СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Латын әліпбиі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының үкіметі:Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын; қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін; осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелсін. 4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – деп ҚР президентінің жарлығында жазылған деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Бұдан бір күн бұрын мемлекет басшысы президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдаған кезде латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өткен болатын. «Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр», – деді президенті Еске салар болсақ, қазақ тілінің латын әліпбиі жобасы 25 қыркүйек күні парламент мәжілісінде таныстырылған еді. Осыған байланысты параламент тыңдалымы ұйымдастырылып, оған барлық мүдделі тараптар қатысқан болатын. Отырысты ашқан төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин латын әліпбиіне көшу мәселесінде ешқандай қателік болмауы керек екендігін, бірақ та мұны іске асыру қарқынды жүретінін айтты. Оның айтуынша, латын әрпіне негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиі бірнеше жыл бойына әзірленген. Енді қате жібермес үшін әр әріпті, әр белгіні және таңбаны терең сараптау қажет.

Категория: Всем учителям
01.03.2018 10:38


Рекомендуем курсы ПК и ПП