СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жұлдызды түн""

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Жұлдызды түн""»

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні / Дата проведения: 17.02.2020ж

Тәрбиеші / Воспитатель :Садвокасова В.А.

Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық

Пән / Предмет: Аппликация

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Табиғат әлемі»

Тақырыбы / Тема: «Жұлдызды түн»

Мақсаттары / Цели

1. Тәрбиелік- воспитательная: Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Оқиға желісіне байланысты мазмұн бере жапсыру арқылы көркемдік талғамдарын дамыту

3. Оқыту – обучающая : Жапсыру іскерлік, дағдыларына машықтандыру: симметриялы емес пішінді бірнеше қабатталған қағаздан қиюды меңгерту.Түстердің үйлесімділігін сезіне білуге үйрету. Іс-әрекетке қызығушылығын арттыру. Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, деңсаулық технологиясы, ИКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : ай, жұлдыз, күннің суреттері; қайшы, желім, түрлі-түсті қағаз

Көптілділік :ай- луна- moon ,күн- солнце- sun, жұлдыз-звезда- star;


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

(Ғажайыпсәт)
Қонаққа Дымбілмес келеді. Ол балалар мен амандасады. Оның қолында қорапша болады. Ол қорапшанынң ішінде жұмабақтар жасырылған екен жауабын білу үшін Дымбілмес балалардан көмек сұрайды. Балалар көметесуге келіседі

Жұмбақтар жасыру:

Орақ болып туады,

Табақ болып тынады. (Ай)


Жылт-жылт етiп төбемде,

Түсе алмай тұр төменге. (Жұлдыз)


Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан. (Күн)

Дымбілмес: Балалар сендер қандай ақылдысыңдар, жұмбақты шеше білдіңдер.Қолдарыңнан тағы не келеді?

Тәрбиеші:біздің балалардың қолдарынан көп нәрсе келеді,бізбен бірге сабақтың аяғына дейін бол,балалардың өнерін тамашала,біраз нәрсе үйренесің.

2.Негізгі бөлім

Суретпен жұмыс:

Педагог балаларға үлгі суретті көрсете отырып, балалар назарын аспан әлемі бейнеленген суретке аударады.

Балалар мына суретке назар аударыңдар не көріп тұрсыңдар? Аспан әлемі.Өте керемет ия? Түнде жұлдыздар жарқырап тұр, Ай сондай әдемі көрінеді екен.

«Жұлдызды түн» бейнесін жапсыратындықтарын хабарлайды.

Жұмыс барысы:

Балалар педагогтың көмегімен желім қосылған қара бояумен ақ картонның ішін бояп, кептіреді;

Жұлдызшалар қиятын қағаз түсін таңдап алады;

Айдың бейнесін жартылай немесе шеңбер пішінде қағаздан қиып, жапсырады;

Түрлі – түсті бояуларды трафарет арқылы шашыратып, «Құс жолын» бейнелейді. Педагог «Құс жолының» жол немесе көпір секілді болып келетінін айтып, түсіндіреді.

Көптілділік: ай- луна- moon ,күн- солнце- sun, жұлдыз-звезда- star;

Тыныс алу жаттығуы: «Гүлдердің хош

иісі».

Сергіту сәтін өткізу:

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салады,

Жел күшімен шайқалған.

Дымбілмес балаларға рахметін айтып,балалармен қоштасады.

Жеке жұмыс: Жұмыс барысында қағаз бөліктерін ұқыпты жапсыру қадағаланып, қиналған балаларға (әсіресе Малика мен Санжарға)көмек көрсетіледі.



3.Қорытынды бөлім:

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін қорытындылайды.