Автор Шұғыла: Құрметті қонақтар, «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісіне қош келдіңіздер! (Қоян-Кәусар, жылан-Ұлықпан, торай-Сұлтанбек, мешін-Мадияр, Барыс-Іңкәр, ұлу-Эльнура, сахнада жатады, отырады)
Тышқан Раяна: (қуанып саханаға шығады) Менің ертегім осы ғой, алақай мен өз ертегімді таптым, бірақ менің тағы біраз достарым жоқ, олар қайда кеткен. қайдасыңдар, достарым?
Автор Шұғыла: Бұрын ерте заманда хайуандар жыл ағасы болуға таласыпты. Сонда жылқы келіп былай деп айтыпты:
(жеке-жеке әуенмен кіреді)
-Жылқы: Нұрали;
-Мен алысты жақын қыламын. Күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма шйін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын.
-Түйе: Карим:
-Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айлық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса көде, жусан болса жусан, не кез келсе, соны өорек етіп, табылса су ішіп, табылмаса шөлде жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.
-«менен бұрын кім көреді дейсің, әрине мен көремін менің бойым ұзын!» (ертегінің соңында айтылатын сөздері)
-Сиыр: Аделя:
-Адам егін ексе мені жегеді, сүтімді ішеді, құрт май істейді, жыл басы болу
маған лайық.
-Қой: Қарақат:
-Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді, жүнімді алып киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.
-Ит: Жания:
-Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе үріп, абалап, иеме хабар беремін..
-Тауық: Әлия:
-Мен болмасам, адамдар ерте жұмысына бармай ұйықтап қалар еді. Мен таңертең тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.
Автор: Шұғыла:
-Тышқан не айтарын білмей тұрады да, бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке былай дейді:
Тышқан:Раяна:
-Бұл таластан ешнәрсе өнбес, жаңа күнді қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.
Автор: Шұғыла:Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп:-«менен бұрын кім көреді» деп, тышқанның сөзін қостап бәрі қарасып тұрады. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің үстіне шығып, өркешінің басына мініп отырады. Көп хайуан таласып, біз көреміз деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды елемепті. Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты.
Түйе: Карим:
-мен жыл ағасы болмасамда сендермен дос болып қалғым келеді
Бәрі бірге Флэшмоб билейді. (өздерін таныстырады)