СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ж?сіпбек Аймауытов «?нші»

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы: Ж.Аймауытов «?нші»

Саба?ты?  ма?саты:      Білімділік  Жазушы Ж.Аймауытовты?

?мірбаяны мен шы?армашылы?ын еске т?сіру.  «?нші» ??гімесіні? мазм?нымен таныса отырып,та?ырыбы мен идеясын ашу.??гімені? негізгі кейіпкері ?міре ?ашаубаевты? ?аза? музыка  тарихынан алар орны жайлы ??гімелесу. Дамытушылы? О?ушыларды? ой – ?рісін  ке?ейтіп,ойлау ?абілетін,ауызекі с?йлеу тілін                                                                                                                                                                                           дамыту.?з бетінше ізденуіне   да?дыландыру.О?у?а деген ынтасын арттыру.                          

Т?рбиелік О?ушыларды? елін ,жерін ??рметтеуге баулу.Жазушы ?мірін ?лгі ете отырып,адагершілікке,?айрымдылы??а т?рбиелеу. 

Просмотр содержимого документа
«Ж?сіпбек Аймауытов «?нші»»



Панфилов ауданы Жаркент қаласы «Х. Хамраев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Берлыбаева Толқын Батталқызы

Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов «Әнші»

Сабақтың мақсаты: Білімділік Жазушы Ж.Аймауытовтың

өмірбаяны мен шығармашылығын еске түсіру. «Әнші» әңгімесінің мазмұнымен таныса отырып,тақырыбы мен идеясын ашу.Әңгіменің негізгі кейіпкері Әміре Қашаубаевтың қазақ музыка тарихынан алар орны жайлы әңгімелесу. Дамытушылық Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп,ойлау қабілетін,ауызекі сөйлеу тілін дамыту.Өз бетінше ізденуіне дағдыландыру.Оқуға деген ынтасын арттыру.

Тәрбиелік Оқушылардың елін ,жерін құрметтеуге баулу.Жазушы өмірін үлгі ете отырып,адагершілікке,қайрымдылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:аралас сабақ Әдісі:түсіндіру,сұрақ – жауап,талдау Көрнекілігі: тапсырмалары жазылған кесте

Жүру барысы І Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу Оқушылардың назарын сабаққа аудару ІІ Кіріспе сөз Құрметті,оқушылар,бүгінгі сабағымызды ұлы ақын Абай атымыздың Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған?! –деген өлең жолдары арқылы бастағым келеді. Өйткені,олар өздері өлсе де есімі халық жадында мәңгі сақталған 60 жыл бойы оқырмандар назарынан тасада болып,еңбетері шаң



басқан мұрағаттарда жатса да ,құндылығының бағалы – ғылымилығының арқасында ел тәуелсіздігімен бірге оқырмандарына қайта оралған. Олар:М.Жұмабаев,А.Байтұрсынов,М.Дулатов,Ш.Құдайбердиев. Ж.Аймауытов.

Өткен сабақтарда Жұмабаевтың.Байтұрсыновтың,Дулатовтың өмір жолдарымен танысып,шығармаларын оқыдық. Бүгінгі сабағымызды Ж.Аймауытов жайлы әңгімелесеміз.Сіздерге үйден Ж.Аймауытовтың өмір жолын,шығармашылығын оқулықтан оқып,өлең жолдарын жаттап келу тапсырылған. ІІІ Үй тасырмасын қорыту

«Шернияз»

«Қанапия мен Шәрбану

«Рәбиға»

«Ескі тәртіппен бала оқыту»

Драмалық шығармалары

«Тұңғиық түпсіз астында»

«Әскер марсельезасы»

«Жәмила»

«Ұршығым»

«Көшу»



«Ах – ха – хау»

«Сарыарқаның сәлемі»

Поэзиялық туындылары

«Ел қорғаны»

«Мансапқорлар»





«Сылаң қыз»





«Боранды болжағыш әулие»

«Әнші»

«Мысыққа ойын,тышқанға өлім»

«Өмір деген осы ма?»

«Бетім – ау,құдағи ғой»

«Күнікейдің жазығы»

«Қартқожа»

«Абайдың өмірі мен қызметі»

«Сұңқар жыры»

«Аударма туралы»

«Абайдан кейінгі ақындар»

«Ақбілек»

Әңгімелері

Сын мақалалары

Хикаяттары

Романдары

Прозалық шығармалары

«Комплексті оқу жолдары»

«Психология»

«Тәрбиеге жетекші»































3

Ғылыми—педагогикалық мұрасы

«Жан жүйесі және өнер таңдау»



Сан қырлы талант иесі Ж.Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай.Оның шығармашылығы өлең жазудан басталады.Өлеңдерінде өз дәуірінің көріністерін сезімталдықпен жырлады.Ал драматург ретінде Ж.Аймауытов ерте танылды.Оның драмалық шығармаларына қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар негіз етіп алынды.Халықты оқу – өнерге шақырды.Әйелдер теңдігін қорғайды.Өздеріңіз жақсы білесіздер біз оқып біліп жатқан әдеби тұлғалар тек қана ақын немесе жазушы емес ғылымының әр саласын зерттеген ғалым.Мыс А.Байтұрсынов қай саланы зерттеді,қандай еңбек жазды? Ал Аймауытов оқу – ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектер жазды.Ұстаздық қызметті атқара жүріп жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу,жаңаша білім беру мақсатын көздеген «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты ғылыми еңбектерін жазды.Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы – прозалық шығармалары.Проза саласында әңгімелерден бастап,жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек» романдары туды. ІV Жаңа сабақтың мақсаты Біз осы шығармалардың ішінен «Әнші» әңгімесінің мазмұнымен танысамыз.Жазушының «Әнші» әңгімесі нақты оқиғаға құрылып, өмірде болған тарихи адамның төңірегінде өрбиді. V Жаңа сабақ - Құрметті оқушылар,әңгіменің мазмұнымен танысуды бастамас бұрын сіздерге № 1 кесте таратылады.Кесте 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлім салт-дәстүрлер.2 - бөлім орыс тілді сөздер 3 – бөлім – әңгіме кейіпкерлері деп аталады.Оқушыларға әңгіменің мазмұнымен танысу барысында кестелерді толтырып отыру ұсынылады. Әңгіменің кіріспе бөлімі оқылады.Содан кейін қойылатын сұрақтар. - Жетішатыр деген қай қала? - Семей қаласы Ертістің оң жағалауына орналасқан.Оның негізі 1718 жылы әскери бекініс ретінде қаланады.Бекіністің Семей атану себебі оған таяу жерде ежелгі жеті ғимараттың қиранды қалдығы бар еді. Патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді.Олар:Торғай – Жайық,Ақмола,Семей,Жетісуаймақтары еді.1870 – 1914 жылы аралығында Ақмола,Семей,Жетісу,Сырдария,Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруалар қоныстандырылды.Міне, сол кезден бастап орыс ұлты мен қазақ ұлты етене араласып.тіл үйрене бастаған кезеңі еді. Мұғалімнің әңгіме арасын байланыстыратын түсіндіру кезеңінен кейін әңгімеден үзінді оқылады.

Үзінді бойынша қойылатын сұрақтар: - Қымыз сусынын ішіп көргендеріңіз бар ма? - ----- Қымыз сусыны жайлы не білесіздер?

Мұғалімнің әңгіме арасын байланыстыратын түсіндіру кезеңінен кейін,әңгімеден үзінді оқылады.Үзінді бойынша қойылатын сұрақтар. - Қариялардың бейнесі қалай суреттелген ? - Сұлу қызды кімге теңеген? - Елді тамсандырған қай әнші? Мұғалімнің әңгіме арасын байланыстыратын түсіндіру кезеңінен кейін, әңгімеден үзінді оқылады.Үзінді бойынша қойылатын сұрақтар. - Сауық кеші жақсы ұйымдастырылуы үшін адам бойынан қандай қасиеттердің болуын талап етеді? - - Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттер ашылады?

– Қандай жаман қасиеттер кері әсер етеді? - Наурыз мерекесі жайлы не білесіздер? - Балалар, Біз әңгіме етіп отырған қай әнші деп ойлайсыздар? - Ендеше, Әміре Қашаубаев жайлы жеке тапсырма бойынша дайндалып келген оқушыға сөз берейік .

Өздік жұмыс №2кесте бойынша оқушылар топқа бөлініп ,мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.

1- топтың тапсырмасы. Мәтіннен халықтың әннен алған әсерін теріп жазу. 2—топтың тапсырмасы Әміренің ән айтқан кездегі болмысын мәтіннен тауып жазу.

VI Жаңа сабақты пысықтау

№1,№2 кесте бойынша орындаған тапсырмаларын тексеріп, қорыту. Сабақтың тақырыбы мен идеясын ашу. Әңгіменің композицилық құрылысына талдау жасап, дәптерлеріне жаздыру.

VII Сабақты қорыту.

Семей қаласынан аты әлемге танылған ұлы тұлғалар шықты. Олар: Абай, Шәкәрім, Шоқан, Қаныш Сәтбаев, Ә. Қашаубаев, Р. Рымбаева, Б. Төлегенова, Г. Титов, Г. Серебрякова. Сондықтан да Семейге елбасымыз Н. Назарбаев «Қазақстанның рухани әрі мәдени астанасы» деген мәртебе берген.

VIII Үй тапсырмасы. Әңгіменің мазмұнын айту











.