СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
«№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің мұғалім-дефектологы: Исмаилова Нурила Сапарәліқызы. Шымкент қаласы.
Сабақтың тақырыбы: Қуыршақты киіндіру.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Балаларға қуыршақтың киімдері жайлы түсінік беру, қуыршақтың үстіне киімдерін орнымен киіндіруді, сырманы ашып-жабуды үйрету. Ойын арқылы балаларға киімдерін орнымен қолдануды, ретімен киіне білуді меңгерту.
2. Дамытушылық мақсаты: көру, есту арқылы қабылдауларын, зейін, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Іс-әрекет жасау дағдысын, қол саусақ моторикасының дамуын қалыптастыру, ойынға қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: балаларды өздігінен әрекеттене білуге, ұқыптылыққа, ептілікке, шапшаңдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Бірдей үш үлкен қуыршақтар, киімдері (жеңіл сырмалы кеудеше, шалбар, шұлық), суреттер, т.б.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: қуыршақ, киіндіру, сыйымды, қонымды.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: – Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Шаттық шеңберін құрып, сәлемдесу:
Сәлем деймін күнге мен!
Сәлем деймін саған мен!
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға, баршаға!
Сәлем, сәлем, сәлем!
Балаларды өз орындарына дұрыстап отырғызу.
Балаларға түзету-дамыту жаттығуларын жасату:
Көзге арналған жаттығулар: көздерді оңға, солға, солдан оңға қарай қозғалту; көз қарашығын жоғарыға, одан төменге қарату; тез арада көзді жұмып-ашу.
Артикуляциялық жаттығулар: «Сағат» (тілді сүйірлеп алға сұғыну қажет. Тілді оң құлағына немесе сол құлағына қарай қимылдата жаттықтыру қажет). «Жылан» (ауызды кең ашу керек, тілді қатты сүйірлеп ауыз қуысында ішке салып бірнеше рет алға, артқа салып қайталау қажет).
Тыныс алу жаттығуы: желбағарды, сұйық сабын көпіршіктерін үрлеу.
Саусақтарға арналған жаттығу: екі қолдың саусақтарын бірдей ашып-жұму, алақандарды түйістіріп, саусақтарды айқастыру, екі қолдың саусақтарын бірдей сілку.
Балалардың дұрыс отыруларын қадағалау, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты қайталау:
– Балалар, өткен сабақта біз не өттік, қане есімізге түсірейікші?! Өткен сабақта біз «Киімдерді орнымен қолдану» тақырыбын өткенбіз. Күнделікті киетін бірнеше киім түрлерімен: кеудеше, шалбар, шұлықпен таныстық, оларды қалай орнымен қолдануды, денеміздің қай жеріне киетінін үйренген едік.
Киімдердің суреттерін жеке-жеке көрсетіп, тақтаға ілу, балаларды кезекпен тақтаға шығарып, аты аталған киім түрін суреттерден дұрыс тауып көрсетуді және ол киімді денесінің қай жеріне киетінін көрсетіп берулерін өтіну.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Балаларды жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру:
– Балалар, енді қуыршақты сендер киіндіресіңдер. (бірдей қуыршақтарды және екі қорапшаға салынған олардың киімдерін балаларға таратып беру).
Қуыршақтың киімдерін киіндіру барысында әр баламен жеке жұмыс жасау, балаға жекелей түсіндіріп көрсету керек, көмектесе отырып үйрету қажет.
IV. Сергіту жаттығуы: Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
1,2,3, жоғары қолды созамыз.
V. Пысықтау: «Кім жылдам» ойынын ойнату. Балалардың алдарына қуыршақтарды және олардың киімдері салынған қорапшаларды үлестіріп беру.
Алдарындағы қуыршақты балалар өздігінен жылдам киіндіре білулері тиіс (қорапшадағы киімдерді ретімен алып қуыршақтың тиісті дене бөлігіне кигізіп шығады).
Балалардан қуыршаққа бірінші қай киімді кигізгенін, екінші қандай киім кигізді, одан соң тағы қандай киімді қуыршаққа кигізгенін суреттерден дұрыс тауып көрсетуді және киімдерді қуыршақтың қай дене бөлігіне кигізгендерін көрсетіп берулерін өтіну.
VІ. Сөздік жұмыс: қуыршақ, киіндіру, сыйымды, қонымды.
VIІ. Қорытынды:
Балаларды мақтап, жасаған іс-әрекеттерін мадақтау, алғыс білдіру, балалармен қоштасу.
-80%
© 2017, Исмаилова Нурила Сапаралиевна 1323