СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Жан-жақты білімді, дарынды, талантты оқушыны қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой - танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын шет тілін оқыту процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі.
Нәтижеге бағытталған білім берудегі ағылшын тілін зерттеу мен оқытудың мәселелерін шешу үшін жаңа технологиялар жүйесін пайдалану, мен үшін өз сабақтарым тиімді болғанын байқадым. Жаңа технологияны қолдану кезеңдері оқып - үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту арқылы іске асатыны бәрімізге мәлім. Нәтижелі білім беру үшін қолданылатын технологиялармен бөлісуді жөн көрдім.
Ойын технологиясы – ойын технлогияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.
Проблемалы оқыту технологиясы – мұнда мен білімді дайын түрде баяндап бермеймін, оқушылардың алдына проблемалық міндет қоямын. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіреді. Нәтижеде оқушылардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасалады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - оқушылар менімен бірге, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңеді. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Ал мен — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы рөлін атқарамын.
Топтық технология - әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал мен әр баланың деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызамын. Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдері оқу сауаттылығы саласындағы арнайы дағдыларды дамыту, бағалау, мысалдарды талдау және мәселелерді табысты шешу үшін қажетті дағдылар мен стратегияларды анықтау, мәселелерді шешуді іздеу стратегияларын ұғынуға мүмкіндік туғызады. Мысалы: Оқушыларға К-W-L тапсырмасы арқылы сабақты ұйымдстырамын. К-W-L тапсырмасы арқылы алдына қойылған мақсатты сипаттаймын. Оқушылардан тақырып туралы бұрын не білетінін және тағы нені білгілері келетінін ойлауға мүмкіндік беремін. Бұл стратегия оқушының қызығушылық деңгейін жоғарылатады. Уақытты үнемдейтін тапсырма.
Мемлекеттік стандартқа сай, 3 - 4 сыныптарда, аптасына бір сағат есебімен ағылшын тілін окыту барысында, өз тәжірибемде В.В Коваленконың «Ойын арқылы оқыту» және В.Выготскийдің «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын колданамын. Сабақта ойын түрлерін қолдану оқушылардың жұмысқа құлшынысын тудырып, баланың бойында ұжымдық сезімді калыптастыруға, сабақты жақсы түсініп, тез кабылдауына, миының шамадан тыс шаршамай еріксіз есте сақтауына, сабактың әсерлі нақышта болуына көмегі зор. Сонымен бірге, осы жастағы балалардың әдемі, кызықты заттарға назар аударуы мен қызығушылығы мол болып, қабылдауы берік болатындығы дәлелденген.Сондықтан да тілді бастауыш сыныптан бастап үйретудің тиімділігі, окушыларды осы жас шамасында ойын, козғалыс, музыка және көрнекілікті кеңінен колдану аркылы олардың тапсырманы орындауға деген белсенділігі мен табиғи икемділік қабілеттерін қолдана отырып, тілді үйренуін жеңілдетеді.
Сергіту сәті. Сабақ арасында оқушылар тез шаршайтынын білеміз, сондықтан сабақ ортасында оқушыларды бір рет сергітіп аламын. Оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру бөлімінде «Шаттық шеңберін» құрып, балалар бір-біріне жылы лебіздер айта отырып, сөз алмасу арқылы ой-пікірлерін бөліседі, дербес әрекет етуге дағдыланады, бет-әлпеті, қимыл-қозғалысы, ым- ишара арқылы көңіл - күйін байқатуға үйренеді. Сергіту сәті балалардың танымдық және тәжірибелік белсенділігін арттырудың аса маңызды құралы болып табылады деп ойлаймын.
Оқу-тәрбие үдерісінде белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады. Оқу-тәрбие үдерісінде «Ойлан, жұптас, бөліс», «Фишбоун», «Кластер», «Фрейер моделі» және т.б. белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданамын.
«Фишбоун» әдісінде проблеманы шешу үшін балықтың бас қаңқасына проблеманы, қабырғаларына себептер мен дәлелдерді, құйрығына қорытындыны жазып, осы модель арқылы мәтінді оқушылармен бірге оңай талқылаймыз.
«Фрейер моделі» бойынша мысалы зат есімді толық түсіну үшін ереже, салыстыру, мысал мен сұрақтар арқылы мақсатымызға жетеміз.
Сонымен қатар мен үшін нәтижеге бағытталған білім берудегі ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы сабақ соңында жасалатын рефлексия. Оқушылардың ой - өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен білімін толықтыруы мен өзін - өзі дамытуды қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз жүзеге асуы мүмкін емес. Рефлексияны сабақтың соңында, әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында өткіземін. Рефлексия арқылы оқушылардың ойын біле отырып, сабақ жоспарын құру оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Мен оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысамын.
Сабақты бекітуге және үй тапсырмасына қолдануға болатын әдістер аз емес, мысалы: ыстық орындық, оңай және қиын сұрақтар кестесі, галереяға саяхат, бес бармақ, баспалдақ, синквейн және т.б.
Қорыта келе менің ойымша, оқушылар бүгінгі күні шығармашылық тапсырмаларды орындауды табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Метатәжірибе өз кезегінде басқа тәжірибелер қалыптастыратын дәйектерді, әрекеттер мен байланыстарды өзгертеді. Басқаша айтқанда, тәжірибені өзгерту - істеп жатқан ісімізді өзгерту, түсінікті өзгерту - бұл біз қалай ойлайтынымызды өзгерту, жағдайды өзгерту - бір-бірімізге деген қарым-қатынасымызды өзгерту дегенді білдіреді деп баяндамамды аяқтағым келеді.
© 2018, Турабаева Бахыт Базаровна 797