СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Мақсаты: тыңдаушыларды тілдік ортаға бойлау әдісінің негізгі ерекшеліктері және оқу үдерісін ұйымдастыру жолдарымен таныстыру. Туындаған сұрақтарға жауап беру.
Барысы:
Тілдік ортаға бойлау сыныптар жайлы алған әсерлеріңіздің үшеуін жазыңыздар.
Тілдік ортаға енгізу әдісінің ерекшелігі:
- оқушыларды мәжбүрлемей, қазақ тілді үйренуге психологиялық жағымды,
қолайлы орта құру арқылы оқыту;
- оқушылардың сөздік қорына қоршаған ортадағы қарапайым зат атауларын
енгізе отырып, оларды күнделікті қолдануына жағдай жасау;
- оқушыларға қолдау көрсету, табысқа жетуіне сенімділігін арттыру.
Таңертеңгілік шаттық шеңберінің құрылымы
Таңертеңгілік шаттық шеңбері балалардың жағымды эмоциялық көңіл-күйін
көтереді, білім алуға ынталандырады. Оқушылар арасында сәлемдесу түрлерін, қызықты ойын-жаттығулар орындауға болады. Мысалы, «Үлкен адамдармен қалай сәлемдесуге болады, солай бір-біріңмен сәлемдесіңдер». «Ал достарыңмен қалай сәлемдесесіңдер?». «Енді жақын достар болып сәлемдесіңдер». Оқушылар шеңбер ішінде еркін қозғалып бір-бірімен сәлемдесіп, қал-жағдай сұрасады.
Оқушылармен бүгінгі күн ауа райы туралы әңгімелесіп, ауа райы күнтізбесін
толтыру, т.с.с. түрлендіріп жүргізу ұсынылады.
«Эмоциялар» жаттығуы
Шарты: Қатысушылар қабырғадағы эмоциялар салынған суреттердің ішінен біреуін таңдап алып, бұны неліктен алғанын айтады.
Тілдік ортаға енгізу әдісі қосымша тілді күнделікті тұрмыста қолдану мен тиімді қарым-қатынас жасау мақсатын көздейді. Бірінші кезең таңертеңгілік таңғы шеңберінен басталады. Сондықтан таңертең келген баланың көңіліне назар аударудың осы кезеңде маңызы зор. Өйткені бала қандай көңілде сабаққа кіріссе, жасайтын әрекеті де, сабаққа деген қызығушылығы да сондай болады.
«Тамаша», «Табиғи құбылыстар», «Таңғы шеңбер», «Қайтала», «Қонжықты киіндіру», «Танысу». (ойын түрлерінің біреуін өткізуге болады)
Мұғалім тарапынан жүйелі жұмыс пен асқан табандылық талап етіледі.
Мұғалімдер:
- тілді меңгерту барысында бірізділікті ұстану, сөздерді қайталау және түрлі контекстерде қолдануы;
- оқушы бойында екі тілге де жағымды көзқарас қалыптастыруы;
- оқушылар ойын арқылы тілді тез меңгеретінін ескеріп, түрлі үлгідегі қызықты ойындарды қолдануы;
- тілді оқыту түрлі іс-әрекет түрлерінен (қозғалыс, ән салу, қолөнер, күнделікті іс-әрекет, қазақ тілінде өткізілетін сыныптан тыс шаралар) құрылуы;
- оқыту тиімді болуы үшін жағымды орта, оқушының сезім мүшелеріне әсері, сабақта көрнекі құралдар, ым-ишара, дауыс екпінін, музыка және ырғақты дұрыс қолдануы;
- өз нұсқауларын жақсы ойланып құруы тиіс, қажет жағдайда түсіндіруі, оқушылардың қатесін қате деп бағаламай, дұрыс нұсқасын айту және көрсетуі;
- сабақ өтетін бөлме «тілдік зертханаға» айналуы тиіс, оқушылар алдында заттық және тақырыптық сөздік суреттері, жұмыс бұрыштары мен қажетті құралдар атаулары жазылуын қадағалауы;
- оқушының қазақ тілін меңгеруін үнемі бақылайды және қажет жағдайда логопед немесе басқа да мамандар көмегімен жеке оқыту жолдарын да қарастыруы;
- сабақ барысында «бір педагог - бір тіл» қағидасын ұстануға міндетті екенін ескеруі тиіс.
Пәнаралық байланыс
Дене шынықтыру, өнер (музыка), информатика, т.б. пән мұғалімдері бастауыш сынып мұғалімімен бірлесе ортақ тақырып бойынша жылдық, айлық және апталық оқу жоспарында меңгерілетін лексиканы белгілеп алуы тиіс. Үш бөлімнен тұратын кесте
жасалады (іс-әрекет түрлері, сөздік қор және күтілетін сөйлеу дағдылары). Мұғалімдер балаларға үйретілетін бір апталық сөздік қорды белгілейді (терминдерді, нұсқауларды, жиі қолданылатын сөздерді). Бұл кесте пән мұғалімдеріне оқушылардың тіл дамыту жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дене шынықтыру, өнер, информатика пәндері кіріктірілген сабақтар түрінде өткізуге кеңес беріледі. Пән мұғалімдерінің дикциясы анық болу керек. Балалар жақсы қабылдауы үшін асықпай сөйлейді.
Топтарға ортақ тақырып беріледі. «Менің отбасым және достарым» бөлімі.
Әр топ түрлі пәндерге бөлініп, бөлім бойынша өз пәніне қатысты сабақ үзіндісін құрастырады.
Тілдік ортаға енгізу оқу кабинетін ұйымдастыру
Тілдік ортаны құру:
- алфавит кестесі;
- сыныптағы түрлі заттарға олардың атауларының жазылуы;
- жаңа сөздер кестесі;
- сабақ тақырыбына қатысты суреттер мен сөздер кестесі;
- ауа райын белгілеуге арналған күнтізбе;
- ертеңгілік хабарлама, хабарландырулар;
- қысқа сөйлемдер жазылған постерлер (жауаптары жазылған парақтар);
- ұжымдық шығармалар, өтілген материал бойынша есебі;
- атаулы даталар мен оқиғаларға қатысты суреттер;
- түрлі тақырыптағы кітаптар және көркем әдебиет;
- арнайы оқу орталықтары;
- оқиға, өлең, тақпақтарға қатысты сөздер мен иллюстрациялар;
- бейнелеу және қолеңбек бұрышы;
- тақырыпты толықтыратын материалдар мен нақты заттар;
- ертегілер, ән-күйлер, қазақ халық музыкасы жазылған дискілер
© 2017, Абитчанова Гульзада Закировна 932