СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жылдың ең үздік балалар ұйымы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қалалық "Жас-Ұлан" шабының төрайымы Б.Сакаупованың ұйымдастыруымен 2015-2016 оқу жылы барысында атқарылған іс-шаралар бойынша ең үздік мектеп комитетін анықтау мақсатында 2016 жылдық 15- сәуір күні қалалық "Балалар ұйым патшалығы" сайысы өтіліп, ең үздік мектеп комитеті анықталынды.  

Просмотр содержимого документа
«"Жылдың ең үздік балалар ұйымы"»

Нәтижелер

Үздік балалар ұйымы анықталды

Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған болатын, "Нұр Отан" партиясының XIII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін "Жас ұлан" бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын. "Елорда күніне" орай "Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестік құрылды. 26 тамыз күні "Жас ұлан" ұйымының алғашқы құрылтайы өтілді.

Бұл ұйымның түпкі мақсаты өскелең ұрпақтың бойында патриоттық тәрбие мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық болып табылады және Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. Ал, осы игі істердің көшбасшысында тұратын «Жас-Ұлан» мен «Жас қыран» ұйымдарының жетекшілері яғни мектеп тәлімгерлерінің еңбегі ұшан теңіз. Себебі бұл ұйымның қатарына оқуда озат, спортта алда, түрлі пән олипиадаларының, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда оза шапқан, білімімен қатар саналы тәрбиелі оқушылар қабылданатындықтан, мұндай дарынды озат оқушылармен жұмыс жасау тек қана алғыр өз ісінің маманы ғана жұмыс жасай алады. «Жас-Ұлан» ұйымының қалалық шабының төрайымы Б.Сакаупованың мол тәжірибиесінің арқасында мектеп тәлімгерлерімен бірлесе отыра жыл бойы көптеген игі іс-шаралар ұйымдастырып келеді, түрлі акциялар, байқаулар, зиялы қауым өкілдерімен Арқалық қаласының құрметті азаматтары, осы өңірден шыққан елге танымал тұлғалармен ашық әңгімелер, түрлі жиындар өтіліп келеді. Өйткені жыл бойы атқарылған іс-шаралардың қорытынды кезеңінде ең үздік балалар ұйымы анықталатын болады. Мектеп тәлімгерлері қалалық «Жас-Ұлан» ұйымының бекітілген жылдық жоспары бойынша өткізілген барлық іс-шараларға қатысуға тырыса білді.

Жыл бойы атқарылған іс-шаралардың нәтижесі бойынша ең үздік балалар ұйымы 2016 жылдың 15-сәуір күні «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында өткен «Балалар ұйымының патшалығы» атты қалалық «Жас-Ұлан» ұйымының қорытынды марапаттау кешінде анықталды. Бұл сайыс негізінде 3 кезең бойынша өтілді. Алғашқы екі кезең мектеп ұйымының жыл бойы атқарылған іс-шаралардың көрінісі видео арқылы көрсетілсе, 2016-2017 оқу жылы қарсаңында қабылданатын ең үздік әлеуметтік жоба жарысы сырттай өтілді. Ал қорытынды кезеңде мектеп ұйымдары жыл байы атқаралыған игі шаралардың барысын сахнада түрлі бағытта көрсетуі керек болатын. Қазылар алқасының төрайымы болған Арқалық қаласы білім бөлімінің маманы А.Х.Жумаганбетова, «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Р.З.Шапаева және орталықтың қосымша білім беру педагогтары қатысқан барлық мектеп ұйымының еңбектерін әділ бағалауға тырысты. Сонымен 2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша барлық атқарылған іс-шаралардың жұмыстарын көрсете біліп, мектеп тәлімгері өзінің бойындағы тәжирибесінің мол екендігін дәлелдей алып, жүлделі І-орын иеленген Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның балалар ұйымы жеңіп алды, ал жүлделі ІІ-орынды А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектебі алса, ІІІ-орынды №4 орта мектебі иеленді.

Алдағы уақытта да мектеп ұйымы дәл осындай қарқында жұмыс жасайды деген сенімдеміз. Себебі Елбасы айтқандай елдің болашағы ол білімді жастардың қолында. Сондықтанда мектеп тәлімгерлерінің еңбегін бағалай білейік.

Маженов Б.А.

«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы

«Жас қалам» жас журналистер клубының жетекшісі