуші: Қазақ халқының салтында әрбір той-думанда бата беріліп, жылы лебіздер айтылады екен. Ендеше, біз де жылы лебізімізді айтайық.

2 –жүргізуші: Жылы лебіз айтқан әр балаға біз жылы жүрегімізді сыйлаймыз.

1-жүргізуші: Бұл жылы лебіздер «Жүректен жүрекке» деген ізгі тілектер тізбегі деп аталады.

Слайд  29. Жылы лебіздер.

  1. Зәулім, биік үйлер, ғимараттар көбейсің!

2.Тұрғындары- жарқын жүзді адамдар, бақытты балалар болсын.

3.Көркейе бер Астана!

4.Бүкіл әлем Астананың сұлулығына таң қалсын!

5.Есіл өзенінің суы ортаймасын!

6.Өсіп өркендей берсің!

7.Астана-мемлекет дидары бол!

8.Жаса, Жаңа Астанам!

9.Астана- Еуразия контингенті жүрегі бол!

10. Астана көңілімізге шаттық сезім ұялатсын

11.Тәуелсіздігіміз нығайсың!

12.Қазақстан жасасын! Қазақ елі  гүлденсің!

13.Шекарамыз берік болсын.!

14. Еліміз тыныш болсын!

15.Жастарымыз білімді болсын!

Дауыстап бірге:

Жаса, жаңа жас қалам.

 Жайнай бер менің Астанам.

Қорытынды:  Ән орындалады.   «Астана».  Шар лақтырылады.










Тақырыбы: «Қыздар сұлу көрінер өнерімен»

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.


1-    жүргізуші: Армысыздар ардақты аналар, аппақ арулар, құрметті қонақтар!

2-    Жүргізуші: Табиғаттың оянып, сезімнің шабыттанатын жылдың бір мезгілі көктем де келіп жетті.

1-    жүргізуші:Көктеммен бірге көңілге қуаныш ұялатар мереке, мейрамдарда келіп жетті.

2-  жүргізуші:  Ата- бабамыз сонау ерте заманнан бері өздерінің ару қыздарын аялай, құрметтей білген. Қыз тәрбиесін аса ыждағаттылықпен көңіл бөлген. “Күнсіз гүл өспес, күтусіз қыз өспес” деген қанатты сөздер осыдан қалса керек.

1-жүргізуші:

    Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен.

Бұл күнде сұлулықтың үлгісі осы,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен

Ендеше, “Қыз сұлу көрінер өнерімен” атты қыз сыны сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

2- жүргізуші:     Бүгінгі сайысымызға қатысатын тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты сымбатты аруларымызды ортаға шақырсақ,

1-жүргізуші: Осы сайысымыздың әділқазы алқасымен таныстырып өтсек:

1 Мектеп кітапханашысы – Шәкібаева Райгүл апай

2 Мектеп пссихологы – Нұрмағамбетова Раушан апай

3. Бейнелеу өнері пәні мұғалімі – Мурзабаева Ақтолқын апай

2-жүргізуші: Жалпы сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтсек:

1.     Таныстыру (топтың аты, ұраны, эмблема)

2.     Даналық сөздер (Тақтадағы сөздердің мағынасын ашу)

3. «Кім шапшаң?» (бисерді жинау)

4. «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап.

5. «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз» Қолөнер.

6. Шаш өру

7. Тырнақ бояу

8. «Ас-адамның арқауы» салат дайындау

1-шарт. «Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен танисың»- демекші таныстыру.

Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі
2-шарт.Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады. Келесі даналық сөздер сайысында, Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте даналық сөздерге береміз.

3-шарт. Сайысымыздың келесі шарты «Кім шапшаң?» (бисерді сымға тізу, уақыт)

4-шарт. Білім құйған бойына,

Қанық өмір жайына.

Салт-дәстүрдің әр сөзін,

Сақтап жүрген ойына-деп келесі бөлім «Білімді мыңды жығар» (сұрақ-жауап)

1-топ. 1. Торта дегеніміз не? (сарымай тұнбасы)

2. Тамақ әзірлегенде қандай киім киеді? (Алжапқыш)

3. Шалап дегеніміз не? (Су қосылған айран)

4. Матаның екі бетін бір-бірімен беттестіріп тігу (көктеу)

5. Мақта қалдықтарынан тігілетін бұйым (құрақ)

6. Киіз үйдің қабырғасы? (кереге)

7. Жиреншенің әйелі (Қарашаш)

8. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)

9. Киелі құс (аққу)

10. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).

11. Анаңның інісі (нағашы)

12. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
13. Қазақтың ертедегі кәсібін ата? (егінші, саудагер, емші, ұста,малшы, үйші)
2-топ

  1. Жамау дегеніміз не? (бүтіндеу)

  2. Уыз дегеніміз не? (сүттен)

  3. Салат қандай тағамға жасалады? (салқын)

  4. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі? (шаңырақ)

  5. Көкөністердің қай түрінен крахмал алынады? (картоп)

  6. Анаңның бауырлары (нағашы)

  7. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)

  8. Тігінші құралы ( ине)

  9. Әнші Тамара… (Асар)

  10. Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).

  11. Нағашы апаңның балалары (бөле)

  12. Тай, құлынның анасы? (Бие).

  13. Анаңның сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
    Азық-түлікке байланысты өлшем түрлерін тап

Бір асым- (ет) Бір үзім- (нан) Бір жапырақ-(ет,нан)

Бір елі- (қазы) Бір шымшым-(тұз)

Сырмақ ойып, текемет киіз басқан, Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан. «Шеше көрген тон пішер»-деген рас. Қыздарым шебер қолға араласқан.

5-шарт. «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз»-дегендей қыздардың дайындап әкелген қолөнер бұйымдарын көрейік.

6-шарт. Көрінер қыздар сұлу шашбауымен,
Бұрымын кейін серпіп тастауымен.
Жарасқан шашбауымен теңгелерім,
Теңгенің кім біліпті дөңгелегін, - деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. 7-шарт. Келесі шартымыз тырнақ бояу. 8-шарт. «Ас-адамның арқауы» салат дайындау.

Соныменен кезекті әділқазы алқаларына берейік.

Гүл өсірсең терлеп-мұның аты еңбек. Кесте тіксең зерлеп-мұның аты еңбек. Сабағыңды жөндеп, әзірлесең еңбек, Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек-деп біз бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.








«Ойнайық та, ойлайық» ойын- сауық кеші
  • Манас

 

  • 9 мам 2012

 

  • 9748

 

  • 0

  • 20

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық» ойын - сауық кеші
Мақсаты: Оқушылардың танымы мен талғамын өсіру, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту, физика пәніне қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: видеопроектор, барабан, алфавит, қобдишалар, камера

Кеш барысы:
Қайырлы күн қымбатты көрермен!
Сөз бастайын термелеп өлеңмен.
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс өркенде қанат жайып кемелден.
Бүгінгі күні еліміздің тарихындағы екі бірдей елеулі оқиғаны еске аламыз. Біріншісі – еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл, екіншісі - сол Тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан көтерілісіне 25 жыл.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Туымызды бізге ешкім бермеді.
Ел тізгінін қолына алу жолында,
Қыршын кетті талай қазақ ерлері.
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады
Тәуелсіздік таңы атып, 20 жыл деп шырқаған,
Шаттық әні әуелді, азат дархан кең далам.
Астанамыз Астана боп, Елбасымыз Нұрсұлтан,
Елім өсіп, өркен жайды, орындалды ізгі арман.- дей келе Тәуелсіз Қазақстанымыздың өмірі ұзақ, тұғыры биік болсын. Егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.

Қайырлы кеш, қадірлі көрермендер! Баршаңыз да «Ойнайық та, ойлайық» ойын - сауық кешіне қош келдіңіздер!
Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,
Бұл өмірден өтті дана шеберлер.
Ғылым демей кім деп оны айтарсың
Даналықтан мұра қалған өнерден.
Физик, ғалым, астрономдар өтіпті,
Қиялменен көкке самғап жетіпті.
Табиғаттың аясында тербеліп,
Даналығын мұра етіп кетіпті.
Ой санамда болса да балалығым,
Ғылым сырын білемін, даналығын.
Физика заңдылығын меңгертіп,
Зерделімін, білімдімін, саналымын. – дей келе бүгінгі ойын – сауық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі ойынымыздың шартымен таныс болайық.
Ойынның шарты: І тур (1-ші үштікпен ойын)
ІІ тур (2-ші үштікпен ойын)
ІІІ тур (3-ші үштікпен ойын)
Жеңімпаздар ойыны
Супер ойын

Ойынымыздың әрбір турына 3 оқушыдан қатысады. Осы қатысқан оқушылардың ішінен 1 оқушы жүлдегер атанып, жеңімпаздар ойынына қатысу мүмкіндігін алады.
Шамаларды білеміз бе тұрақты
Түсіндіріңдер физикалық сұрақты.
О, формула фантастика секілді
Білесің бе қызықтарды не түрлі?
Заңдылыққа физикалық сеніңдер
Салыстырып барлығын де көріңдер
Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар,
Ойларыңды ептілікке ораңдар, - дей келе І турымызды бастаймыз. Бұл турға қатысатын 1-ші үштіктің ойыншыларын ортаға шақырамыз.

№ 23 топ студенті Жамшид Азиз
№ 24 топ студенті Қалых Нұрталап
№ 23 топ студенті Орақбай Серікбол
Сұрақ: Қатты денелердің кебуі сұйықтардың булануына ұқсас. Қатты денелердің кебуін қалай атаймыз?
Жауап: Сублимация
І турды аяқтай келе, Құрметтейік ғалымды,
Ғылымды алға жылжытқан
Инерция құбылысын
Айтшы достар кім ашқан? - дей келе келесі кезекті физикалық көрініске береміз.
Келесі ІІ турымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл турға қатысатын 2-ші үштіктің ойыншыларын ортаға шақырамыз.
№ 13 топ студенті Емберген Жансая
№ 11 топ студенті Мейірхан Батыржан
№ 23 топ студенті Жеткерген Тұрар
Сұрақ: Бұл ғалым 1852 -1908 жылдары өмір сүрген француз физигі.

1896 жылы уран элементі радиоактивті сәулелерді өздігінен шығаратынын байқады. Бұл қай ғалым?
Жауап: Беккерель
ІІ турымызды аяқтай келе, білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп - дей келе келесі кезекті көрермендер көзайымы ойынына береміз.
1. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Алтыбақан». Екі оқушы шығып қолдарын айқастырып ұстайды, үшінші оқушы қолдарына отырады.
Арлы-берлі тербейді.
Сұрақ: бұл ойын арқылы не айтуға болады.
Жауап: Тербеліс, амплитуда, жиілік, период, ауырлық күші, тартылыс күші.
2. Жұмбақ жасырылады, осы жұмбақтың шешімін тауып, сол сөзге қатысты физикалық мағына айту (1-2 сөзбен түсіндіру керек).
Жылт – жылт етеді, жылғадан өтеді.
Жауабы: Су - заттың сұйық күйі
Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді.
Жауабы: Күн мен ай – табиғи жарық

Келесі ІІІ турымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл турға қатысатын 3-ші үштіктің ойыншыларын ортаға шақырамыз.
№ 23 топ студенті Елеусіз Алтынбек
№ 24 топ студенті Әшірбек Серікбол
№ 25 топ студенті Байтұрсынова Қымбат
Сұрақ: Ең аз массаның және ең кіші зарядтың материалдық тасымалдаушысын ата?
Жауап: Электрон
ІІІ турымызды аяқтай келе, ойынымыз жалғасады тағаттасақ
Шығамыз биік болар білім қусақ,
Өмір деген өнермен үйлеспей ме
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ, - дей келе келесі кезекті әнге береміз.
Ән: «Қазақ жігіттері»
Орындайтын: Мұхтаров Салауат
Мықты болсаң – алдағыны басып оз.
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт. – дей келе келесі кезекті
жеңімпаздар ойынына береміз. Бұл турға қатысатын 3 жеңімпаз ойыншыларды ортаға шақырамыз.
№ 23 топ студенті Жамшид Азиз
№ 13 топ студенті Емберген Жансая
№ 25 топ студенті Байтұрсынова Қымбат
Сұрақ: Сіздің аяқ киіміңіз су, оны қалай тез кептіресіз? Физиканың қай құбылысына мысал келтіріп тұр.

Жауап: Диффузия
Жеңімпаздар ойыны турын аяқтай отырып, жеңімпазымызды анықтап, келесі турымыз Супер ойынын жалғастырамыз. Бұл турда ойыншы барабанды бір рет айналдырып қойылған сұрақтың жауабын бермес бұрын 3 әріпке дейін айтуға мүмкіндігі бар. Содан кейін 1 минут уақыт ойланып, сұрақтың жауабын береді. Егер сұраққа жауап берсе, қоржынындағы жинаған балына байланысты сәйкес келетін кез келген ұтысты ала алады. Ал, жауап қате болған жағдайда ойыншы ұтыссыз қалады.
Сұрақ: Ол энергияның сақталу және айналу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Газ молекулаларының қозғалыс жылдамдығын есептеп, оның температураға тәуелділігін айтқан. Электр тоғының жылулық әсерін анықтаған ағылшын ғалымы кім?

Жауап: Джоуль
Қосымша көмек: Үш бірдей физикалық шаманың өлшем бірлігі сол ғалымның құрметіне берілген.
Бүгінгі ойынымызды қорытындылай келе,
Бүгінде физиканы барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйретіңдер,
Шәкірттер, зерделікпен үйреніңдер – дей келе бүгінгі ойын-сауық кешімізді қорытындылауға сөз кезегін лицейіміздің директоры Б. Ахметов мырзаға береміз.
Бүгінгі ойын - сауық кешімізге қатысқандарыңызға көп рахмет. Амандықпен әрқашан жүздескенше. Сау болыңыздар.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Физика пәнінен, сыныптан тыс іс шара, ойын - сауық кеші



«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің

оқушылар тізімі

1-аусым

04.06.18-15.06.18



Аты-жөні


1

Анешова Аяжан Сериковна


2

Амреева Адина Ғабитқызы


3

Амре Нұрғиса Ғабитұлы


4

Беляев Даниял Аманжолұлы


5

Беляева Қайынжамал Аманжолұлы


6

Дюсенов Қуаныш Болатұлы


7

Дюсенов Ануар Болатұлы


8

Дюсенова Мерей Болатұлы


9

Бисембекова Сабина Ерланқызы


10

Аманжолұлы Нұрболат


11

Иренгайып Олжас Ришатұлы


12

Абу Нұргүл Махсатқызы


13

Рамазан Қайролла Рысбекұлы


14

Мұстафа Қыдыралі Қуанышұлы


15

Чебентаева Марал Мейрамовна









«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ»

Конец формы



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!