СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Место работы

СОШ.им.Б.Жаникешева

Обо мне

Тақырыбы:  « 21 ғасыр көшбасшысы»

Мақсаты:   Оқушылардың  негізігі пәндерден  алған білімдерін   терендету.Тапқырлыққа , ізденпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.Жерін, елін, оның дәстүрін  сыйлауға  халқымыздың  болашағын гүлдентер, тәрбиелі,  білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.Білімді , дарынды, озық, болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: интерактивтік тақта

Сайыс шарттары:

1. Бәйге

2.Тіл өнер

3.Төрт жұмбақ

4.Көкпар

Барысы: Құрметті  ұстаздар, оқушылар!Бүгінгі 4 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Сынып лидері-2016»  сайысына қош келдіңіздер.Бүгін сайыс барысында оқушыларымыздың  ой -өрісін ,  білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.

                     Ал, келіңдер, келіңдер,

                    Біріңе- бірің еріңдер.

                    Білімді біраз тексеріп,

                    Ойынға  келіп көріңдер.- дей келе ортаға сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз. Ортаға 8 оқушы шақырылады.  Сайысты бағалайтын әділқазы алқасымен танысайық.

    Білім деген биік шың,

  Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер.- деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастайық.Бұл кезеңде 10 сұрақ беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.Сұраққа бірінші болып  қол көтерген оқушы жауап береді. Берген жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа екінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, өзім жауап берем.Олай болса, сайысымыздың «Бәйге» бөлімін бастаймыз.

  1. Ұзындықты өлшейтін құрал.( сызғыш)
  2. Көкжиек тұстарын тұсбағдарсыз қандай жұлдызға қарап бағдарлауға болады?

( темірқазық)

  1. Дене неден тұрады?(заттан)
  2. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
  3.  Сөйлем мүшелерін ата (бастауыш, баяндауыш)
  4. Батыс Қазақстан обл әкімі(Н.Ноғаев)
  5. Қазақстанның жер көлемі қанша?(2 млн 724м шаршы км)
  6. Іс тігетін құрал (ине)
  7. 64 қай санның квадраты?(82)
  8. Жемін түнде аулайтын құс (жапалақ)

2 кезең  Тіл өнер

Ойнайық азырақ уақытты үнемдеп,

Кім шығады жауабын мен білем деп.

Тіл өнер сайысында  мақал- мәтел , жұмбақтың шешуін тауып, сол сөздің орысша , ағылшынша аудармаларын  табу керек.(10 ұпай)         

1.Кімнің         баласы болма

Адамның баласы бол (ата- дедушка-qrendfather)  

2. кім     басыңа қарайды.

 Дұшпан аяғына қарайды.( дос- друг-frend)

3. нешеу  ала болса,  ауыздағы кетеді( алтау- шесть-siх)

4. Адам болатын  бала кім алысқа қарайды? ( бала- мальчик-boy)

5. Ас атасы-........(нан- хлеб-бред)

6. Өзі үлкен жануар,

     Үстінде үлкен тауы бар.( түйе- верблюд-  camel)

7. Қабат- қабат қаптама,

    Ақылың болса аттама(кітап.- книга- book)

8.Сөзі бар ісінде

   Тілі жоқ өзінде(қалам- ручка- реn)

1,2 сайыстың қорытындысы бойынша  ұпайы аз 3 ойыншы   сайыстан шығады.3 ойыншыға рахмет айта отырып , алғыс хаттармен марапаттау үшін сөз қазылар  алқасына беріледі.

 

 

3 кезең «Төрт жұмбақ»

 Бұл сайыста   4 пәннен сұрақтар беріледі.Бір ұяшығымызда  сұрақ жоқ , бірақ сыйлығымыз бар.Оған қоса 10 ұпай беріледі.Ұпайы аз ойыншы ұяшық  таңдайды.Сайыс ережесі бойынша ұпай саны аз ойыншымен қоштасамыз.

4 кезең «Көкпар»

Бұл сайыста 15 сұрақ беріледі.Соған тез жауап беруіміз керек.Әрбір жауап үшін 10 ұпай.

  1. Ойын тікелей білдірмей,  тұспалдап, жанамалап  айтылатын шығарма(мәтел)
  2. 42 әріптің жүйелі тізбегі ........(әліпби)
  3.  Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымша (жалғау)
  4. Денені не қаптап тұрады?(тері)
  5. Өкпеден сыртқа шығатын ауада не көп болады?(көмірқышқылгазы)
  6. Қанның азғана  аралап қозғалуы.....(қан айналымы)
  7. 33 –  27
  8. Бір ғасырдың 10-нан бір бөлігі ...(10 жыл)
  9. Адам, жануар, өсімдік әлеміне нелер қажет? ( қорек, су, ауа, жарық, жылу)
  10. 59:8=7  бөліндісінде қанша қалдық қалады? (3)
  11.  Бастауыш пен баяндауыштың арасына  қойылатын сызықша (екеуі де зат есімнен болса)
  12. Балаларды қорғау күні (1 маусым)
  13. Құстарға қарап адам не ойлап тапты?(ұшақ)
  14. Ұзындығы 9см, ені 7 см тіктөртбұрыштың ауданын тап (63см2)
  15. Х+7=43 бұл не? (теңдеу)
  16. 81 қай санның кв (9)

 

Қорытынды: Міне, біз, «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан» озық ойлы оқушыларымызды  анықтайтын кезде жетті.(Жеңімпаздарды анықтау)

«Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін  елбасымыз халқына  жолдауында  атап көрсеткен болатын.Еліміздің ертеңі тәуелсіз Қазақстанның кемел боашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы жалауы ешқашанда еңкейген емес.Алдағы уақыттарда  да  биіктерден көріне бер тілекпен біз сайысымызды аяқтаймыз.

                                 Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 

 

Тақырыбы:Шын дос болу-бақыт.

Мақсаты:Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуга үйрету.Оқушыларды сыйластыққа, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Суреттер, интерактивтік тақта, шарлар.

Барысы:Сәләматсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар!Бүгінгі «Шын дос болу-бақыт» сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер.Достық дегеніміз адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы мен бір-біріне қамқорлығы.Достық қарым-қатынас адамдарға өзара сенім жүктейді.Достар бір-біріне қуанышта да қиыншылықта да қамқор болады.Достық сыйластықтың, мейірбандықтың мөлдір көзі.

Шаттық шенбер:Осы жіпті лақтыру арқылы не байқап тұрық.Бірлікке, достыққа, татулыққа, бірауыздылыққа шақырамын.

Сыныпты 3-топқа бөлу.

1.Сұрақтар:

1.Досың бар ма?

2.Досыңыздың басына қиындық түссе не істейсіз?

3.Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

4.Кіммен дос болғың келеді?

5.Партада  кіммен отырғың келеді?

6.Достықтың неше түрі бар?

7.Амал достық не?

8.Адал достық деген не?

2.Мақалдың жалғасын табу.

1.Есепті дос айырылмас.

2.Дос басыңа қарайды,Дұшпан аяғыңа қарайды.

3.Досыңа ат берме, Ат берсең, ақырын жүр деме.

4.Күлме досыңа, Келер басыңа.

5.Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.

6.Дұшпаннан бір сақтан, Жаман достан мың сақтан.

7.Досыңның орны төрт, Дұшпанның орны көр.

8.Асың болса-дос көп, Атың болса-той көп.

9.Досы көптің, касы көп.

10.Дос сүйінсін,дұшпан күйінсін.

11.Мал көтерер өлімді,                                                                                             Дос көтерер көңілді.                                                                                                                             

12.Сыйласқанның суын іш.

13.Дұшпан күлдіріп айтады,                                                                                       Дос жылатып айтады.

14Есептескен дос болмас.

15.Досы жоқпен сырлас,                                                                                                      Досы көппен сыйлас.                                                                                               3Жалғасын тап»  ойыны . Мында үш топқа үш тапсырма беріледі,

жалғасын өздері айту. 

1-топ.

 Әрбір адамға дос керек, өйткені...      

2-топ.

Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...

3-топ.

Сыйластық бар жерде...

4.Жағдаяттарданшығу. «Ойланайық, пікірлесейік»

1.Сенің сыныптас құрбың спорттық жарыстан «бас жүлде» алып жеңіспен оралды.Қуанышында шек жоқ.Оның қуанышын қалай бөлісер едіңіз дер?

2.Сыныптасың «Білімнің биік шыңы» атты сайысқа қатысып жеңіліп қалды.Ол қатты ренжеулі.Оған қалай көмектесер едіңіздер?

3.Сынып балалары ылғи тәртіпсіздік жасайды.Осылары үшін кезекші сынып оларды «кірпі» газетіне шығарды.Одан кейін қандай шешім қабылдар едіңіздер?

5. «Дос» деген кім? Сауалына сызба арқылы жауап беру.

6.Мына суреттерге байланысты мақал – мателдер табу.

Қорытынды:Не үйрендік, не білдік?Біздер бүгін достықты берік ұстау үшін, одан әрі нығайту үшін керекті көптеген қасиеттерді бойымызға сіңіріп, жаман қасиеттерден арылуға күш салдық.

      

 

 

 

 

                                        

Моё образование

высшие

Рейтинг

Баллов: рейтинг140.9 Место: место168955 (Подробнее)

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!