СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Алқалар тұқымдасы (Solanaceae) – қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 – 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар. Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады. Гүлі қос жынысты. Гүлшоғыры бұйра болады. 5 тостағанша жапырағы бірігіп, жоғарғы жағы тілімденген. 5 күлте жапырағы, бірігіп қысқа түтік түзеді. Аталығы 5, аналығы біреу. Жемісі – көп тұқымды жидек, түйнек немесе қауашақ. Алқалар тұқымдасы негізінен аса бағалы тағамдық (баклажан, қызыл бұрыш, қызанақ, картоп, т.б.), сәндік және техникалық (темекі) өсімдіктер болып саналады. Олардың құрамында бірнеше улы алкалоидтар болады, сондықтан оларды мал жемейді. Жабайы түрлерінен дәрі алынады.
Алқа тұқымдастардың ғаламшарымызда 2900-ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастардың жабайы түрлері де көп. Ауа райы ыстық елдерде бұталы және сабақтары шырмалып өсетін де түрлері бар. Әсіресе Оңтүстік Америкада алқа тұқымдастардың жабайы өсетін түрлері көп. Қазақстанда 23 түрі кездеседі, көпшілігі қолдан өсіріледі. Бұлар - күлтелері тұтасқан, жапырақтары кезектесіп орналасатын шөптекті өсімдіктер. Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке-дара орналасады. Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, екі жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар - жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияга бөлетін сызықтар жүргізуге болатындықтан, алқа тұқымдастар дұрыс гүлді (*) өсімдіктер болып есептеледі. Гүл формуласы: *Т(5)К(5)А5Ж(2). Жемісі - жидек немесе қауашақ.Тағамға пайдаланылатын баклажан, қызанақ, болгар бұрышы, өзге де көкөністер өздеріңе бұрыннан мәлім. Дәрілік, сәндік және улы өсімдіктері де бар. Арамшөп ретінде белгілі меңдуана, сасық меңдуана - нағыз улы өсімдіктер. Сонымен бірге олар дәрілік өсімдіктерге де жатады. Меңдуаналардың жапырағы мен тұқымы демікпеге, құрыспа ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады. Шырайгүл(петуния) және қызылқұлақ(физалис) сәндік өсімдіктер болып табылады. Шырайгүл күтім талғамайды және ұзақ гүлдеп тұрады. Сондықтан Оңтүстік Америкалық шырайгүл қала гүлзарларына сән беріп тұрады. Қызылқұлақ тропиктік, субтропиктік аймақтарда кең таралған. Оның 100-ге жуық түрлері бар. Өсімдіктің жидек-жемісі қампиып қаптайтын түзілісі үшін қызылқұлақ аталған. Қампима қаптаманың түсі ашық қызыл-сары болып көз тартады. Ол - өсімдіктің тостағанша жапырақшасы.
© 2018, Жумабекова Айнур Саматқызы 1410