СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

7 сынып биология пәнінен зоология ғылымының қысқаша даму тарихына сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы»

Күні:_____________ Пәні: Жануарлар Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның Қазақстан Республикасында ғылым ретінде дамуы

Сабақтың мақсаты: 1. Зоология ғылымының қысқаша даму тарихынан

оқушыларға түсінік беру.

  2.Оқушыларға зоология - жануарлар дүниесі туралы

ғылым екенін ұғындыру

3. Табиғатты танып-білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Оқушыларды түгелдеу

II. Үй тапсырмасын сұрау

1. Жануарлардың негізгі жүйелік топтары..

2. Жануарларды жіктеудің маңызы

III. Білімді жан-жақты бекіту

1. Жануарларды неліктен жүйелі топқа жіктейді?

2. Бұл салада ғылым қандай жетістіктерге жетті?

3. Жүйелеу деген не?

4. Жіктеу деген не?5. К. Линней жануарларды қандай жүйелік топтарға жіктеді?

6. К. Линней еңбегінің маңызы қандай?

IY. Жаңа сабаққа даярлық

Y. Жаңа сабақ

Өте ертеден белгілі ғылымның бірі – зоология, оның негізін грек ғалымы Аристотель қалаған. Зоология (грек сөзі: зоо—жануар, логос – ғылым ) жануарлар туралы ғылым. Ол жануарлардың құрылысын, дамуын, түр құрамын, таралуын, шығу тегін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейді.

Қазақстандағы жануарларды зерттеу тарихы. Халқымыз ежелден-ақ төрт түлiк мал – түйе, жылқы, сиыр және қой-ешкiнi қолға үйреттi. Олардың етi-сүтiн, терi-жүнiн, басқа да өнiмдерiн қажеттерiне жарата бiлдi. Зоологияны ғылым ретiнде терең зерттеген жоқ. Тек өмір тәжірибесіне байланысты жануарларды қызықтай біледі. Оларға аударған ықыласын аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, ертегі-жұмбақтар, басқа да тәсілдер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізді. Тіпті ХІ ғасырда Махмуд Қашғари тәрізді ғұлама ғалымдар республикамызда мекендейтін жануарлар туралы жазба деректер қалдырды. Бұл салада араб, парсы және Қытай саяхатшыларының да үлесі аз емес.

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы – біртума қазақ шипагері. Ол – науқастың емін табу үшін өзіне-өзі сынақтәжірибе жасаған, қазақтың нағыз мақтанышы. Өтейбойдақ шешекпен қайтадан ауырмаудың әдісін бірінші болып тапқан. Өзіне жасаған тәжірибе нәтижесін шешекпен ауырған балаға жасап, оны сауықтырған. Ол үшін балаға шыққан шешек іріңін тананың шап терісін тілгенде шыққан қанға жаққан. Тана шабында бір аптадан кейін томпайған ісіктер байқалған. Сол томпақты жарып, ішіндегі сұйығын күн түспейтін салқын орында сақтаған. Әзірленген сұйықтан үшкірленген ағашпен бір тамшы алып, баланың білегіне жаққан. Сұйықтық жағылған жерді инемен сызып қойған. Сөйтіп Өтейбойдақ шипагер тұңғыш рет шешек екпесін (вакцина) тапқан. Бұл кезде ол 49 жаста екен. Ал біз шешек екпесін ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер

1798 жылы тапты деп білеміз. Шешек екпесін Өтейбойдақ шипагер ағылшын дәрігерінен 352 жыл бұрын ашыпты!

Республикамыздың жануарлар дүниесін ғылыми тұрғыдан зерттеуге XVІІ–XVІІІ ғасырларда ұйымдастырылған экспедициялардың ықпалы мол болды. Әсіресе қазақтың ұлы ғалымы Шоқан

Уәлихановтың қосқан үлесі ерекше.

Қазақстанда алғашқы зоологиялық зерттеулер XVІІІ–ХІХ ғасырларда басталды. П. С. Паллас – құс пен аңның 45 түріне, Э. А. Эверсман құстардың 8 түріне сипаттама беріп, жүйеледі. Н. А. Северцев Түркістан жануарларының орналасуы, Г. В. Никольский Балқаш қазаншұңқырындағы омыртқалы жануарлар туралы алғашқы ғылыми жинақтарды жариялады. Ал ХХ ғасырдың басында Арал теңізі мен Балқаш көлінің балықтарын Л. С. Берг, құстар фаунасын Н. А. Зарудный, П. П. Сушкин, т.б. зерттеді. К. И. Скрябин Оңтүстік Қазақстанда кейбір үй хайуанаттары мен жабайы жануарлардың ішек-құрттарын зерттеп, маңызды деректер жариялады.

Қазақстанда 1924 жылға дейін зоологиялық мекемелер болмады. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін Ресей ғылым академиясы мен Мәскеу мемлекеттік университетінің, т.б. жоғары оқу орындарының ғалымдары: Н. О. Оленов, Б. С. Виноградов, Б. А. Кузнецов, Б. А. Хохлов, Б. А. Селевин, т.б. зерттеді. Жабайы жануарларды зерттеу үшін республикамыз да зоологиялық сектор ашылды (1932). Зерттеу жұмыстары ғылым академиясының институты құрылғаннан (1944) кейін ғана нақтылы жолға қойылды. Омыртқасыз және омыртқалы жануарларды зерттеуде және оларды жүйеге келтіруде көптеген ғалымдар атсалысты

YI.Сабақты бекіту

1. Жануарлардың дүние жүзіндегі саны қанша?

2. Бұл салада ғылым қандай жетістіктерге жетті?

3. Зоология сөзінің қазақша баламасы қандай?

4. Жануарлар мен өсімдіктердің қандай айырмашылықтары бар?

5. Жәндік пен жануарлар деген ұғымды қалай түсінуге болады?

VІІ. Бағалау

YIII. Үйге тапсырма:Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның

Қазақстан Республикасында ғылым ретінде дамуы.