Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жүр, думанға барамыз»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Елорда туралы түсініктерін кеңейту. Думан орталығы туралы әңгімелей алуға үйретіп, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту.
2.Дамытушылық: Лексикалық тақырып бойынша сөйлей , сөйлесе алу дағдысын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір-біріне сыйластық сезімдерін тереңдету,елордамыздың көрікті жерлерін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат - сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер
Сабақтың барысы:
1.Оқушылар күй ырғағымен сыныпқа кіреді (күй )
2.Ұйымдастыру кезеңі (Сәлемдесу)
1.Психологиялық дайындық. « Сәлем досым».
Сәлем досым ( амандасады).
Сен қалайсың?(иықтарын қағады)
Қайда болдың? (құлақтарын тартады)
Сен келдің? (қолдарын жаяды)
Мен сені сағындым(қолдарын жүректеріне қояды)
Досым саған ризамын(құшақтайды)
Мақсаты:Оқушылардың көңіл- күйлерін көтеруге,
бір-біріне жақсы қарым- қатынас орнату және жақындай түсу мақсатында өткізіледі.
2.Топқа бөлу. Оқушылар бағдаршам арқылы үш топқа бөлінеді.
Кезекшімен мұғалім арасындағы сұхбат.
Ерекше сабақ. Біз бүгін саяхатқа аттанамыз. Жолда әр түрлі аялдамаларға тоқтап тапсырмалар орындаймыз.
( Пойыздың дауысы)
Үй жұмысын тексеру «Ол не істейді». (Миға шабуыл)
Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша өткен материалдарды қайталап келу тапсырылған болатын. Әр топтағы оқушылар жұптасып бір-біріне сұрақтар қояды. Сурет арқылы өткен тақырыпқа шолу жасалады.
1.Арман не көріп отыр?(1 топ)
2.Серік қай ұлттық аспапта ойнап отыр? (2-топ)
3 .Айша демалыс күні шаңғы тебе ме? (3-топ)
Астана саяхат (Слайд) Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше ол саяхат сабағы.
1.Оқушылар сендер Астана қаласына барып көрдіңдер ме?
2.Қ.Р. бас қаласы қай қала?
3.Астанада қандай ойын сауықтарды білесіңдер?( «Хан шатыр», « Керуен», «Мега», «Байтерек» және «Думан»). Оқушылар сендер бүгін Астанадағы қандай ойын сауыққа барғыларын келеді? («Думан», оқушылардың жауабы).
Олай болса оқушылар бүгін біз Думанға саяхатқа барамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Жүр, « Думаға» барамыз. Сабағымыз саяхат болғандықтан біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтаймыз, түрлі тапсырмалар орындаймыз.
« Думанда» не бар?
Аялдама «Кинотеатр».
1-тапсырма. Сөздік алқабы. Алдымен жаңа сөздерді тыңдайды. Содан кейін тізбектеп оқиды.
Ойын –сауық орталығы- развлекательный центр.
Ғимарат- Здание
Биік-высокий
Аялдама-остановка
Қызықты- интересный
Орталық-центр
Сөздікті дәптерге жазып алу.
2-Аялдама «Джунгли» театры. (Слайд)
2 тапсырма. Жануарлардың дыбысын ести отыра атын атап, тақтаға жазу.
Маймыл
Қолтырауын
Динозавр
3-Аялдама «Мұхитарал» (Слайд)
3 тапсырма дәптермен жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою.
4 тапсырма Флипчартпен жұмыс. 1-топ Маймыл, 2 -топ Динозавр, 3-топ Акула. (Маймыл, динозавр, акула) суреттерін бояп атауын жазу .
Сергіту сәті «Көңілді күн»
4- Аялдама «Балалар қаласы»
5 тапсырма Диалог құрастыру (үш топқа)
Тақырыптары: «Астана» , «Думан», «Мұхитаралы».
Бекіту сұрақтары:
- Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
1.«Думан» ойын-сауық орталығы қайда орналасқан?
2.Думанда нелер бар?
3. Джунгли театрында не көрдіңдер?
Бағалау: Фармативтік бағалау 1 → 2; 2 → 3; 3 →1 бағалайды.
«Ынтымақтастық» ағашы
Оқушылар сары және жасыл стикерлер арқылы, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді. Ұнағандар жасыл түсті, ұнамағандар сары түсті стикерді таңдайды.
Үш топ сол стикерлерді тақтада ілулі тұрған ағашқа іледі.
Үйге тапсырма: 4 тапсырма мәтінді оқып мазмұнын айту
-Сабақ аяқталды!
-Сау болыңыздар!