Просмотр содержимого документа
«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар(спорттық шара)
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын» ұстану қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршаға аян.
Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, бала денсаулығын нығайту жақсы көңіл-күй сыйлау.
Шарамыз басталмас бұрын сөз кезегін балабақша меңгерушісі Қосжанова Алтынай Абдикаримқызына береміз.
Командалар ортаға шақырылып
«Әнұран» шырқалады
Жүргізуші:Ал сайыскер топтар,
Ешкімнің жоқ алалар.
«Жеңімпаз болу» үлкен сын,
Оны әділқазың бағалар.
Ашық жарқын жүзді,
Әділқазылар біздің
Таңдап баға беруге ,
Шақырайық төрге-деп әділқазылар алқасын сайлау және таныстыру.
1 Балабақшамыздың меңгерушісі А.Қ.Абдикаримқызы
2
3
4 Шаруашылық меңгерушісі Э.Қ.Сергейқызы
Әділқазылар алқасы 1-5балдық жүйе бойынша бағалайды.
Бүгінгі спорттық шарамыз 6 турдан тұрады.
«Кім жылдам»
«Кенгуру»
«Қырық аяқ»
«Кедергіден өт»
«Көңілді доп»
«Арқан тартыс»
Осы турлардан тыс яғни турлар басталмас бұрын топтар өздерінің топтарының атын, ұранын, эмблемасын таныстырып шығады. Ортаға төрт команда шығады.
«Кім жылдам»
Шарты: балалар қолдарыңыздағы таяқшаларды алып кедергілерден жүгіріп өтесіздер. Тәрбиешілер таяқты ұстап кедергілер арасынан секіргішпен қос аяқтап секіріп өтеді.
«Кенгуру»
Шарты: балалар допен секіріп өтеді бірінші балалар бастайды сосын тәрбиешілер шағын допты тамағына қысып өтіп келеді.
«Қырық аяқ ойыны»
Шарты: әр топ өз ойыншыларының аяқтарын бір-біріне скотш арқылы қосып барлығы бірге жылдам кедергілерден өтіп жемістерді 1минут ішінде жинауы тиіс ұпай жинаған жеміс көлеміне сай қойылады (1жеміс 1ұпай)
Сергіту сәті: «Тербеледі ағаштар»
«Кедергіден өт»
Шарты:Әр топ өз командаластарымен бірге обруч арқылы тез жиналып кедергілерден өтіп мәреге жетулері тиіс.
«Сиқырлы доп»
Шарты: алдымен бала сиқырлы допты қолына ұстап кедергілерден жүгіріп өтіп айналып қайтады, тәрбиеші допты аяғының ортасына қойып түсірмей апарып кері алып келіп, допты балаға береді бала допты аяғымен жылжыту арқылы кедергілерді айналып келеді, соңынан тәрбиеші допты қолымен секіртіп кедергілер арқылы апарып алып келеді.
«Арқан тартыс»
Шарты: Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады.Арқанның қызыл мата байланған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді.Команда екі топқа бөлініп,арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады.Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады.Ойынның мақсаты екі команданың бір ойыншысы ортадағы сызықтан өз жағынан тартып шығару.Ортанғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі.
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз ,
Жеңілсек, жеңілдік деп жасымаймыз.
Жығылсаң жер көтерер деген екен ,
Реніш өкпелеуге қосылмаймыз-деп сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Жарыс соңында әділқазылар алқасы жеңіске жеткен команданы марапаттап,мақтау қағазын табыс етті.