СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жылы жүрек-жақсы тілек

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жақсы ой,жылы лебіз,жақсы тілек адамды шаттандырады,қуантады, бақытты етеді.Ауыр сөз,жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді,мұңайтады,оны  уайымға салады.

Просмотр содержимого документа
«Жылы жүрек-жақсы тілек»

Лицей № 24 Мерзiм 17сабақ

Тақырып: Жылы жүрек-жақсы тілек

Құндылық:Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: ақкөңілділік, татулық,мейірімділік

Мұғалiм: Кенебай М.Ж.

Сынып: 3а,ә,б,в,г,д,ж,е

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға сүйісреншілік құндылығы арқылы «мейірімділік», «қайырымдылық» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-Жақсы тілек,ақкөңілділік туралы түсініктерін қалыптастыру;

-Қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-Мейірімділікке,ізгілікке тәрбиелеу.


1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Тыныштық сәтi. «Орманға ойша саяхат»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Дос болайық бәріміз »өлеңін жатқа сұрау


3.Дәйексөз.

Жақсы сөз-жан семіртер

1.Қандай жақсы сөздерді білсіздер?

2.Жан сертер дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Адам жанын жақсы сөз қалай әсер етеді?

Жақсы ой,жылы лебіз,жақсы тілек адамды шаттандырады,қуантады, бақытты етеді.Ауыр сөз,жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді,мұңайтады,оны

уайымға салады.


Халық мақалы

4.Әңгiмелеу (сұхбат).

Адамдарға жылы жүрек пен жақсы тілек тілегенде қандай сезімде болдыңдар?

Ал өздеріңе жақсы тілек ,жылы сөз айтқанда қандай сезімге бөлендіңдер?



5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Мәтінмен жұмыс Жылы жүрек,жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында Е.Шайқыұлының «Жақсы ата» әңгімесін оқып беру.

Сергіту сәті

Бәріміз орнымыздан тұрып,барша адамзатқа,айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып,көрсетейік.

Шөліркемей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді.)

Жерім жайнап құлпырсын. (Оң қолын жайып көрсетеді.)

Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.)

Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды.)

Ортақ бізге туыстық (Екі қолын төбесіне көтереді.)

Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды.)

Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды.)

Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды.)

Дәптермен жұмыс

Тапсырма «Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін» арнап.саған көрсеткен жақсылықтар мен айтқан жылы сөздер,тілектерді жазып жүру.


6.Топпен ән айту.

Балалар сөзі: С.Молдасанұлы, әні: Ф.Лұқпанова «Бала тілегі» атты өлеңін айтады.


7.Үй тапсырмасы.

дәптерге жүрекке жақсы тиетін сөздерді жазып келу.


8.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Бір-бірімізге жақсы ,жылы сөздер көп айтылса,өмір мейірім мен қайырымға толы

болып қуаныш пен шаттыққа кенеледі.Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жақсы тиетін жылы сөздерді жиі айтып жүрейік.



Тексерілді:


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!