СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жұптық және топтық ойынның қозғалыс дағдысы.

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Жұптық және топтық ойынның қозғалыс дағдысы.»

Бекітемін»

«№2 мектеп-гимназиясы»КММ

директорының оқу ісі

жөніндегі орынбасары: Г.А.Аминова

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Командалық ойынның қозғалыс дағдысы

Мектеп: №2 мектеп-гимназия

Күні: 30.09-2-4-7-9.10.2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Аймаганбетов Саги Айтуганович


Сыныбы: 10 «а»

4 сабақ


Сабақтың тақырыбы:

Жұптық және топтық ойынның қозғалыс дағдысы.

Меңгеру мақсаттары:

10.1.1.1. Спорттық арнайы қимыл-қозғалыс дағдыларының дәлдігін, бақылауды және икемділігін кең ауқымда жоғары дәрежеде шеберлік көрсете отырып үйлестіру

10.1.3.3. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті салыстыру және талдау.

10.2.4.4.Дене жаттығуының сапасын жақсарту мақсатында баламалы ережелер мен құрылымдық әдістер құру

Сабақ мақсаттары:

1. Спорттық ойындардағы қозғалыс дағдыларын түсіну

2. Волейбол ойынында жұптық ойын арқылы әртүрлі дағдыларды меңгеру, жетілдіру

3.Топтық жұмыс арқылы дене жаттығуын жақсартуға арналған әдістерді меңгеру

Бағалау критерийлері:

1. Волейбол ойынындағы жаңа қозғалыс техникаларын орындайды, қайталау арқылы жетілдіреді

2. Жұптық ойында реттілікті сақтайды

3.Дене жаттығуын жақсартуға арналған әдістер құрастырады

Бағыттаушы сұрақтар

Қозғалыс дағдысы дегеніміз не?

Спорттық ойындарда қозғалыс дағдысын қалай дамытуға болады?

Волейбол ойынында әртүрлі әдістерді білу неге маңызды?

Миссия, пайымдау, құндылықтар


МИССИЯ

-Шығармашылықты нығайту

-Әлемдік білім беруді түсіну

ПАЙЫМДАУ

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

-Ынтымақтастық

-Жауапкершілік



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Спорт ойындарының жеке және командалық қозғалыс дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өзінің түсінігін талдап, көрсете алады.

Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:

  • шабуыл, қорғаныс

  • адал ойын, өзара әрекеттестік, жарыс

  • кеңістікте бағдарлану

  • төреші, ойыншылар

  • командалық жұмыс

  • тактика, стратегиялар

  • жүгіру, жылдамдықты және бағытты өзгерту

Талқылау үшін сұрақ:

  • Сендерге ойын алаңында қозғалысты не үшін жақсарту қажет?

Құндылықтарды дарыту:

Бағдарламасындағы құндылықтар мен ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту арқылы іс-әрекеттерді сипаттау.

Пән аралық байланыс:

Биология, физика пәнімен кіріктіре ұйымдастыру

Бастапқы білім:

Оқушылардың алдыңғы сабақтардан және мектептен тыс қызметтен алған командалық ойындар туралы білімдері мен дағдылары бар.


САБАҚ БАРЫСЫ.

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

Құрал жабдықтар

Сабақтың басы:






4 мин.










«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.

Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеттер. Сұрақ-жауап арқылы ойынның қозғалыс дағдысы туралы ақпарат анықталады.

Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттарымен таныстырады. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға тартады. Сұрақтарға жауап береді. Сыныптың алдына сұрақ қояды:

  • Қозғалыс дағдысы дегеніміз не?

  • Спорттық ойындарда қозғалыс дағдысын қалай дамытуға болады?

Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады.

Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды. Сыныппен бірге сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін талқылайды, мұғалімнің бағыттаушы сұрағына жауап іздейді.

Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, бір орындағы ЖДЖ-ын орындайды).

Бағалау: Мұғалім ауызша кері байланыс береді. Ерекшеленген сұрақтар мен жауаптарды атап өтеді.


Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Волейбол алаңы мен тор. Волейбол доптары.



Сабақтың ортасы:








4 мин.

















18 мин.





























8мин.

Жұптық және топтық ойынның қозғалыс дағдысы Мақсаты: Түрлі жарақаттардың алдын алу үшін нұсқаулықты еске түсіру, жұптық және топтық жұмыс арқылы волейболдағы қозғалыс дағдыларын жетілдіру, сабақты жүзеге асыру үшін сынамалау жаттығуларын орындату, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: Оқушылар нұсқаулықпен жеке танысады, шағын топтарда жұмыстана отырып сабақ тақырыбын жүзеге асырады.

Мұғалім әрекеті:

Сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді;

Бейнематериал көрсетеді;

Жақындату жаттығуларын волейбол добымен ұйымдастырады;

Сыныпты жұптастырады,топтастырады;

Оқушылардың доппен орындаған жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалайды;

Оқушылардың жіберген қателіктерін айтып отырады;

Жаттығуларды бір біріне көрсету барысында кері байланыс бере отырып қателіктерді түзетіп отырады;

Келесідей сұрақ қою арқылы білімді бекітеді:

  • Волейбол ойынында әртүрлі әдістерді білу неге маңызды?

Оқушы әрекеті: (С).

1-тапсырма:

Бейнематериал тамашалайды.Оқушылар жұптасып бір-біріне 6-7 м арақашықтықта қарама-қарсы тұрады. Мұғалім көрсеткен жақындату жаттығуларын орындайды. Оқушылар көрген жаттығуларды жаттығуын әр фазасын бөлшектеп орындайды:

- Допты жоғарыдан беру әдіс-тәсілі.

(допты беру үшін бастапқы қалып негізінде тұрыс);

- волейбол добын төменнен қабылдау әдісі

(қолды төменнен қою арқылы, алақанды бір-біріне жинау бағытымен допты қабылдау кезі);

- допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру;

- допты қайтару әдісі, соғу.

(допты, екі қолды біріктіре отырып,    жоғары қаратылған күйде соғу керек)

- тордың алдында біріне доп беріп көтеру арқылы тордан доп соғу,яғни шабуылдау әдістерін үйрету.

- тордың алдында доп көтеру арқылы саусақтың ұштарымен қарсыланың алаңының бос жеріне доп тастау.

- тор алдында 1-2 немесе 3 адамнан қарсыласына тосқауыл қою (блок).

- әріптесі тосқауыл қоюға секіргенде сақтандыру әдістерін жасау.

Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:

- тапсырмаларды орындау кезінде реттілікті сақтайды;

-волейбол добымен жаттығуларды орындау барысында қол, аяқ, дене қалыптарын талапқа сай қояды;

2-тапсырма:

Оқушылар 2 топқа бөлінеді, дене жаттығуының сапасын жақсартуға арналған баламалы ережелер мен құрылымдық әдістер құрады.Өздерінің ойлап тапқан әдістерін флипчартқа түсіреді. Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:

- сабақ барысында қолдануға келетін тәсілдер құрастырады;

Бағалау:Бағалау кішкене қиылған қағаздардағы төмендегідей сөйлемдерді аяқтау арқылы жүзеге асырылады:

- мен бүгін ... туралы білдім;

- … қиын болды;

- … туралы түсінік пайда болды;

- мен … үйрендім;

- … жасау қолымнан келді;

- … туралы білу қызықты болды;

- … мені таң қалдырды;

- мен … жасағым келді және т.с.с.

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Волейбол алаңы мен тор. Волейбол доптары. Флипчарт,маркерлер.


Волейболдағы допты берулер туралы шеберлік сыныптары:


https://youtu.be/nYF-pmBqh-E





Сабақтың соңы:



4 мин.


«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім бекітеді.

Бос кеңістік.

Кері байланыс түрлеріне сілтеме:

https://www.google.kz/search?q=%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%96+%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D1%81+%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwiNp97jmfjZAhUsyqYKHaBNCzgQ_AUICigB&biw=1366&bih=613#imgrc=w73NC0bDGVFQJM:

Саралау:

Жоспарланған тапсырмаларды ұлдар да, қыздар да орындайды.

Ұлдар мен қыздар араластырылып шағын топтарға жасақталады. АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, бағалау үрдісіне қатысады.

Бағалау:

Оқушыларды бағалау үшін алдын ала критерийлер жазылған парақ дайындалады. Оқушылар сабақ барысында жаттығуларды орындау белсенділігіне және орындау техникасына қарап бағалау парағында бағаланады.


Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Сабақ бойынша рефлексия:

  1. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?



  1. Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?



  1. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?



  1. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма?



  1. Жалпы оқушыларды бағалау




Сабақтың жақсы екі аспектісі(оқытуға,үйренуге қатысты.)

1)



2)




Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту және үйрену)

1)



2)





Бағалау парағы

Аты-жөні

Допты төменнен қабылдайды

Допты жоғарыдан қабылдайды

Допты ойынға жоғарыдан қосады

Тосқауыл қоя біледі

Шабуыл жасайды

Қорғаныста ойнайды

Допты көтеріп жалғапйды

Жиынтық

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13










14










15










16










17










18










19










20










21










22










23










24













Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!