Просмотр содержимого документа
«Жұмыс тәжірибемнен»
Жұмыс тәжірибемнен
(«Досымен сұхбат» авторлық бағдарламамның нәтижелілігі туралы)
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің басты мақсаты: бәсекеге қабілетті, білімді, өз көзқарасын қорғай білетін, толерантты, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру арқылы тілін дамыту, ой-өрісін жетілдіру, еркін, жатық әрі жақсы сөйлеуге, айтайын деген ойды дәл жеткізуге баулу, қазақ тілінің шексіз мол мүмкіндіктері мен сарқылмас байлығын дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру. Осы мақсатқа жету үшін мұғалім үнемі өз тәжірибесін жетілдіруімен бірге, жұмысында басқа да инновациялық тәсілдер енгізу керек. Биыл мектепте 4 сыныпта «Досымен сұхбат» авторлық бағдарламам бойынша қосымша сабақтар енгізілді. «Досымен сұхбат» атты авторлық бағдарламада оқушылардың сөйлеу мәдениетін, оқу сауаттылығын дамыту мақсатында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес тиімді әдіс – тәсілдер мен шығармашылық тапсырмалар берілген. Бағдарламаның мақсаты - оқушыларды еркін, жақсы әрі жатық сөйлеуге, сауатты жазуға, айтайын деген ойын дәл жеткізуге баулу, қазақ тілінің шексіз мол мүмкіндіктері мен сарқылмас байлығын дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін әр сабақта оқылым, тыңдалым, сөйлесім, жазылым әрекеттерін жүзеге асыруда «Миға шабуыл», «Жигсо», «Ассоциация», «Кім шапшаң?», «Улей» т.б. әдістерін және деңгейлік тапсырмаларын қолдандым. Бағдарламада инновациялық, шығармашылық, дәстүрлі емес сабақтары көзделген. Инновациялық әдістер арқылы оқушылар берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісуге, топпен жұмыс жасауға дағдыланады. Курста қазақ халқының ұлы тұлғалары, салт -дәстүрлері, туған жерді және адамгершілік, мейірімділік, әдептілік деген асыл қасиеттерді тәрбиелейді.
Оқушылар алған теориялық білімдер арқылы сөйлемдерді дұрыс құрастырып, өз ойларын жеткізуге үйренеді. Қосымша құралда оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді және танымдық пен шығармашылық қабілеттері арттыру үшін грамматикалық тапсырмаларды мүмкіндігінше түрлендіріп беру жағынан көңіл бөлінді. Көмекші құралдағы тапсырмалар оқушылардың ой қабілеттерін, сын-тұрғысынан ойлау, сөздік қорын дамытады. Арнайы курс оқушылардың диалог құру және терең ойлау қабілеттерін дамыту, коммуникативтік қатынас орнатуға үйрету, танымдық қабілеттерін дамыту және әлеуметтік құзырлықтарын қалыптастыруына бағытталған.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабағында осы бағдарламада қолданған оқыту әдіс - тәсілдерінің қолдану арқылы келесі нәтижелерге қол жеткіздім:
Білім сапасынының артуы
Барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысты
Барлық оқушылар өздерін еркін сезінді
Олар бір нәрсені қате айтамыз деген қорқыныштан арылады
Жауапты бірлесіп іздеп, жолдастық көмек, бір – біріне деген жауапкершілік сезімі пайда болады
Ең бастысы олар бір -біріне қатты әсер етеді, бір- бірінен үйренеді және бірін – бірі үйретеді.
Осы бағдарламаны енгізумен білім сапасы, пәнді оқуға деген қызығушылық артты. 4 сынып оқушыларының білім деңгейін оқу жылдың 1 тоқсанның 4 тоқсанымен салыстырғанда, нәтижелері осындай: бірінші тоқсанда 70% білім сапасы, үлгерімі 100%, 4 тоқсанда 90% білім сапасы, үлгерімі 100% құрылды.
Сәден Гүлмира Жұмағиқызы
Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка селосы
Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасы
«Денисов ауданның білім бөлімі
«№2 Денисов жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі